249
100 ЖОБА 100 ПРОЕКТОВ
қысқы нөмір 1432
services.atameken.kz
www.atameken.kz
4. Дәріхананың жұмыс режімі: жарық күн шегінде немесе тәулік бойы; түскі асқа үзілістің болуы;
5. Жақын жерде бәсекелестердің болуы (егер ветеринарлық дәріхана ашу жоспарланған жерде бірнеше ветеринарлық
дәріхана болса, онда бизнестің басқа түрімен айналысқан жөн);
6. Ауданның клиенттік құрамына байланысты дұрыс құрылған ассортименттік карта;
7. Ұстап тұрылатын бағалар деңгейі;
8. Тауарды дұрыс орналастыру (мерчендайзинг).
Жоғарыда аталған алғышарттар бойынша Жезқазған қ. тұтынушылар нарығына талдау жүргізіп, жобаға өтініш беруші
ветеринарлық дәріхана жұмысының өз схемасын құрастырды:
1) Ветеринарлық дәріхана қала ортасында орналасқан. Өтімділігі жоғары, бәсекелестер жоқ;
2) Қызмет ету түрі – дәрілер сататын және үй жануарлары үшін емдеу-алдын алу шараларын жүргізетін шағын вете-
ринарлық дәріхана;
3) Келушілерге қызмет көрсету түрі – сөрелік сауда, себебі ветеринарлық дәріхана алаңы өзіне өзі қызмет көрсету
әдісімен сатылымдар жүргізуге мүмкіндік бермейді;
4) Сауда нүктесінің жұмыс режімі - демалыссыз, түскі асқа үзіліссіз, 24 сағат;
5) Жақын жерде бәсекелестердің болуы – бәсекелестер жоқ;
6) Ассортименттік карта – өткен жылдардың жұмыс тәжірибесі бойынша жасалған;
7) Ұстап тұрылатын бағалар деңгейі – тауар сұранысына байланысты 15-17%;
8) Мерчендайзинг – өтініш беруші сауда бизнесімен бірінші рет айналысып жатпағандықтан, витринаға тауарды қою
тәжірибесі бар
Достарыңызбен бөлісу: