90
• Белсенді емес формадағы дəрілік заттарды қолданып,
оларды ферменттердің арқасында белсенді күйге жеткізеді. Ол
үшін дəрілік заттар керекті мөлшерде, тазартылған болуы тиіс,
жасуша нысана ақуызбен байланысуы қажет, физиологиялық
жағдайда тұрақты болу керек.
Медицинада, мал шаруашылығында жəне құс шаруашы-
лығында бактериялар мен саңырауқұлақтардың жасушалары-
лары кокцидозға қарсы препараттарды алу үшін пайдаланы-
лады. Бұл микробиологиялық препараттар гельминт пен буын
аяқтылар себебінен пайда болған ауруларды емдеу үшін тиімді,
сусамыр, май басу, қанда майдың көбеюі, қанда холестериннің
азаюы ауруларын емдеу үшін қолданылады. Жасанды жағдайда
өсіретің пропиондық бактериялар
(Propionibacterium sp.) В
12
цианкобаламинді синтездейді, оны медицинада қаны аздық
(анемия), бауыр циррозын емдеуде қолданылады, өсу себепкер
шарттары ретінде пайдаланылады, ол қан түзеу қызметіне,
ақуыз алмасуға жағымды əсер етеді, жемдік өндірісте салмақ
қосуды арттыру жəне ауылшаруашылық малдары мен құстар-
дың ішек инфекцияларының алдын алу үшін маңызды. Жұмыртқа
сарысында витамин В
12
мөлшері төмендеуі балапандардың
шығуын күрт азайтады.
In vitro жағдайында жануар жасушаларды өсіру барысында
оларға кейін вирустарды егіп антиденелерді алады, вакциналар,
жануар жасушалардан көптеген биологиялық белсенді заттарды
(гормондарды, ферменттерді, витаминдерді, т.б.) алады.
Қазақстанда ветеринария үшін ғылыми-зерттеу жұмыстары-
мен айналысатын жəне биопрепараттарды дайындайтын, ірі
мекемелердің біріне биоқауіпсіздік мəселелерінің ғылыми-
зерттеу институты бар. ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің
ұлттық биотехнология орталығында вакциналар мен диагности-
кумдер дайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: