Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019 МазМұны Кіріспе



Pdf көрінісі
бет178/636
Дата31.12.2021
өлшемі24,3 Mb.
#23298
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   636
Байланысты:
Бизнес-жоспар үлгілері

Аяқ киім қалыптары
Мақсатына байланысты аяқ киім қалыптары келесілерге бөлінеді:
• негізгі – созылмалы;
• қосалқы – тегістегіш, өңделетін.
Созылмалы аяқ киім қалыптарының негізгі мақсаты әзірлемеге қажетті пішін беру мақсатында оны қалыптастыруды 
қамтамасыз ету болып табылады, ал қосалқы қалыптар технологиялық үрдістің кейбір операцияларында қолданылады, 
жекелеп алғанда, табандарды тегістеуге арналған тегістегіш қалыптар, ал олардың өңделетін баламалары, тиісінше, аяқ 
киімді өңдеу және болжамды зақымдалуынан сақтау үшін.
Құрастырмалы аяқ киім қалыптары принципиалды айырмашылықтарға ие және қалыптастыру тәсіліне және дайында-
латын аяқ киімнің түріне байланысты қолданылады, жекелеп алғанда:
• тұтас,
• ашылмалы,
• біріктірілген,
• кесілген сынасымен.
Бұдан басқа, аяқ киім қалыптарын өндіру үшін темір, ағаш, пластмасса және аралас модификациялар түріндегі әртүр-
лі материалдар қолданылады. Аяқ киім өндіру технологиясы аяқ киім қалыптарының параметрлерін таңдау барысын-
да  табанның  3  негізгі  учаскесін  бөлумен  төменгі  сүйектердің  анатомиялық-физиологиялық  құрылысы  міндетті  түрде 
ескерілетін болатынын көздейді:
1. Саусақ – тұмсық бөлімі;
2. Табан – жіліншік;
3. Табаналды – өкше.
Аяқ киім қалыптарын әзірлеу барысында негізгі алғышарт ретінде пішіндері мен өлшемдері бойынша стереотиптік, 
адамдардың табандарын өлшеу деректерін және кейінгі зерттеуді ескере отырып, табандардың антропометриялық зерт-
теулер деректері қолданылады. Осы зерттеулердің нәтижесі табанның негізгі антропометриялық нүктелерін, сонымен 
қатар, өкшенің барынша шығып тұрған нүктесінен өлшенетін оның өлшемдік белгілерін анықтау болып табылады.
Аяқ киім қалыпының үлгісі, жекелеп алғанда, тұмсық бөлігінің пішіні және өкше бөлігінің көтерілуі тікелей аяқ киім 
сәнінің ықпалына байланысты болады, себебі аяқ киім қалыпының үлгісі оның негізгі техникалық сипаттамасы болып 
табылады, нәтижесінде дайындалатын өнімнің үлгісін анықтайды. Аяқ қиім қалыптарының негізгі сипаттамалары дайын-
далатын өнімнің өлшемдеріне және толықтығына сәйкес келетін, сонымен қатар, былғары аяқ киімнің негізгі өлшемдік 
параметрлеріне сәйкес келетін олардың өлшемедері мен толықтығы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   636




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет