Атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары


ЖАСТАРДЫ ОТАНШЫЛДЫҚ СЕЗІМІНЕ ТӘРБИЕЛЕУ



Pdf көрінісі
бет24/86
Дата31.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#23655
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   86
Байланысты:
Қажым Жұмалиев және қазіргі әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері

 
ЖАСТАРДЫ ОТАНШЫЛДЫҚ СЕЗІМІНЕ ТӘРБИЕЛЕУ 
МӘСЕЛЕСІ 
 
Ахметов М. Г. 
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент,  
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті 
 
Мухиева Г.С. 
магистрант, М.Өтемісов атындағы  
Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 
 
Ел өміріндегі бірқатар мәселелерді шешу көп жағдайда азаматтық 
қоғамның 
даму 
деңгейіне, 
жоғарыотаншылдықсананың 
қалыптасуына,  өз  Отанына  деген  мақтаныш  сезіміне,  Отанының 
мүдделерін  қорғау  жөніндегі  азаматтық  борышты  орындауға 
дайындығын тәрбиелеуге байланысты. 
Қазақстанның қазіргі жастары - ескі жүйені жою жағдайында өсіп 
келе  жатқан,  саясат,  экономика  және  әлеуметтік  салада  түбегейлі 
және  өте  күрделі  реформалар  жасайтын  жаңа  ұрпақ.  Біздің 
республикамыздың  XXI  ғасырдағы  болашағын  анықтайтын  дәл  осы 
жас ұрпақ.  
Оташылдық тәрбие беру жүйесі білім беру мекемелерініңбарлық 
типтері мен түрлеріндегі оқыту мен тәрбиелеу процесінде әлеуметтік 
маңызды 
құндылықтарды, 
азаматтылық 
пен 
отаншылдықты 
қалыптастыру  мен  дамытуды;  еңбек  ұжымдарындағы,  әскердегі, 
қоғамдық ұйымдардағы бұқаралық саяси-тәрбие жұмысын жүргізуді; 
бұқаралық  ақпарат  құралдарының  азаматтарға  отаншылдықтәрбие 
беру 
тақырыптарын 
талдауға, 
зерделеуге 
және 
көрсетуге 
бағытталаған қызметін жүзеге асыруды көздейді. 
Ұрпақ  бойына  өздерінің  ерлік  сезімін  оятып,  туған  жеріне, 
атамекеніне 
деген 
сүйіспеншілігін 
қалыптастыруда 
Ш.Құдайбердіұлы,  Абай  Құнанбаев,  Әл-Фараби,  Ж.Баласағұн, 
М.Қашқари,  Ә.Диваев,  Г.Н.Потанин,  К.Д.Ушинский,  Ш.Уалиханов 
т.б.мұраларының ықпалы зор. 
Отанға  деген  сүйіспеншілік,  ыстық  сезімді  Алашорда 
қайраткерлері А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров т.б. сөзімен 
де ісімен де дәлелдеген ұлы тұлғалар. 
Кеңес Одағы тұсында Қазақстан мектептерінде өсіп келе жатқан 
жастарға патриотизмге тәрбиелеудің ғылыми-теориялық негіздері мен 


65 
 
практикалық  тәжірибелері  жеткілікті  жинақталған.  Сол  кеңестік 
дәуірдің  алған  тәжірибелерде  зерттеп,  сұрыптап  қазіргі  нарықтық 
экономика 
жағдайында 
мектеп 
оқушыларын 
отаншылдыққа 
тәрбиелеу, бүгінгі күннің талаптарына сұранысы артып отыр. 
Бұл  проблеманың  тағылымдық  идеясы,  тәрбиедегі  әлеуеті 
философиялық  ілімде  жас  ұрпаққа  отаншылдық  тәрбие  берудің 
теориялық-әдіснамалық  негіздері  А.Айталы,  Ғ.Есім,  Ә.Нысанбаев, 
Б.С.Гершунский. 
Д.Кішібеков 
т.б. 
тарих 
саласы 
бойынша 
М.Қозыбаев,  О.Смағұлов,  Л.Ахметова  т.б.  филология  саласында 
М.Әуезов,  С.Мұқанов,  М.Жолдасбеков,  т.б.  еңбектерінде  көрініс 
тапқан. 
Қазақстанда  білім  мен  тәрбие  ісінің  даму  мәселелері,  жастар 
тәрбиесінде  халық  педагогикасы  қырларын  тиімді  пайдалану  мен 
тұлғаны  эпос-жырлар  және  музыкалық  шығармалар  арқылы 
отаншылдыққа  тәрбиелеу 
жолдары  Қ.Жарықбаев,  С.Қалиев, 
М.Балтабаев, Т.Қоңыратбаев және т.б.еңбектерінде зерделенген. 
Қазақстан  Республикасында  отаншылдық  тәрбие  беру  төмендегі 
нормативті 
құқықтық 
құжаттарға, 
мемлекеттік 
тұжырымдамаларға,бағдарламаларға  сүйенеді: 
-  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  (1995  ж.  соңғы 
өзгерістермен және толықтырулармен); 
-  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңы,  (2007  ж. 
соңғы өзгерістермен және толықтыруларымен); 
-  «Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  туралы»  Заңы,(2017  ж.  соңғы 
өзгерістермен және толықтырулармен); 
- «Тіл туралы» Заңы (11 июль 1997 ж.); 
-«Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттік  жастар  саясаты 
туралы» Заңы, 9 ақпан 2015;  
- Қазақстанның Ұлт бірлігі доктринасы, 29 сәуір 2010; 
-  Қазақстандық  бірегейлік  пен  бірлікті  нығайту  және  дамыту 
тұжырымдамасы, 28 желтоқсан 2015; 
-    Қазақстан  Республикасында  біім  беруді  және  ғылымды 
дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 
27 ақпан 2016. 
Қазақстан 
Республикасында 
отаншылдық 
тәрбиенің 
маңыздылығы бірнеше себептермен түсіндіріледі. 
Қазақстан  Республикасы  этникалық  әртектілікпен  ерекшеленеді, 
мұнда  120-дан  астам  ұлттар  пен  ұлыстар  өкілдері  өмір  сүреді. 
Еліміздің  көп  ұлттылық  сипаты  діни  конфессиялардың  көп  болуына 
әсер  етті  және  олардың  қоғам  өміріндегі  ролі  арта  түсуде.  Осыған 
орай,  «Қазақстандық  бірегейлік  пен  бірлікті  нығайту  және  дамыту 


66 
 
тұжырымдамасында» 
мынадай 
басты 
қағидат 
белгіленді: 
«қазақстандық  бірегейлік  пен  бірлік  –  ұрпақтан  ұрпаққа  үзілмей 
жалғасатын процесс. Ол әрбір азаматтың этностық тегіне қарамастан 
өзінің  тағдыры  мен  болашағын  Қазақстанмен  байланыстыруына 
негізделеді.  Ортақ  тарихымыз,  бүгінгі  тіршілігіміз,  болашаққа  деген 
ортақ жауапкершілігіміз қоғамды біртұтастыққа бастайды: «Біздің бір 
ғана  атамекеніміз,  бір  ғана  Отанымыз  бар  –  ол  Тәуелсіз  Қазақстан». 
Бұл таңдаудың мәнін ұғыну – бірігудің басты  негізі» [1]. 
Қазақстанда тұратын ұлттар өзінің мемлекет алдында міндеттерін 
білуі  шарт.  Олар  мемлекеттің  бейбіт  тұрмысы,  азаматтардың 
келісімдерді  нығайта  отырып,  ұлттық  бірлікті  сақтауы,  табиғи 
байлықтарды үнемдеуге, мемлекеттің өркендей беруіне ықпал жасауы 
тиіс.Сондықтан 
да 
халқымыздың 
игі 
дәстүрлері 
арқылы 
оқушылардың 
бойында 
Қазақстандық 
отаншылдық 
қасиетті 
қалыптастыру заман талабынан туындап отыр. 
Жоғары сынып оқушыларына әскери-патриоттық тәрбие берудің 
ролі  артады.  Әскери-патриоттық  тәрбие  –  азаматтардың,  әсіресе, 
жоғары сынып оқушыларының, студенттердің, әскерге шақырылғанға 
дейінгі  және  әскердегі  жастардың  бойында  жоғары  патриоттық 
сезімді,  өз  Отанына  деген  берілгендік  сезімдерін  тәрбиелеуді 
қалыптастыру жөніндегі маңызды бағыттардың бірі. 
Халық  қаһарманы  Б.Момышұлының  «Жігітті  жауынгерлік 
қасиеттерге  даярлап  тәрбиелейтін  қазақтың  игі  дәстүрлері»  атты 
мақаласында халық басынан өткен жауынгерлік жолдары мен ұлттық 
дәстүрлердің маңызы зор екеніне тоқтала келе, өз жоспарын ұсынады 
[2]. 
Отаншылдық  сезімнің  объектісі  мен  қайнар  көзі  –  Отан  десек, 
оның  мазмұны:  туған  жер,  табиғат,  оның  байлықтары,  тіл,  дәстүр, 
тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың 
адам  көкірегіне  жылылық,  жақындық,  туысқандық  сезімдерді 
ұялатып, ізгі  де ерлік істердің қайнар көзіне  айналуы отаншылдыққа 
тәрбиелеудің  арқауы.  Қасиетті  сезім  ана  сүтімен  бірге  келмейтіні 
ақиқат,  оны  баланың  бойында  біртіндеп  қалыптасатын  құдіретті 
сезім. Отаншылдық сана түрінде қалыптасады. 
Энциклопедияда  «Отан»  -  дегеніміз  адамның  туып  өскен  жері, 
атамекені,  ел-жұрты,  табиғи  байлықтары,  халқы,  қоғамдық  және 
мемлекеттік  құрылысы,  тіл,  мәдениет,  тұрмыс  –  салт  және  әдет- 
ғұрып  ерекшеліктері  бар  халықтың  тарихи  тұрағына  айналған 
территориясына деп түсінік беріледі[3, 340 б.]. 
Қоғамның  дамуында  кез-келген  мемлекеттің  тұтастығы, 
тәуелсіздігі, мемлекет дербестігі халықтардың Отанға деген махаббат 


67 
 
сезімімен, 
отансүйгіштік 
деңгейімен 
тікелей 
байланысты. 
Отаншылдық қасиеттер еліміздің жаңа қадамының тірігі болмақ. 
Отаншылдық 
тәрбиенің 
мазмұны 
мынадай 
қасиеттерді 
қалыптастыруды  көздейді:  Отанын  сүю  және  өзінің  азаматтығын 
мақтан  тұту;  өз  Отанының  тарихын,  табиғатын,  мәдениетін  білу; 
дінге, тарихи мұраларға құрметпен қарау; өз отандастарына, сонымен 
қатар бірге тұратын басқа ұлт өкілдеріне гумандық көзқарас білдіру. 
Отаншылдық-  өз  еліңді,  халқыңды  биіктен  көруге  ұмтылу, 
табысы  мен  жетістіктеріне  сүйсіну,  жеке  мүддесін  мемлекеттің  алға 
қойған  асқақ  мұраттарына  жетуіне  жұмсау,  елің  үшін  аянбай  еңбек 
ету деген сөз. 
Отаншылдықтың мәні және функциясы  –  мемлекетті  біріктіруде 
және  ұлтты  тұтастық  бірлік  ретінде  сақтау,  яғни  мәдени, 
территориялық, мемлекеттік-саяси, экономикалық. 
Бұл  рухани  күш  ретінде  халықтың  бірлігін  жүзеге  асыратын 
мүмкіндіктерді  және  құралдарды  әрекеттендіреді:  тіл,  ұлттық 
мәдениет,  тарихи  дәстүр  мен  сабақтастық  сезімдерін,  оның  дінінің 
ұлттық  белгілерін,  территорияның  тұтастығын  және  оған  қол 
сұқпайтындығын.  Сондықтан  отаншылдықтың  өшуі  –  социумның 
дағдарысының ең шынайы белгісі, ал оны жасанды қирату – халықты 
жоюдың жолы. 
Отаншылдық  күрделі  интегралды  тұлғалық  құрылым  ретінде 
өзіне мыналарды ендіреді: 
- Отанына деген сүйіспеншілік; 
- оған риясыздық берілгендік және қызмет ету; 
-онымен  ажырамас  бірлікте  болу,  өз  қызығушылықтарын 
Отанының қызығушылықтарымен сәйкестендіру; 
-  белсенді  азаматтық  позицияның  болуы,  өз  Отанының 
қызығушылықтарын қорғауға даярлығы.   
Демек, отаншылдық ұғымын білдіретін қасиеттер: 
1.  Әр  азаматтың  туған  жерін  сүйіп,  өз  халқының  тілін 
құрметтеуі; 
2.  Отанның  мүддесін  қорғау,  азаматтық  көрсету  және  Отанға 
адал қызмет 
3.  Ету, халқын қорғау; 
4.  Елінің 
әлеуметтік 
және 
мәдени 
салаларда 
жеткен 
жетістіктеріне мақтану 
5.  Өткен тарихын, халқының әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін 
құрметтеу 
6.  Ел  игілігі  үшін  еңбек  ету,  оның  ар-намысын,  еркіндігі  мен 
тәуелсіздігін қорғау; 


68 
 
7.  Тарихи жәдігерлерді сақтау, құрметтеу; 
8.  Мемлекеттің  гүлденуіне,  өсіп  өркендеуіне  бар  құш  жігерін 
жұмсау; 
9.  Елдікті танытатын рәміз-нышандарды қастерлеу; 
10. Ішкі-сыртқы жаулардан қорғауға әрдайым дайын болу; 
11. Мәдениетімізді, 
әдебиетімізді 
сақтау, 
Отан 
алдында 
жауапкершілікте болу. 
Бүгінде  отаншылдық  мазмұны  көп  жақтылығымен,  көп 
түрлілігімен,  көп  мағыналылығымен  түсіндіріледі.  Себебі  бұл 
құбылыстың жаратылысының күрделілігінде, көп мағыналылығында, 
көп  құрылымдығында,  көп  формада  көрінуінде.  Осыған  орай, 
мектептеотаншылдық  тәрбие  берудің  бағыттары  және  шаралары 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың 
2016-2019  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  аталып 
көрсетілген  [4].  Қоғамның  әлеуметтік  даму  жағдайында    мектептің 
жоғары  сынып  оқушыларына  отаншылдық  тәрбие  берудің  іске 
асырылуын бірнеше бағыттарға жіктеп қарастырмыз: 
-  Отаншылдық  қасиетті,  адамның  жан  дүниесіндегі  ең 
жоғарғысезім ретінде қарастыру, оның пайда болуы мен қалыптасуы 
балалық  кезеңнен  ананың  ақ  сүтімен  басталып,  соңына  өмірдің 
әлеуметтік, рухани-адамгершілік жақтарымен толықтыру; 
-  Жүйелі  ұйымдастыру  –  мектеп,  отбасы  және  әлеуметтік 
ортаны  өзара  сабақтастыра  отырып  мақсатты  түрде  оқушыларға 
отаншылдық тәрбие беруді ұйымдастыру; 
-  Оқушылардың  жас  және  дара  ерекшеліктерін  ескере  отырып, 
отаншылдық  тәрбие  берудің  мазмұнын,  формалары  мен  әдістерін 
айқындау; 
-  Отаншылдықтың  негізгі  субъектісі  болып,  әр  уақытта  жеке 
тұлға  есептеледі,сондықтанда  әрбір  тұлғаның  өмірінің  мәні  мен  сәні 
болашағы тек Отанымен, отан үшін қызмет ету, отанын гүлденсе жеке 
өмірдің гүлденетінін тарихи тұрғыдан да, мәдени, ұлттық тұрғыданда 
санасына сіңіру; 
-  Аймақтық  ерекшеліктерді  ескерту,  туған  елге,  жерге,  ауылға, 
қалаға,  т.б.сүйіспеншілігі  арқылы,  ұлттық  және  қазақстандық 
отаншылдықты қалыптастыру; 
-  Кешенді ықпал ету арқылы, ұрпақтан ұрпаққа жалғасу арқылы 
отаншылдық,  әлеуметті  құндылықтарды,тәжірибелерді  жүйелі  түрде 
пайдалану. 
Сонымен,  «оқушыларды  отаншылдыққа  тәрбиелеу  –  бұл 
ересектер  мен  балалардың  бірлескен  іс-әрекетте  және  қарым-
қатынаста  балаларда  тұлғалық  жалпыадамзаттық  адамгершілік 


69 
 
сапаларды ашу және қалыптастыру, ұлттық және өңірлік мәдениеттің, 
туған өлкенің табиғатының көздеріне баулу, Отанына эмоционалдық-
әрекеттік қатынасты, риясыз қызмет ету даярлығын тәрбиелеу». 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Отаншылдық  тәрбие  –  күрделі  процесс.  Ол  арнайы  оқу-тәрбие 
процесі,  бүкіл  әлеуметтік  шындық,  отбасындағы  өзара  қатынастың, 
құрдастарының  және  қоршаған  адамдардың  әсері  арқылы  жүзеге 
асырылады. 
Оқушыларға 
отаншылыдық 
тәрбие 
берудің 
әдістерін 
төмендегідей сызба арқылы беруге болады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет