Модульдігі және тұрпаттылығы қағидасы жүйенің
максималды тәуелсіз бөлімдерін немесе модульдерін айқындау
мен дайындау және оларды әр түрлі ішкі жүйелерде максималды
пайдалануда жинақталады.
Жүйенің жеке бөлімдерінің өткізу қабілеттерінің келісімділік қағидасы АКБЖ бірізді буындарының өткізу
қабілетінің шамаланған теңділігін сақтау талап етіледі, бұл
олардың тең мөлшерде пайдалануын және жалпы жүйенің
максималды өнімділігін қамтамасыз етеді.
АКБЖ жобалау процесінде, соның ішінде автомобиль
көлігінде осы және басқа да қағидаларды негізіне ала отырып,
төрт негізгі ережелерді бөледі:
■ функционалдық – ұйымдастырушылық қосымша
жүйелерінің кешенділігі;