Егер сіз 16-23 балл жинасаңыз – онда нашар әңгімелесу-
шісіз. Сізге көп оқып, көп жұмыс істеп, келіссөздер жүргізуді
үйрену керек.
Егер 9-15 балл жинасаңыз – онда сізге біраз кемшіліктер
тән. Сіз айтылған пікірлерге сын көзбен қарайсыз, сізге жақсы
әңгімешіге тән біраз қасиеттер жетіспейді; асығыс пікір түюден
аулақ болыңыз; әңгіменің қалай айтылғанына емес, мазмұнына
көбірек көңіл бөліңіз; айтылған нәрсенің астарында не сыр жат-
қанын білуге тырысыңыз; әңгіме кезінде көбірек икемділік көр-
сетіңіз, әріптесіңізбен санасуға үйреніңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |