67
– Көке, кедергі жасамаңыз! – деп, Аманның көзі ша-
расынан шығып кете жаздады.
– Үйге берілген тапсырманы Досанға орындатқа ның –
жалқаулық қой, балам, – деп, Анар ана қабағын түйді.
– Мен жалқау емеспін! – деп, Аман қолын бір сілкіп,
телефон тұтқасына жармаса түсті.
– Аллооо! Аллоооо! Досан, мен әлгі, білесің ғой...
Иә, сол қызбен ұрсысып қалдым... Қойшы, ей...
Аманның телефондағы «жыры» таусылмады. Сөйтіп,
ол уақытты ұтымды пайдалану туралы өзі түзген күн
тәртібін ұмытып кетті. Келесі күнгі сабақтан зорға де-
генде «үштік» арқалап қайтты.
– Телефонның кесірінен оқудағы үлгерімің бір жақ-
сармай қойды, – деп, Асан ағай кейіп жүр.
Ал Аман кейімейді. Өйткені онда әдеп пен намыс
жоқ. Әдепсіз, намыссыз бала
әке-шешенің тілін алмай,
оларды
ренжітіп, өзіне бақытсыздық әкеледі.
Әдібай Табылды
Достарыңызбен бөлісу: