Байланысты: АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ АВТОМАТТАЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
7 0 көп жағдайда пайдаланушылар (әдетте қолдану қызметінің
басқарушы қызметкерлері) басқару шешімдерін қабылдауға қажетті
оперативті ақпараттың жетіспеушілігін сезеді.
Яғни, мысалы,
жоспарлы кезеңде жеткізу мерзімдерін немесе жөнелтпе қағаз
бойынша жөнелтім мөлшерлерін өзгерткен жағдайда қиындықтар
пайда болуы мүмкін, өйткені ТҚ дайындығы, оның орналасқан жері,
жүргізушінің дайындығы туралы ақпаратты оперативті түрде алу
мүмкіндігі болмайды. Бұл жерде диспечердің тәжірибесі, қажетті
ақпараттың мөлшерлік және сапалық сипаттамалрын анықтау
икемділігі де маңызды. Жағдайлардың типтілігі мен оларды
нысандандыру да нақты бір әсер етеді. Бұл жерде бағдарламалық деп аталатын жоспарлана алатын басқару шешімдері пайда болады.
Бұл жағдайды нақты уақыт тәртібінде жұмыс істейтін өндірістік АЖ
жоспарлау кезінде ескерген жөн, барлық қосымша жүйелердің
басқару объектілерімен байланыстылығын нақты шешу керек және
АЖ түрлі хабарламаларға қалай әсер ететінің анықтап алу керек.
Мысал ретінде АБЖ қосымша жүйесі ретінде істейтін АКК
жұмысын нақты уақыт тәртібінде қарастырайық. Жалақы есептеу
оперативті түрде жүзеге асырылмайды. Ауыспалы тапсырмаларды
орындау туралы деректерді тіркеуге дерек деген ұғым, уақыт кескіні
ұғымы да маңызды болады, ол әрдайым нақты уақыт тәртібінде
орындалу керек.
Нақты уақыт тәртібіне істейтін АЖ жобалаудың негізгі
бағыттарының бірі ЭЕМ пайдаланушымен диалогтық терезе құру
болып табылады. Диалогтық режим – АЖ қолдану тәсілдерінің бірі,
ол кезінде адам өңдеу құрылғысымен тікелей диалог құрады, ол
хабарламаларды берудің жаңа мүмкіндіктерімен нақты уақытта
ақпаратты
өңдеудің
жаңа
селбесуі
ретінде
туындады.
Пайдаланушылардың диалогтық режимде жұмыс істеу мүмкіндігі
басқару әдістеріндегі қажетті өзгерістерді негіздейді де және:
■
пайдаланушылардың
басқару
жүйесіндегі
жауапкершілігін орталықсыздандыруға;
■
басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін ақпараттың
дәйектілігі мен толықтығын жақсартуға;
■
ішкі ақпараттық алмасулар мен түрлі пайдаланушыларға
арналған ақпаратты ұсынуды стандарттау;
■
пайдаланушылар аясын кеңейтуге, АЖ қызметін
тиімділігін
арттыру,
оны
енгізіп
қолданудын
қызығушылығын арттыру маңызды әсер етуі мүмкін.