Оқулық Техникалық ғылымдар докторы, профессор А. Б. Николаев редакциясымен



Pdf көрінісі
бет93/326
Дата12.01.2022
өлшемі6,12 Mb.
#23977
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   326
Байланысты:
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ АВТОМАТТАЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ

корпоративтік  желілер  (Enterprise  Network)  деп  атау  қабылданған. 
Өндірістік  кәсіпорындардың  жұмысын  автоматтандыру  үшін  MAP/TOP 
хаттамалары базасындағы жүйелер қолданылады: 

MAP  (Manufacturing  Automation  Protocol)  —  өнімнің  барлық
ЖЦ  сүйемелдейтін  бірыңғай  технологиялық  тізбек  құруға
мүмкіндік беретін кәсіпорындар желісіне арналған хаттама;

TOP  (Technical  and  Office  Protocol)  —  техникалық  және
әкімшіліктендіру мекемесін автоматтандыру хаттамасы.
3.2.2 
Ақпараттық-телекоммуникациялық 
инфрақұрылым, есептеу желілері 
Бір-бірімен  арнайы  аппаратураның  көмегімен  байланысқан  және 
мамандандырылған  БҚ  басқаруындағы  компьютерлер  тобы,  кәсіпорын 
(ұйым)  шегінде  деректердің  алмасуын  қамтамасыз  етеді,  жергілікті 
есептеу желісі (ЖЕЖ) деп аталады. 
Компьютерді  ЖЕЖ  қосу  үшін,  желілік  адаптер  деп  аталатын 
құрылғы  қажет.  заманауи  желілік  адаптерлер  10...  100  Мбит/с 
жылдамдықта  ақпаратты  беруді  қамтамасыз  етеді.  Бір  бірінен  барынша 
елеулі  қашықтықта  (әртүрлі  қалалардағ  мемлекеттерде)  орналасқан 
компьютерлерді біріктірген кезде, ғаламдық желі туралы айтады. Қазіргі 
уақытта  ЖЕЖ  әлемдік  ауқымды  Интернет  желісіне  қосу  үрдісі 
байқалады. 
Жаһандану кезеңінде  деректерді берудің  барынша  жалпы  физикалық 
арнасы стационарлық телефон байланысы желілері бойынша арна болып 
табылады.  Компьютерді  телефон  желісіне  қосуға  қажет  құрылғы  модем 
деп  аталады.  Аталған  жағдайда  деректерді  беру  жылдамдығы,  ЖЕЖ 
сегменттеріне  қарағанда  аз  және  байланыс  арнасы  мен  модемнің  түріне 
қарай  мағыналы  тәуелділікте  тұр.    Деректерді  шапшаң  беру  үшін 


89
телефонның интегралды қызмет көрсететін цифрлық желілері (ISDN), тар 
жолақты  және  шудың  көтеріңкі  деңгейіне  ие  ұқсас  желі  арналарына 
қарағанда барынша жоғары дәрежеге келеді.  
Кәсіпорыннның 
ірі 
ЖЕЖ 
үшін 
магистралды 
іске 
асыру 
технологиясын  таңдау,  Ethernet,  TokenRing,  FDDI,  FastEthernet  тәрізді, 
төмеңгі  деңгейдегі  қолданылатын  хаттамалармен  анықталады  және 
желіде  қолданылатын  коммуникациялық  жабдық  үлгілеріне  мағыналы 
әсер етеді. 
Магистраль  —  ол  кез-келген  желінің  барынша  қымбат  тұратын 
бөліктерінің  бірі,  оның  қасиеттері  түпкілікті  қолданушылар  қосылған 
корпоративтік  желінің барлық сервистерінде дерлік  көрінеді.  Сондықтан 
да, магистраль жұмысының технологиясы туралы шешім, желіні жобалау 
мен жаңғырту кезеңіндегі стратегиялық шешімдер санатына жатады. 
Желі бойынша деректерді беру белгілі ережелермен реттеледі. 
Кейбір функцияларды атқаратын және қандай да болмасын деңгейдегі 
құрамға  кіретін  ашық  жүйе  бөлшектерінің  өзара  әрекеті  жүзеге 
асырылатын  ереже,  деректерді  беру  хаттамалары  немесе  желілік 
хаттамалар деп аталады. 
Компьютерлер  арасында  деректерді  беру  көп  қадамды  орындауды 
талап  етеді.  Мысалы,  бір  компьютерден  екіншісіне  файл  беру  үшін, 
файлды  бірнеше  бөлшектерге  бөлу  қажет,  одан  кейін  осы  бөліктерді 
белгілі түрде топтастыру қажет (3.6-сур.). 
Техникалық егжей-тегжейлігіне үңілмей ақ, мұндай желінің жұмысын 
келесі  түрде  көруге  болады:  желідегі  әрбір  компьютер  орнақ  арнаны 
бақылайды.  Егерде  ағымдағы  хабар  оған  бағытталса,  онда  ол  оны 
қабылдайды,  егерде  ол  бірнәрсені  беру  керек  болса,  онда  арна 
босатылады  және  хабарды  бастайды.  Пакеттерді  беруге  тырысу 
соқтығысқан жағдайда, ортақ арна бос болмаған жағдайда, бір компьютер 
басқаларын  озып  шықпағанша,  онда  белгілі  уақыт  аралығынан  соң 
деректерді  беруге  тырысу  қайта  орындалады,  ал  ортақ  арнаны  басып 
алып,  ол  толық  жылдамдықта  жұмыс  істей  отырып,  оны  тұтастай 
пайдаланады. Желінің аталған түрі Ethernet деп аталады. 
3.6-сурет Желі арналары бойынша берілетін хабарламаның құрылымы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   326




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет