Microsoft Word на 5 формат doc



Pdf көрінісі
бет69/100
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#23839
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   100
Байланысты:
клеткалық биотехнология негіздері

Биологиялық микрочиптер – əртүрлi биохимиялық талдау-
ларды  жүргiзу  үшiн  қолданылатын  кiшкентай  құрылғылар.  Бұл 
талданатын  нұсқалар  құрамындағы  кез  келген  заттармен  өзара 
əрекеттесе  алатын  реакцияға  қабiлеттi  агенттер  жиi  салынған 
микропластинкалар. Оларда талданатын ерiтпелерде бар заттар-
дың  молекулаларын  iрiктеп  байланыстыратын  функционалдық 
жағдайдағы биологиялық белсендi макромолекулалар химиялық 
байланған.  Биочиптің  негізі  ондаған  көзбен  əрең  көрiнетiн 


 
98
əрқайсысының  диаметрi 100 микроннан  кем,  жартылай  сфера-
лық  гидрогендiк  ұяшықтар  салынған  үлкен  емес  əйнектен 
жасалған пластинка.  
Молекулалық технология институтының ғалымдары əртүрлi 
заттарды жылдам жəне өте нақты айқындауға мүмкiндiк беретiн 
биочиптер - тест-жүйелердi ойлап шығарды. Кейбiр аурулардың 
бастапқы  кезеңдерiнде  ақуыз  қатарында  аздаған  өзгерiстер 
болып  жатады.  Жаңа  ғылым – протеомика – ақуыздарды  зерт-
теуге,  олардың  тiрi  организмдердегi  синтезiне,  олардың  өзара 
əрекеттесуiне  жəне  күрделi  қатынастарға  арналған.  Ресейлiк 
жəне  француз  ғалымдары  ақуыздарда  өзгерiстердi  табуға  жəне 
талдауға  қабiлеттi  аппаратураны  жасауда.  Протеомиканың 
негізгі  бір  бағыты  ақуыздың  өзара  байланысын  жəне  молекула 
үсті кешенінде орналасуын анықтайды. Бұл бағыт биохимиялық 
үдерістер жасушада құрылған жəне олар ферменттер, рецептор-
лар жəне т.б. белсенді байланыстарды таңдау арқылы жасалады. 
Ақуыз–ақуыз  байланысын  анықтау  үшін  ашытқының  екі 
гибридті жүйесін қолданады. Бұл əдіс ақуыз-ақуыз,  ақуыз-ДНҚ
ақуыз–РНҚ  байланыстарын  анықтайды.  Ғалымдар  протеомика 
саласында  ақуыздардың  өндірілуін  жəне  олардың  денедегі 
ақуыздардың ауысуын  декомпозициясын, сондай-ақ организмде 
синтезделуінен  кейінгі  ақуыздардың  қалай  модификацияла-
натынын зерттейді. Бүгінгі нарықтағы фармакалогиялық заттар-
дың  тоқсан  бес  пайызы  протеиннің  əсеріне  мақсатталған. 
«Thermo Finnigan» (АҚШ)  компаниясы  жоғары  технологиялық 
талдаушы  құралдарды  жасайды.  Бұл  компания  хроматография, 
масс  спектрометрия  жəне  бағдарламалық  өнімдерді  шығарумен 
қатар осы бағытта өз күштерін шығарып жаңа құралдар шығару-
мен айналысуда.  Мысалы,  ақуыздық чиптер.  
Күрделi  жұмыс  ақуыздық  микрочиптердi  əзiрлеуде  тұр. 
Ақуыздық  микрочиптердi  жасау  үлкен  инвестицияларды  тар-
тады. «Ciphergen Inc» компаниясы  ең  танымал  ақуыздық  чип 
шығарушы.  Хроматографиялық  ақуыздық  чиптер  мен  масс 
спектрометрлік  детекторды  (анықтаушы)  байланыстыратын 
құрылғы  жасап  шығарды (Protein Chip System). Бұл  жүйе  күр-
делі  биологиялық  ортадағы  патологиялық  жағдайдағы  биомар-
керлерді  іздейді.  Бірінші  топ  –  ДНҚ  чиптерінің  миниатюралар 
құрылымы  жасалып,  моноклонды  антиденелер  немесе  олардың 


 
99
аналогы  маркерлерге  микроөріс  құруға  қолданылады.  Бұл 
құралдар  гендер  мен  оның  өнiмдерiнiң  өзара  жiңiшке  реттеуiн 
зерттеу үшiн молекулалық биологияның iргелi мiндеттердiң бiрi 
болып  табылады.  Голландиялық  фирма «Glaucus Proteomics» 
осы  тармақта  лидер  болып  табылыды.  Қазіргі  күні  сатылымда 
цитокинді,  күйзелісті  қоздыратын  белокты  анықтайтын  ақуыз-
дық  чип  бар.  Екінші  топ – in vitro трансляция  арқылы  жүзеге 
асатын ақуыз-ақуыз байланысы жəне фазаға азықты жағу. PISA 
(Protein In Sity Array) трансляцияның  жасуша  жүйесін  жəне 
ПТР–азықты  қолдану  арқылы  ақуыздарды  тасымалдайды.  
Ақуыздық  чипті  шығаратын  тағы  бір  компания «WITA 
Proteomics». Жасушалық дақылға токсиндік əсерді идентифика-
циялайтын 2Д–электрофорезді қолданады ақуыздық биочип өте 
қарқынды дамып, медициналық диагностикада жəне  жаңа дəрі-
дəрмектерге қолдануда. 
Соңғы жылдары ДНК технологияларының-чиптердiң дамуы-
мен қатты жазықтарда айқын молекулалардың селективтiк сорб-
ция  үдерістерi,  детекцияның  физикалық  əдiстерiн  қолданатын 
ДНК-сенсорлар  деп  аталатын  чиптерi  кеңiнен  қолданыла 
бастады.  ДНК-сенсор  жоғары  сезiмдi,  шағын  көлемдi,  кiшi 
көлемде өлшеудiң байланыссыз əдiсiн iске асырады жəне орын-
дауда  арзан  болуы  мүмкiн.  Қазiргi  уақытта  əртүрлi  фирмалар-
дың  бағдарламалық  қамтамасыз  етуiмен  нейлондық  мембрана-
лар – микроорганизмдердiң,  өсiмдiктердiң,  сүтқоректiлердiң 
жəне адамның гендерiмен сүзгiштерге негiзделетiн ДНК-микро-
чиптерге қол жеткiзiлдi.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет