Судың да сұрауы бар 92 нағыз адам
құдық
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
112
ты. Өзi қанғанша iшiп, атай мен немересiнiң де шөлiн
қандырды, қалған суды құрғақ құмға төге салды да,
шелегiн қайтадан сабан арасына салып, жүрiп кеттi.
– Бұл не қылған адам? – деп сұрады немересi ата-
сынан.
– Бұны да әлi адам деуге болмайды, – дедi атасы.
Кешке қарай атай үйiнiң маңына тағы бiр кiсi
тоқтады. Ол арбасынан шелегiн алып, арқанға байла-
ды, су тартып, сусынын қандырды, содан соң алғысын
айтып, жүрiп кеттi. Ал шелегi құдық басында арқанға
байланған қалпында қала бердi.
– Бұл қандай адам? – деп сұрады немересi.
– Мiне, бұл – нағыз адамның өзi, – деп жауап бердi
атасы.
Василий Сухомлинский 3. Қара түспен берілген тіркестерді түсініп оқыңдар. Әр топ
осы пікірге құрылған оқиғаны әңгімелеңдер.
4. Берілген сурет мәтіндегі қандай пікірге сәйкес келеді?
Осы мәтін бойынша сен қандай сурет салар едің?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
113
5. Берілген пікірлерге сүйеніп, өмірде кездесетін оқи-
ғалардан нақты мысал келтіріңдер. Суды үнемдеу қай адамға
қатысты?
1. Бұл адам емес.
2. Бұл – нағыз адамның өзі.