79
Екінші түйін де оң жақ жүрекшенің қабырғасында, эпикард астында,
жүрекше мен қарынша арасындағы сіңірлі сақинаға жақын орналасқан. Ол
жүрекше-қарыншалық, немесе Ашофф-Тавар түйіні. Бұл түйіннен төмендей
қарынша аралық пердеге келіп тірелетін ет шоғырын Гис шоғыры деп
атайды. Гис шоғыры екіге тарамданып, Гис сабақтарын түзеді де, қарынша
пердесінің бойымен таралып, еміздікше еттерге тіреледі. Одан əрі əр
қарыншада Гис сабақтары тарамдалып, Пуркинье талшықтарына айналады
да, бүкіл қарынша еттеріне жайылады. Олардың жиырылуындағы үйлесімдік
осы өткізгіш жүйе арқылы ғана қалыптасады, өйткені жүрекшелер мен
қарыншалардың арасын тікелей байланыстыратын ет талшығы жоқ.
Кейінгі кезде жүректегі қабырғалық (интрамуральдық) жүйке
түйіндерінің құрылысы мен қызметіне ерекше көңіл бөлініп жүр. Бұл
түйіндер ең алғаш рет 1838 жылы Ремак еңбектерінде, кейінірек Людвиг
(1848), Биддер (1852), Догель (1895) зерттеулерінде суреттелген. Олар
жүрекше қабырғаларында, жүрекше аралық пердеде жəне қарынша еттерінің
жоғарғы бөлігіндеорналасқан. Бұл түйіндер кезеген жүйкемен тығыз
байланысты жəне қозғағыш, не сезімталдық қызмет атқарады. Догель
зерттеулеріне сəйкес бұл түйіндер үш түрлі торшалардан құралған: біріншісі
– көп өсінділі торшалар, олар миокардқа ене жатып, қозғағыш қызмет
атқарады. Екіншісі - сезімталдық қызмет атқаратын ірі нейрондар. Үшіншісі -
осылардың
аралық
қасиеттерімен
сипатталатын
байланыстырушы
торшалар. Демек, жүректе бірімен-бірі синапс арқылы байланысатын жүйке
торшаларынан құрылған ерекше жүйке аппараты болады. Бұл нейрондардың
өсінділері тек миокардты ғана емес, сонымен қатар жүрек қан тамырларын
жүйкелендіреді. Осы аталған жүйке түйіндері организмнен оқшауланған,
немесе жүйкелену жағдайы бұзылған жүректің жұмысын реттеуде үлкен рөл
атқарады.
17-
сурет. Жүректің өткізгіш
жүйесі:
1,2- алдыңғы жəне артқы қуыс
веналар;
3-
оң
жүрекше
құлақшасы; 4- Кис-Фляк (синус)
түйіні; 5- Ашофф-Тавар түйіні;
6- Гис шоғыры; 7, 8- оң жəне
сол
Гис
сабақтары;
9
—
еміздікше еттер; 10
, 11 — оң
жəне сол жүрекшелер; 12, 13 —
оң жəне сол қарыншалар.