Жыл санау
1. Мәтінді оқы.
Жыл басы
(Ертегі)
Қазақтың есептерінде жылдан үлкен мүшел деген-
дер бар. Мүшел – он екі жыл болады. Сол жылдардың
аттары әр хайуанның аттарына ұқсайды. Мысалы: әуелі
жыл мүшелде – тышқан, екінші – сиыр, онан соң – ба-
рыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит
және доңыз. Сол жылдарды білетін қазақтарға кісінің
қай жылда туғанын айтса, адамның жасын тауып
береді.
Бұрынғыдан қалған сөздер бойынша сол хайуандар
жыл басы болуға дауласыпты. Сонда жылқы айтыпты:
«Мен адам үстіме мінсе, алысын жақын етемін, менің
күшімді көреді, сүтімді ішеді, қылыма шейін арқан,
жіп еседі, адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл ағасы
мен боламын», – дейді. Түйе айтты: «Сен адамның
жұмысын жасайсың, арпа, сұлы, шөп асайсың, тамағың
үшін құл болдың. Міне, мен сен көтере алмайтын ауыр-
ды көтеріп, неше айлық алыс жолдарға барамын. Аш
болдым деп арпа, сұлы сұрамаймын, көде болса көде,
жусан болса жусан, не кез келсе соны қорек етіп, та-
былса су ішіп, табылмаса шөлде де жолға жүре беремін.
Жыл басы болу маған лайық», – дейді.
Сиыр айтты: «Адам егін ексе, меніменен егеді,
сүтімді ішеді, құрт-май алады», – деп.
Достарыңызбен бөлісу: |