Жануар физол


 Бұлшық ет жұмысы жəне еттің қажуы



Pdf көрінісі
бет367/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

15.6. Бұлшық ет жұмысы жəне еттің қажуы 

 

Бұлшық

  ет  күші. Еттің  жиырылу  дəрежесі  тітіркендіргіш  күшіне,  еттің 

өзінің  морфологиялық  ерекшеліктеріне  жəне  физиологиялық  күйіне 




 

491


байланысты.  Ұзын  бұлшық  еттер  келте  еттермен  салыстырғанда  көбірек 

қысқарады. 

Еттің жиырылу күші оның созылу деңгейімен байланысты өзгереді. Еттің 

аз  шамада  созылуы  серпінділік  компонеттерін  ширықтырып,  жиырылу 

күшін  арттырады.  Ал,  ет  шамадан  тыс  созылса,  оның  жиырылу  күші 

əлсірейді. Оның себебі ет күшті созылғанда актин мен миозин жіпшелерінің 

жанасу аймағы азайып, оларды қосатын өсінділер саны кемиді. 

Еттің  күшін  изометриялық  жиырылу  кезінде  олардың  максимальды 

ширығу  мүмкіндігімен,  немесе  көтерген  жүгінің  салмағымен  анықтайды. 

Еттің  күші  оның  қалыңдығына  емес  физиологиялық  көлденең  енінің 

(талшықтар 

бағытына 

перпендикуляр 

қиындысының) 

мөлшеріне 

байланысты.  Таранды  жəне  жартылай  таранды  еттер  күштірек  болады  да, 

бүйірлі еттер одан əлсіздеу, ал талшықтары параллель орналасқан еттер өте 

əлсіз  келеді  (175-сурет).  Бұлшық  еттің  изометриялық  жиырылу  кезінде 

барлық ет талшықтарының қатысуымен дамытқан ширығу (кернеу) деңгейін 

еттің максимальды күші деп атайды. 

Еттің  максимальды  күші оның  құрамына  енетін  талшықтардың  санына, 

жуандығына  байланысты.  Бұл  көрсеткіштер  еттің  анатомиялық  көлденең 

енін  құрайды.  Еттің  максимальды  күшінің  оның  анатомиялық  көлденең 

еніне  қатынасын  еттің  салыстырмалы  күші  деп  атайды.  Ол  кг/см

2

 

өлшемімен 



бағаланады. 

Ал 


еттің 

максимальды 

күшінің 

оның 


физиологиялық  көлденең  еніне  қатынасын  еттің  абсолюттік  күші  дейді. 

Жұмыс барасында еттің көлденең ені үлкейеді де, оның күші арта түседі. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

175-сурет. Талшықтары əр түрлі бағытта орналасқан еттердің анатомиялық 

(а-а) жəне физиологиялық (б-б) көлденең ені: 

А – талшықтары қатар (параллель) орналасқан, Б – сыңар таранды, В – қос 

таранды, Г – көп таранды еттер. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет