376
5.12 Атаққұмарлық пайдалы ма?
Атаққұмарлық деген жеке алып қарағанда, мүмкін кемістік болар, бірақ
оның рақымшылдық көзі болатыны да жиі кездеседі.
Марк Квинтилиан.
Атаққұмарлық дегенде, қандай да болмасын, тіпті арзан
даңққа құмар, соған жету үшін еш нәрседен тайынбайтын, жи-
ренбейтін безбүйрек жандар ауызға алынады.
Спиноза: «Атаққұмарлық дегеніміз – шамадан тыс даңқын
асырғысы келу» деп бекер айтпаған.
«Жер үстінде адам неге ие болса да (тамаша денсаулық және
өмірдің барлық игілігі), егер адамдардың сый-құрметіне бөлен-
бесе, ол бәрібір өзіне-өзі риза болмайды. Адамның ақыл-пара-
сатына жаны құмарлығы соншалық, адамдардың көңілінен шық-
пағанша көңілі көншімеді» деп жазды Паскаль.
Шығармашылық қызметті, соның ішінде ғылыми қызметті
зерттейтін психологтар сол қызметтердің ең маңызды дем
берушісінің бірі деп санайды, себебі атаққұмарлықтың өзі жігер,
ынта шақыратын әрекет секілді.
Адам өміріндегі атаққұмарлықтың орны жылдар өте келе
өзгереді. Мәселен, жасөспірімдер үшін ақиқат шындық, про-
гресс, адамның бақыты деген түсініктер дерексіз әңгімедей есті-
леді, бірақ бұл олардың шығармашылық белсенді әрекеттеріне
себепші бола алмайды. Ал өзімен қатарлас құрбыларының кү-
лімдеп қарауы, мұғалімнің мақұлдау сөздері, ата-анасының мақ-
тауы, т.б. осылар атаққұмарлыққа түрткі болады.
Жарқырап көзге түсу мансапқорлықты қоздырады, ал ман-
сапқорлық рухты немесе бізге рухтандырарлықтай болып көрі-
нетінді тез көтереді. Мансапқорлыққа еліккен адамдарды ақыл-
дың тоқтатуға шамасы келмейді, сондықтан ол қай жерде жеңіл-
мейтін күш болса, соған қарай бой ұрады, ол енді мұнан әрі өзінің
қоғамдағы орнын таңдамайды, ал мұны оқиға мен қиял шешеді.
Белгілі бір мамандықтағы мансапқорлық ойламаған жерден
рух көтермейді. Мүмкін, біз бұл мамандықты өз қиялымызбен
түрлендіріп қойған болармыз, тіпті оны бояғанымыз соншалық,
ол өмірдің беруге шамасы жетерлік ең жоғары игілігіне айналып
377
кетуі де ғажап емес. Біз бұл мамандықты ойша бөліп, бөлшектеп
қарамадық, оның бізге таңатын ұлы жауапкершілігінің бүкіл
салмағын өлшемедік, біз оны тек алыстан ғана қарадық, ал
қашықтық алдамшы.
Түсіндірме сөздіктерде «мансап» сөзі «қызмет, ғылым және
басқа да іс-әрекет саласында табысты түрде алға басу» деп тү-
сіндіріледі. Біздің қоғамда мансаптың басты қозғалтқышы
талант, білім, тәжірибе, адал ниеттілік, іске берілгендік болып
табылады. Сондықтан адамның қызмет бабында табысты түрде
алға басуына, өз іс-әрекетінің шыңына шығуына моральдық
құқығы бар.
Атаққұмарлық пен мансап тек басшыларға, шығармашыл
адамдарға ғана қатысты емес. Айталық, бір слесарь еш уақытта
шебер де, учаске бастығы да бола алмайды, бірақ «мансап»
деген түсінік ол үшін ештеме емес деп айтуға бола ма? Әрине,
болмайды. Оның да ең жоғары биікке жетуге болатын жері,
орны бар. Оның лауазымдық болмаса да, мамандық, қоғамдық
жағынан өсу, көтерілу мүмкіндігі бар. Оған өз ісінің шебері,
тіпті атақты шебер болуына жол ашық. Есімдері құрметпен
аталатын мыңдаған жұмысшылар іштей ғана қанағаттанғандық
сезіммен және заңды мақтанышпен: «Иә, мен өз еңбек жолымда
көп нәрсеге жеттім» деп айта алады. Мүмкін, олар мансап
туралы тіпті ойламайтын да болар, бірақ табыс оларға күш сала
еңбек етуіне тартылған сый ретінде өзінен-өзі келеді. Атақ-
құмарлық сезімі таза болған жағдайда әрбір адам жақсы болуға
талпынады. Жарыс белгілі бір жағдайда осыған сүйенеді.
Пекелис В. «Адам қабілетінің қайнары». – Алматы: Қайнар, 1982.
Достарыңызбен бөлісу: