17 7 габаритті өлшемдерін, жеке электромагнитті сәулеленулердің
деңгейін (және тиісінше аппаратурамен борттық желіден немесе
автономды электр қуат көзінен тұтынылатын қуатты) төмендету
қажет болған жағдайда, сондай-ақ жүйенің қолданылуының үлкен
аумағын қамтамасыз ету қажет болғанда өзін ақтайды. Бұл
тұрғыдан ұялы жүйелер жақын қолданылу жүйелерінің (қалалық,
өңірлік) және жаһандық қолданылу жүйелерінің (ұлттық және
халықаралық роумингінің арқасында) қолданылу саласын жабады.
«Грант—Вымпел» компанияларының тобы «СОТЕЛ» федералды
желісімен бірлесіп, желі абонентінің ОЖА ұялы байланыстың
функционалдық мүмкіндіктерінің негізінде GrantGuard МОМЖ
ұсынады. Борттық навигациялық кешен комплектацияның бірнеше
нұсқаларында жеткізіледі. Минималды комплектацияда ұялы
телефонға қосылатын модемі бар мамандандырылған навигациялық
есептегіші пайдаланылады. Борттық кешен диспетчерлік орталыққа
ЖҚ орналасқан жері және оның жағдайы туралы деректерді беруді
(қосылатын датчиктерінің құрамына байланысты), штаттық емес
жағдайлар туралы хабарламаларды беруді қамтамасыз етеді.
Арнаның диспетчерлік орталықтың компьютерімен коммутациялау
уақыты бірнеше минутқа жетуі мүмкін, бірақ деректерді беру
уақытының өзі 20 с аспайды, оның арқасында шақыру телефон
желісінде тарифтелмейді. Бұл ретте, телефон арқылы сөйлеуді
жүргізу үшін телефонды пайдалану мүмкіндігі сақталады.
Кеңейтілген комплектацияда навигациялық есептегішке портативті
компьютер қосылады, ол «мобильді кеңсе» режимінде жұмыс істей
алады, автонавигатор қызметтерін орындай алады, орталықтың
ақпараттық базаларына қатынауды қамтамасыз ете алады. Автокөлік МОМЖ әзірлеуші фирмалары мен жеткізушілері ОЖА
жабдығын,
телекоммуникация
құралдарын
және
мамандандырылған компаниялардың БЖ пайдаланады. Келесі
әзірлемелер мысал бола алады.
«КОРД» фирмасы TESLA фирмасымен бірлесіп борттық
жабдықтарды және деректерді беру құралдарын жобалайды және
жеткізеді. Навигациялық жабдық, модем және радиостанция
бірыңғай құрылымдық блокқа біріктірілген. Борттық терминалды
дисплеймен және пернетақтамен қосу мүмкіндігі бар. Деректерді
берудің жеке хаттамасы радиожиіліктік спектрді тиімді
пайдалануға мүмкіндік береді, диспетчерлік орталықтың БЖ
векторлық, сондай-ақ расторлық электронды карталармен де жұмыс
істейді.
«ГеоСпектрум» фирмасы радиобайланыс жүйелерінің кең