Байланысты: АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ АВТОМАТТАЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
9 6 арқылы жүзеге асырылады. Көпір әдетте, өзара әрекет етудің
бірдей хаттамасын, хабар ортасының бірдей үлгісін және
мекенжайдың бірдей құрылымын қолданатын, екі желі
арасындағы байланыс ретінде анықталады (3.12-сур.).
Көпірлер — олардың бір-бірімен деректерді жинау және
алмастыру мүмкіндіктерін кеңейту үшін өзара әрекет етуге
мүмкіндік бере отырып, бір-бірімен ЖЕЖ, сондай-ақ ЖЕЖ және
қашықтатылған жұмыс станцияларын қосатын бағдарламалық-
аппараттық кешендер.
Орналасқан орны бойынша NETWARE көпірлерінің екі
базалық үлгісі бар:
■
файлдық серверде — ішкі көпір; ■
жұмыс станциясында — сыртқы көпір, бұл ретте
станция файлдық сервер сияқты қызмет етпейді,
сондықтан да сыртқы көпір ішкіге қарағанда,
деректерді барынша тиімді бере алады.
Көпірлер айқындалған және біріктірілген болып бөлінеді.