Microsoft Word на 5 формат doc


 Жануарлар гендік инженериясы



Pdf көрінісі
бет58/100
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#23839
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   100
Байланысты:
клеткалық биотехнология негіздері

3.3.4. Жануарлар гендік инженериясы 
Осы  заманғы  биотехнологияның  негізгі  мақсаты - малдың 
генотипін жаңадан құрастырып, олардан адам үшін бағалы өнім 
өндіру. Мұны  іске асыру үшін  қажет генді идентификациялау, 
бөлу  жəне  клонын  алу,  оларды  зиготаларға  ендіріп,  экспрес-
сиясын  іске  асырып  жəне  бөтен  геннің  енгізу  ұрпаққа  тұқым 
қуалауын шешу керек. Геномында бөтен ген (немесе гендер) бар 
жануарлар  трансгенді  (немесе  трансформацияланған)  деп 
аталады. Трансгенді жануарлар алу трансгеноз əдісі арқылы іске 
асады.  Трансгеноз  деп  генді  бір  биологиялық  жүйеден  басқа 
жүйеге жаңа белгілері бар организмнің жаңа формасын алу үшін 
жасанды жолмен тасымалдау түсініледі. Трансгенді  жануарлар 
əртүрлі  биологиялық  активті  заттарды  синтездеу  жəне  бағалы 
белгілері  (тұқымдылығы  жəне  өсу  қарқындылығы  жоғары, 
вирустық  ауруларға  төзімді  т.б.)  бар  малдардың  жаңа  тұқым-
дарын алу үшін қолданылуы мүмкін. Трансгеноз əдісімен бөтен 
генді  эукариоттық  жыныс  клеткаға  енгізіп,  оның  жұмысын 
бақылау  арқылы  гендік  инженерияның  көптеген  іргелі  мəселе-
лері  шешіледі,  өйткені  мұнда  трансгенді  эмбрионның  жатыр-
дағы  даму  ерекшеліктерін  зерттеу  мүмкін  болады.  Бұдан  басқа 
ген  жұмысы  механизмдердің  түр  ерекшелік  дəрежесін  айқын-
дауға болады. 
Трансгенді  жануарларды  алу  үшін  рекомбинантты  гендерді 


 
82
микротүтікше  жəне  микрокапилярлар  көмегімен  ұрықтанған 
ооциттің (жұмыртқа жасушаның) пронуклеусіне енгізу əдісі кең 
қолданылады  (12-сурет).  Трансгеноз  əдісі  арқылы  трансгенді 
тышқандар алу жақсы зерттелген. Мұның басты себебі тышқан 
ооциттері  цитоплазмасының  мөлдір  болуы  саналады.  Басқа 
жануарлардың,  соның  ішінде  малдың  ооциттері  мөлдір  емес, 
сондықтан  рекомбинантты  ДНҚ-ны  пронуклеуске  енгізу  өте 
күрделі  жəне  қиын  іс.  Осыған  қарамай,  соңғы  кезде  əртүрлі 
əдістемелік  жəне  техникалық  жетілдірулер  арқасында  транс-
генді қой, сиыр, шошқа жəне қоян алу іске асты. 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет