17
биокатализаторлық жүйе ретінде өнеркəсіпте қолданылады.
Жылжымайтын жəне агар қосылған ортада өсірген жасушалар
сұйық ортада өсірген клеткаларға қарағанда қосымша метабо-
литтерді көбірек синтездейді. Иммобилденген ферменттер мен
жасушалар технологияда ұзақ уақыт пайдаланылатын болған-
дықтан биокатализ жүйесі арзанға түседі.
Жасушаларды 4 тəсілмен:
1) жасушаларды əр түрлі оқшау (инерттік) заттармен
қаптаумен (альгинат гельмен, агармен, полиакриламид гельмен
-ПААГ, желатинмен, коллагенмен);
2) оқшау заттың беткі қабатына ферменттерді жəне жасу-
шаларды адсорбция арқылы орналастырумен;
3) оқшау заттың беткі қабатына жасушаларды биологиялық
макромолекулалармен (лектиндермен) «тігумен»;
4) ферменттерді жəне жасушаларды коваленттік байланыс-
тар арқылы оқшау субстратқа орналыстырумен (мысалы,
карбоксиметилцеллюллозаға-КМЦ)
иммобилдеуге болады.
Биологиялық жағынан оқшау затқа бекіген ферменттер мен
жасушалар өз өміршендігін сақтайды. Бекіген жасушалар
төңірегінде қоректік орта көп мөлшерде жүріп тұрады, оның
құрамын өзгертіп, өсу қарқындылығын бəсендетіп, қосымша
заттарды көбірек алуға болады.
Қазіргі кезде ферменттер иммобилденуінен қажетті фер-
менттерді синтездейтін микроорганизмдерді полимерлерге
тұрақтандыру жүзеге асты. Яғни бактериялардың бірнеше есе
ұзақ жұмысы мен өндірістік шығындар едəуір төмендегендей
болды.
Достарыңызбен бөлісу: