Ұйымдастыушылық ( АЖ ұйымдастыру принциптері және
оның элементтерінің өзара іс-қимылы);
■
технологиялық (ақпаратты өңдеу әдістері және осы
әдістерді іске асыру технлогиясы);
■
техникалық (қазіргі заманғы есептеу және ұйымдастыру
техникасының мүмкіндіктері).
Өндірістік объектілерді (кәсіпорындар, бірлестіктер) басқарудың
ақпараттық жүйесі басқа бағыттағы АЖ қарағанда арнайы белгілермен
сипатталады. АЖ деректері негізінен АЖ кеңінен пайдалану арқылы
басқарушылық шешмідерді іске асыруға және экономикалық
математикалық модельдеу әдістеріне бағытталған. Мұндай жүйелер әр
түрлі деңгейдегі пайдаланушылармен өзара байланысумен және нақты
уақыт режимінде ақпарата пайдаланумен сипатталады.
«Ақпараттық жүйе» ұғымыны анықтау негізіне ресурстық әдіс
пайдаланылса, онда АЖ пайдаланушылардың негізгі басқару
функцияларын іске асру мақсатында кәсіпорынның ақпараттық
ресурстарын өндірудің, жинақтаудың, өзгертудің және пайдаланудың
әдістері мен тәсілдерінің жинағы деп алуға болады. АЖ
«пайдаланушының талаптарына сәйкес ақпаратты енгізу мен алуға
қажет техникалық және программалық элементтерінің әдістемесі» деп
айқындайды.
АЖ құру кезінде деректерді енгізу техникасына және оны
ақпаратқа
айналдыруға
үлкен
көңіл
бөлінеді.
Көрсетілген
технологиялық шешімдерді сараптау нәтижесінде басты міндет
шешіледі: АЖ шығу деректері басқару жүйесінің тиімді іске
асырылуын қамтамасыз ету мүмкіндігі өндірістік процестің жүйемен
байланысын ұйымдастырудың ұсынылған түрлеріне қарай шешіледі.
Осыдан бұрын айтылғандай, деректер өзгерту нәтижесінде
пайдаланушы үшін «түпкілікті өнімге», яғни ақпаратқа айналады. АЖ
деректерді фильтрлеу процесі синаксистік, семантикалық және
прагматикалық деңгейлерде орындалады.
Синтаксистік (физикалық) фильтр дегеніміз деректерді тарату
және сақтау құралдары болып табылады, олар мазмұндық өңдеуге
тимейді (алғашқы өңдеу ғана іске асады, бақылау, сақтау және іздеу).
Синтаксистік шу (деректерді таратуға әсер ететін физикалық бөгет)
АЖ пайдалану барысында хабарламалардың кейбіреулерін алып
тастауға алып келеді.