Квас өндірісінің технологиялық үрдісі Суды дайындау. Табиғи ашитын квасты дайындау үшін СаНпиН талаптарына сәйкес санитарлық-гигиеналық норма-
лар бойынша жарамды ауызсу қажет.
Ашытқыны дайындау. Тұнбалық тәсілмен квас ашытқысын алу үшін қара бидай ұны мен қант қызылшасының негізін-
де дайындалған арнайы квас брикеттері қолданылады. Брикеттерге ыстық су құйылады (4 кг брикеттерге 30 л су). Ашыту
ыдысына қант және квас ашытқысының концентраты (қара бидай ферменттелген уыт) рецептураға сәйкес қосылады.
Сосын 100л жылы су (шамамен 35°С) және алдын ала араластырылған ашытқы қоспасы құйылады.
Ашыту. Ашытқы қоспасын қосқаннан кейін, ашытқыны мұқият араластырады, ашыту аппараты мықтап жабылады.
Температура (шамамен 30°С) және ашыту уақыты (12 сағаттан кем емес) қойылады.
Пісу. Ашыған сұйықтық сүзгіш арқылы сүзіледі, ауа кірмейтін ыдыстарға (пластмасса тағам бөшкелері, КЕГтер,
ПЭТФ бөтелкелері) бұдан әрі пісу үшін құйылады. Ыдыстар ауа кірмейтін болып жабылады, себебі сусынның толық ашу
үрдісінде көмір қышқылы жинақталады және қаптама қысымның белгілі бір деңгейін көтеруі тиіс. Квас қараңғы бөлмеге
қойылады, онда бөлме температурасында 4 сағат тұрады.
Салқындату. Квас піскен соң және сусын көмір қышқылына толыққан соң, ыдыстар тоңазытқышқа орнатылады.
Сату. Өзі ашитын квас пісіп жетілген ыдысымен бірге сатылады.