42
Желкiлдеп шыққан көк шөптей,
Жаңа өспiрiм достарым,
Қатарың кеттi-ау алысқа-ай,
Ұмтылыңыз қалыспай.
Бiз надан боп өсiрдiк
Иектегi сақалды,
«Өнер – жiгiт көркi» деп,
Ескермедiк мақалды...
Бiз болмасақ, сiз барсыз,
Үмiт еткен, достарым,
Сiздерге бердiм батамды.
Ыбырай Алтынсарин
3. Өлеңді пайдаланып, жұмбақ айтыс ұйымдастырыңдар.
1-оқушы:
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге
Күн жарымда барғызған.
Ол не?
2-оқушы:
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге
Күн жарымда барғызған –
Пойыздар ғой зырлаған.
Достарыңызбен бөлісу: