Сіміріп – тоқтамастан ішу.
Ұшып-қону – ұшқалақ.
3. Мәтінді сахналаңдар.
4. Өзің қандай сусын ішесің? Қандай сусын ішкен пайдалы
деп ойлайсың?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
92
5. «Судың денсаулыққа пайдасы» деген тақырыпта сөйлеу-
ге дайындал.
Жаңбыр
Ойыңды көркемсөзбен
жеткізесің.
1. Жаңбырға қатысты 5 сөз ойластырыңдар.
2. Өлеңдерді мәнерлеп оқы.
Жаңбыр жауды
Жаңбыр жауды себелеп,
Жасырынды көбелек.
Аспан кетті күркіреп,
Бұл не деген керемет?!
Тау мүлгіді жаңғырған,
Қорыққандай жаңбырдан.
Бара жатыр қара бұлт,
Көк аспанда қаңғырған.
Бұлттан түсті моншақтар,
Гүлге қонған мол шықтар.
Алақайлап жүгірдік,
Қандай қызық сол шақтар!
Нұрсұлтан Әлімқұлов
85
жаңбыр
нөсер
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
93
Нөсер
Іркес-тіркес ығысқан
Бұлттар үлкен аймақты ап,
Шыға келді шығыстан
Ақ тайлақтай ойнақтап.
Түйіліп кеп қабағы,
Қаптап алды аспанды.
Сатырлатып даланы
Аппақ нөсер басталды.
Үй үстінен аунады,
Тамшы жерге секірді.
Менің апам ауланы
Жуып жүрген секілді.
Су дегенің шүмектеп,
Сорғалайды тамшылап.
Шыбық атты біз ерттеп,
Шауып кеттік қамшылап.
Шаңын жуды лезде
Діріл қаққан жапырақ.
Ойдым жерде бір кезде
Көлшік тұрды жалтырап.
Адырбек Сопыбеков
жаңбыр жауды
бұлт
тамшы
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
|