5 4 деректерді өзектендірілетін, жүйелі бағдарланған деректердің
жиынтығы.
Техникалық қамтамасыз ету — ақпаратты алуда басқару
әсерін жүзеге асыру құралдары, алу құралдары, енгізу, көрсету,
деректерді тапсыру және пайдалану құралдарының жиынтығы.
Математикалық қамтамасыз ету — жүйенің қызмет ету
барысында пайдаланылатын математикалық әдістер, моделдер
және ақпаратты өңдеу алгоритмдері жиынтығы.
Лингвистикалық қамтамасыз ету — табиғи тілді
нысандандыру, жүйеде АҚК – мен әрекеттестікте пайдаланушы
үшін қажетті ақпараттық бірліктерді құру және үйлестіру
жиынтығы.
Ұйымдастырушылық – әдістемелік қамтамасыз ету —
нақты автоматтандыру қызметтерін орындау үшін қажетті
объектінің ұйымдастырушы құрылымын және автоматтандыру
жүйесін анықтайтын құжаттар жиынтығы; АБЖ қызмет көрсету
жағдайында іс – әрекетті, сонымен қатар, іс – әрекет нәтижесін
ұсыну формаларын білдіретін құжаттар жиынтығы.