Будан ядролық (нағыз будан) (ор. гибрид ядерный (истинный
гибрид), ағ. hibrid nuclear (hibrid true) – аталық жəне аналық ретiнде
қосылысқан жасушалардың екеуiнiң де тек қана ядролық гендерiн
(геномдарын) қабылдаған будан жасушаның ядросы.
Будан асимметриялық (ор. гибрид асимметричный, ағ. hibrid
asymmetric) – аталық жəне аналық ретiнде қосылысқан жасушалардың
бiреуiнiң ядролық гендерiнiң толық жиынтығымен қатар екiншiсiнiң
тек цитоплазмалық гендерiн қабылдаған будан жасуша.
Будан цитоплазмалық (цибрид) (ор. гибрид цитоплазматический
(цибрид) ағ. hibrid cytoplasmic) – аталық жəне аналық ретiнде
қосылысқан жасушалардың тек қана бiреуiнiң ядросын (ядролық
гендерiн) қабылдаумен қатар екеуiнiң де, немесе баламалы бiреуiнiң
ғана цитоплазмалық гендерiн бойына дарытқан будан жасуша.
Будан гетероплазмалық (гр. heteros-басқа, plasma-құрылған,
түзiлген), ор.гетероплазматический гибрид, ағ. hibrid heteroplasmic) -
цитоплазмалық гендерi (плазмагендер ) бойынша гетерозиготалық
будан жасуша. Вектор (лат. vector -алып жүрушi, ор. вектор, ағ. vector – өз
алдына репликациялана алатын жəне бөтен генетикалық информацияны
жасушаға тасымалдай алатын генетикалық элементтер (мысалы,
плазмидалар мен вирустар).
Вируленттiк (лат. virulentus-улы, ор. вирулентный ағ. virulent) –
микроорганизмдердiң ауру тудырғығыштық қабiлетi