Сараптық билікнемесе талдау билігі – бұл жетекшіге са-
налы сенім арқылы билік (басшыға сену, басшының қолынан
бәрі келетініне сену). Атқарушылар көбінесе жетекші ұйым мақ-
саттарын жүзеге асырады деп есептейді, өйткені кәсіби шебер-
ліктің жоғары дәрежесіне ие. Сондықтан оған сену және бағыну
керек. Бұл билік басқарудың орталықтандырылмаған жүйеле-
рінде әлдеқайда мәнді. Оның кемшілігі – сенімділіктің, күштің
және тұрақтылықтың кемдігі. Сонымен қатар ол жетекшілердің
барлығына бірдей қолжетімді емес, көбінесе «кері белгімен»
жұмыс жасайды.
Харизматикалық билік немесе өнеге билігі – мысал (үлгі) би-
лігі. Ол саналы сенім мен қисынға емес, дәстүрге және көшбас-
шының жеке сапаларының күшіне негізделген. Бұл қызметтік
емес, тұлғалық ықпал. Харизматикалық тұлғаның төмендегідей
типтік сапалары атап көрсетіледі [35]:
– өз энергиясымен қоршағандарды зарядтау (энергиямен
алмасу);
– күшті сырт типі – көбінесе санадан төмен деңгейде бо-
латын әдеттен тыс айқын сапалар;
– мінездің тәуелсіздігі;
– шешендік қабілеттілік;
– өз тұлғасына таң қалуды қабылдау (олар өздерін басқалар
шын мәнінде бағалаған кезде ғана жайлы сезінеді);
– өзін сенімді және текті ұстау мәнері.
Харизматикалық биліктің жақын ұғымдары әлдеқайда жал-
пы «эталондық билік» ұғымымен біріктірілген.
Заңды (дәстүрлі) билік. Жетекші оның мәртебесінде заңды
бекітілген, атқарушыларға әсер етудің құқықтық, өндірістік ті-
ректер жүйесіне ие. Жетекшілер мен қарамағындағылар ара-
сындағы өзіндік «келісімге» сай биліктік қарым-қатынас ор-
найды.
Ақпарат билігі. Жетекші, әдетте, қарамағындағыларға қара-
ғанда көбірек ақпаратқа ие, сондықтан тиімді мінез-құлық үшін
объективті үлкен мүмкіндіктері бар. Басқалардың алдында бұл
оның биліктік шамасын арттырады, оның сараптық және эталон-
дық билігін күшейтеді. Кім ақпаратқа ие болса, сол жағдайды
бақылайды.
201
Жетекші іс-әрекетінде, әдетте, биліктің қарастырылған бар-
лық формалары сабақтасады. Оның аса маңызды кәсіби сапасы
– осы формаларға кешенді сүйену және оларды жағдайға бай-
ланысты «дозалау». Осы сапаның өзі интегралдық басқару түзі-
лімінің жетекші беделінің қалыптасу негізі қызметін атқарады.
Бедел тек жетекшінің биліктік өкілеттері мен тұлғалық сапа-
ларының қорытылған, интегративтік байқалуы ретінде ғана
емес, жетекші мен атқарушылардың ұзақ уақыт бірлесе істеуінің
өнімі болып табылады. Сондықтан жетекшінің беделді қалып-
тастыру мен күшейтуге бағытталған мінез-құлық тәсілдері бас-
қару іс-әрекетінің маңызды жағы және реттеуіші болып табы-
лады.
Арақашықтық бедел. Жетекші өзімен және қарамағында-
ғылармен арадағы арақашықтық неғұрлым үлкен болса, оларға
ықпал ету соғұрлым күштірек болады деп есептейді.
Мейірімділік немесе кішіпейілділік беделі. Қарамағындағы-
лармен мұқият қарым-қатынастың мәнін жалған түсіну (басқаға
жақсылық жасайды). Бұл бедел оларға деген төмен талап қоюға
негізделеді.
Сатып алу немесе сыбайластық беделі. Қарым-қатынас «сен
маған – мен саған» принципі бойынша орнайды (сен маған жақ-
сылық жаса, мен саған жасаймын). Іскерлік қарым-қатынас же-
келікке айналады, жеке берілу формасын қабылдайды.
Резонерстік бедел. Жетекші көңілсіз оқыту мен үздіксіз ақыл
айту оның адамдарға деген ықпалын күшейтеді деп есептейді.
Достарыңызбен бөлісу: |