Андрогенез in vitro (лат. аndros - еркек; гр. enesis – тегi) ор.
андрогенез in vitro ағ. in vitro androgenesis – аталық гаметофиттi
жасанды қоректiк ортада (in vitro) өсiргенде, тек қана аталық
хромосомалар жиынтығы бар өсiмдiктiң пайда болу процесi.
Анеуплоид (гр. an – бiр нəрсенiң немесе құбылыстың болмауы, eu
– жақсы, əбден ; ploos – еселi; eidos – түр) ор. анеуплоид ағ. aneuploid –
ядро, клетка, организм хромосомалар жиынтығының (кариотиптiң) бiр
немесе бiрнеше хромосомаға артуы не кемуi. Мысалы, диплоидтық
хромосомалар жиынтығы жалғыз бiр хромосомаға кемiсе – моносомик,
бiр жұп хромосомалары жойылса - нуллисомик деп аталады.
Антигендер (лат. anti-қарсы, қарама-қарсы, гр. genos-туыс, шығу
тегi), ор. антиген, ағ.antygene – иммундық жүйеде антиденелерді түзу
қоздыратын ақуыздар, антиденелер антидене түзетін затпен арнайы
өзара байланысуға қабілетті.