Апикальдық меристеманы өсiру (лат. арех - ұшы, гр. meristos –
бөлiнетiн) ор. культура апикальной меристемы ағ. apical meristem
culture - өсу конусының ең жоғары ұшынан бiр немесе екi алғашқы
жапырақ бастамасы бар оқшауланған бөлiгiн залалсыздандырылған
қоректiк ортада өсiру.
Антисарысу (ор.сыворотка) – бөтен агенттерге қарсы антиденесі
бар иммунизацияланған жануар мен адамның сарысуы.
Антидене (ор.антитело) – иммундық жүйемен шығарылатын
ақуыздар, олар бөтен патогендік агенттердің, ақуыздардың (антигендер)
əсерін тежейді.
107
Апомиксис (гр. аро – бiр нəрсенiң немесе құбылыстың болмауы;
mixis – араластыру) ор. апомиксис ағ. apomixis – организмдердiң
жыныссыз жолмен пайда болған ұрықтар арқылы көбеюi.