Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет44/184
Дата31.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#23118
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   184
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

Практикалық ойлаудың жетекші іс-әрекетіндегі 

негізгі қасиеттері 

 

Ойлаудың жетекші іс-әрекетіндегі негізгі қасиеттерінің ішін-



де мыналар басты болып табылады. 

Жүзеге асыруға бағытталу. Ойлау процесінің түпкілікті мақ-

саты  –  «жалғыз  ғана  дұрыс»  жауаптың  өзін  емес,  нақты  жағ-

дайды  жеңу  үшін  жеткілікті  болып  табылатын  шешімді  табу. 

Жүзеге  асушылық  қасиетке  ие  шешім  практикалық  ойлау 

процесінің нәтижесі болуға тиіс. 

Мотивация  –  өте  өзгеше  болғанымен,  әлдеқайда  жалпы  қа-

сиеттің,  яғни  жүзеге  асушылықтың  аспектілерінің  бірі.  Жетек-

шінің  шешімдері  атқарушылармен  жүзеге  асырылады,  сон-

дықтан  тиімді  жүзеге  асу  үшін  бұл  шешімдер  өз  бойында  «мо-

тивация  зарядын»  алып  жүруге,  қарамағындағыларды  осыны 

жүзеге  асыруға  мотивациялауға  тиіс.  Бұл  үшін  олар  түсінікті, 

әділетті және негізделген болуы керек, атқарушының да, жоғары 

тұрған басшылықтың да мүдделері мен мақсаттарына сай болуы 

қажет [51]. 

Жекеленушілік.  Жетекшінің  кәсіби  тәжірибесі  кез  келген 

ақпараттың  шынайылық  дәрежесін  бағалау  көрсеткіші  болып 

табылады.  Ол  әрқалай  жинақталады  және  жетекшінің  тұлғалық 

сапаларына байланысты әртүрлі формада болады. Өз пікірі мен 

шешімдерін  объективтендіруге  тырыспау  жетекші  ойлауының 

жекеленуінің  (аса  жоғары  деңгейінің)  өзіндік  байқалуы  болып 

табылады.  Бұл  процестердің  де,  нәтижелердің  де  әлдеқайда 

жекеленген сипатталуына соқтырады. 

Жетекші  ойлауындағы  өзіндік  емес  мотивацияның  басым-

дығы.  Мотивация  негізгі  екі  түрде  болады.  Өзіндік  мотивация, 



116 

 

ойлаудың  белгісізді  іздеу  процесінің  өзіне  қызығушылықпен 



оянатынында,  ал  өзіндік  емес  болса  –  ойланудың  сыртқы  мо-

тивтермен оянатынында. 

Жетекші  ойлауының  «бағаланымдығы»  оның  мәселелерінің 

практикалық  бағытталуымен  және  прагматикалылығымен 

байланысқан. Егер бағалау ойлаудан озып кетсе, бұл фактілерді 

сезінудегі  біржақтылыққа  және  осы  бағаға  сай  келмейтіндерді 

жоққа шығаруға соқтыруы мүмкін. 

Ойлау  объектісінің  «бейімділігі»  –  практикалық  ойлаудың 

аса  қызықты  қасиеті.  Теориялық  ойлауда  адамның  қолдануына 

тура  келетін  объектілер,  мәліметтердің  бүкіл  жүйесі  өзгеруге 

жатпайды, ал жетекші ойлауының объектісі – адамдар, жағдай-

лар  өзгере,  түрлене  алады  және  солай  болуға  тиіс.  Шешім  та-

будың басты жолы, міне, осында. Басқару теориясында «бейім-

ділік»  ұғымына  ұқсас  «басқарылу  шамасы»  деген  түсінік  бар  

(К.  Дункер).  Басқарудың  әртүрлі  компоненттерінің  бейімділік 

дәрежесін  білу  және  оларды  пайдалану  шеберлігі  –  жетекшінің 

практикалық ойлауының маңызды сипаты. 

Практикалық  ойлаудың  тұтастай  және  жетекші  ойлауының 

«антиномикалылығы».  Басқарулық  іс-әрекетте  қарама-қайшы-

лықтар  үнемі  болып  тұрады,  бұл  мәселені  шешудегі  мүлде 

қарама-қарсы  түсініктерге  соқтырады  (мысалы,  «табысты  мак-

сималдандыру – шығындарды минимумдау», т.с.с.). Басқарудың 

көптеген  жағдайлары  өздерінің  күрделілігіне  және  қарама-

қайшылығына байланысты, олардың тек тиімді, қисынды ойлау 

арқылы шешілуіне жол бермейді. 

Ойлаудың  «антиномикалылығы»  –  бұл  антиномикалықтың, 

басқару  жағдайларындағы  объективті  қарама-қайшылықтың 

салдары,  ал  олардан  шыға  білу  қабілеті  –  жетекші  ойлауы- 

ның  маңызды  сапасы.  Антиномияны  түсірудің  ерекше  тәсілін  

А.  Планкетт  пен  Г.  Хейл  «синергетикалық  балама»  ерекше  құ-

былыс  ретінде  сипаттады.  Бұл  –  жағдайдан  шығудың  бастапқы 

қарама-қайшылықты  жойып  қана  қоймай,  оларды  бірін-бірі 

жеңуге мәжбүрлейтін вариантын табу [21, 22, 23]. 

Интуиция проблемасы – ойлау психологиясының ең күрделі 

проблемасы. Оны сипаттайтын ерекшеліктер: айқындылық, өзіндік 

шешімдердің  күрделі  бастапқы  жағдайлармен  сабақтастықтағы 




117 

 

қарапайымдылығы,  шешім  табу  процесінің  лездігі,  саналанбау-



шылығы.  Интуиция  ойлау  процесінің  ерекшеліктерімен  ғана 

емес,  әлдеқайда  жалпы  зерделік  қабілеттермен  және  механизм-

дермен байланысқан. 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет