Оқулық Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi ұсынған


 Суреттерге сүйеніп, ертегіні әңгімеле. 5



Pdf көрінісі
бет86/99
Дата31.12.2021
өлшемі4,95 Mb.
#23387
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   99
Байланысты:
52 (1)

4. Суреттерге сүйеніп, ертегіні әңгімеле.
5.  Жерасты  елінің  мекені  қандай  деп  ойлайсың?  Жобасын 
жасап, әңгімеле.
6.  Сол  қалаға  алтын  мүйізді  киіктің  мүсінін  орнату  тапсы-
рыл ды делік. Мүсіншіге қандай кеңес берер едің?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


110
Жер астында қала бар (жалғасы
)
1.  Ертегінің жалғасын тыңда.
Алтын мүйізді киік (жалғасы)
(Ертегі)
– Қаламызға жақын жерде терең сай бар. Жиырма 
жыл  болды,  сонда  бір  айдаһар  мекендейді.  Бүкіл  ел-
жұртыңды қалаңмен жұтамын дейді және сол сайдың 
маңына барған адам болсын, мал болсын, әйтеуір жан-
дыны  құтқармайды.  Соған  ешкімнің  де  күші  жет-
пейді.  Оны  тек  Бұлдырмерген  ғана  жеңеді  деген  соң, 
халқымызға  бір  жақсылық  бола  ма  деп,  сені  іздеп 
шығып едім! – дейді ақсақалды шал жылап.
–  Жарайды!  –  деп,  Бұлдырмерген  сауыт-сайманын 
сайлап,  алтын  мүйізді  шалға  ілеседі.  Олар  жер  үсті 
мен жер астын жалғастыратын үңгірден өтіп, қарттың 
қаласына барады.
Бұлдырмерген  бойына  бар  күшін  жинап,  қолына 
жүз құлаш алмас семсер алып, айдаһар жатқан сайға 
келеді. Жотаға шықса, боран соғып тұр екен. Желдің 
1. Кейіпкердің портретін сөзбен жасай 
аласың.
2. Шығармадағы оқиғаның басталуын, 
жалға суын, аяқталуын анықтайсың.
44
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


111
қаттылығы  соншалық  –  таудың  екі  бетіндегі  тас ты 
ұшырып  кетіп  жатыр.  Бұл дырмерген  қаһарланып, 
сем серді  беліне  көлденең  ұс тап,  күшті  леппен  тартып 
жат қан  айдаһарға  қарай  жүреді.  Сұ рапыл  боран  оны 
ұшырып оты рып, айдаһардың аузына бір-ақ апарады... 
Өткір  семсерден  айдаһар  қи
 
мылдауға  шамасы  кел-
мей қа лады. Алай-түлей соққан бо  ран да тоқтайды. Бо-
ран ай да һардың лебі екен.
Айдаһардан  жапа  шеккен  жұрт  шат-шадыман  қуа-
нышқа бөленеді. Бұлдырмергенді қор шап алып, қоше-
меттеп,  қа лаларына  әкеледі.  Ұлан-асыр  той  жасайды. 
Алтын мүйізді шал: 
–  Балам,  сен  өзі  шаруа  адамы  екенсің.  Аң  аулап 
қана  тіршілік  ететін  көрінесің.  Бізде  мал  да,  дүние-
байлық  та  жетеді.  Сен  енді  осында  қалып,  үйлен,  – 
дейді Бұлдырмергенге. 
Бұлдырмерген бұған көнбейді.
–  Менің  ауылым,  туысқандарым  бар  артымда. 
Олар ды  тастап,  мен  мұнда  өз  басымның  жақсылығын 
күйттеп қала алмаймын, – дейді.
Бұлдырмергеннің  мұнда  қалмасын  көрген  алтын 
мүйізді  шал  оған  ханның  қазынасынан  көп  алтын, 
асыл дүниені сыйға тартып, аттандырады. Сөйтіп, осы-
дан соң Бұлдырмергеннің ауылы да әлденіп, күнкөрісін 
жөндеген екен дейді. 
«Алтын мүйізді киік» кітабынан
Шығармада кейіпкердің сыртқы түрінің, кескін-
келбетінің  суреттелуі  портрет  деп  аталады.  Ал 
кейіпкердің мінезі, наным-сенімі, дүниеге көзқарасы 
қоса суреттелсе, оны мінездеу дейді. 
портрет
мінездеу
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


112
2.  Мәтінге  сүйеніп  және  суретке  қарап,  Бұлдырмергенге 
мінездеме бер.
Киімі – …..
Аңшылығы – …
Батырлығы – …
Халқына құрметі – …


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет