Өндірістік жоспар Қамырды даярлау технологиясы мынандай:
Ұн алдын ала еленеді. Егер ол салқын қоймада сақталған болса, онда даярлау алдында ұн міндетті түрде жылы бөлмеге
кіргізілуі тиіс. Елеу барысында сапасына ықпалын тигізуі мүмкін қоспалар ұннан алынып тасталады.
Еленген ұнды илеу машинасына салады, оған аз мөлшермен сұйық құрамдастарды қосады. Рецептурасына байланы-
сты ол сүт, жұмыртқа, тұз, қант және ерітілген май болуы мүмкін. Бұдан соң илеу машинасы іске қосылады және қамыр
рецептураға сәйкес дайындалады.
Қамыр орташа қою болады.
Дайын қамыр илеу машинасынан алынады, қажетті салмақтағы бөліктерге қолмен кесіледі және жаю машиналарына
жіберіледі, онда қамыр қалыңдығы 1-1,5 мм қабаттарға жайылады. Жайылған қабаттан дайын өнімдерді (бешбармақ қа-
мырын, вареникке, тұшпараға, мантыға арналған дайын өнімдер) жасайды.
Содан соң оларды мұздату камерасына жібереді. Камерадағы температура – 18 градустан жоғары болмауы тиіс.
Мұздатқан соң оларды қаптамаларға өлшеп орайды және қоймаға немесе тұтынушыға тікелей жібереді.
12
100 ЖОБА 100 ПРОЕКТОВ
services.atameken.kz
www.atameken.kz
қысқы нөмір 1432