(қарқынды) жəне бəсең (баяу). 1 -кезеңде бір минут ішінде 120 мл сілекей
кебек сияқты азықтармен жемдегенде үдемелі секреция кезеңі 2-2,5 сағатқа
178
көлемді азықтармен азықтандырғанда тəулігіне 40-50 л сілекей бөледі.
Сілекейді не оң жақта, не сол жақта орналасқан бездер кезектесіп бөліп
отырады. Егер азық оң жақпен шайналса, дененің оң жағындағы бездердің
қызметі күшейіп, сол жағындағы бездердің жұмысы тежеледі. Азық сол
жақпен шайналғанда дененің сол жағындағы бездердің əрекеті күшейеді.
Жылқының бұғақ бездері сілекейді тоқтаусыз бөледі. Олардың қызметі
түрлі механикалық жəне химиялық тітіркендіргіштердің ауыздың сілекейлі
қабығына əсерінен күшейеді. Құрғақ, не ұнтақталған азықтар да бұл без үшін
күшті тітіркендіргіш.
Ауыз қуысындағы азықты шылауда шықшыт безі де үлкен рөл атқарады.
Бұл безден бөлінетін сілекейдің мөлшері мен қасиеті берілген азықтың
құрамына қарай өзгереді. Пішен мен ұнтақталған азықтар сілекей бездерінің
əрекетін күшейтеді. Қуырылған, тұз, не ашытқы қосылған азықтар да сілекей
бөлуді жандандырады. Мұндай арнаулы өңдеуден өткен азықтардан
бөлінетін сірке жəне сүт қышқылы, ашытылған азық құрамындағы қанттар
ауыз қуысындағы жүйке ұштарын тітіркендіріп, сілекей бездерінің əрекетін
жандандырады.
Азықтандыру кезінде бөлінетін сілекейдің мөлшері малдың суарылуына
да байланысты. Жылқыға суара салысымен сұлы берсе, 50 г азыққа 60-65 мл
сілекей бөлінеді. Ал сол азықты су ішкеннен соң 20 минуттан кейін берсе,
бөлінген сілекей мөлшері 70-80 мл жетеді (Н.В.Курилов, А.П.Кроткова).
Демек, азық қорыту процесі дұрыс жүру үшін жылқыны азықтандырудан
кемінде 20 минут бұрын суарып алған жөн.
Күйісті мал сілекейінің беттік керілісі өте төмен, ол сумен
салыстырғанда 1,5 есе аз. Осыған байланысты мес қарын мен жұмыршақта
жын көпіршіктенбейді. Беттік керілістің төмендігі бактериялардың кейбір
түрлерінің өсіп-өнуін тоқтатып, қарындағы микроорганизмдердің түрлік
құрамын реттеуге жағдай туғызатын фактордың бірі. Сілекейдің (əсіресе
шықшыт безі сілекейінің) сутектік көрсеткіші жоғары (рН-8,1), сондықтан
оған буферлік қасиет тəн. Сілекей құрамындағы бикарбонаттар мен
фосфаттардың мөлшеріне байланысты қалыптасатын бұл қасиеттің
қарындағы ашу процесі барысында бөлінетін қышқылдарды бейтараптауда
маңызы зор.
Күйіс малы сілекейінің құрамында тəулігіне 86 мг аскорбин қышқылы (С
дəрмендəрісі)
бөлінеді.
Аскорбин
қышқылы
селбес
(симбионт)
микробтардың өсіп-өнуіне жағдай туғызып, ауру өршітетін микробтардың
көбеюін тежейді.
Сілекейді толассыз бөлетін бездердің (шықшыт безі, ауыз қуысындағы
майда бездер) сілекейі құрамымен ерекшеленеді. Оның осмостық қысымы
қан қысымымен бірдей, құрамында су молырақ, муцин болмайды, бұғақ жəне
алқым бездерінің сілекейімен салыстырғанда несепнəр, натрий, НСО
3
–
,
НРО
4
2–
иондары көбірек (21-таблица).