Конвейрде бұйым бар кезде іс-әрекетті орындау: 2. Бұйымды өлшегіш құрылғыгы орнату. 3. Бұйым диаметрін өлшеу. 4. Егер диаметр белгіленгеннен үлкен болса, онда бұйымды № 1 дүкенге қою. 5. Әйтпесе бұйымды № 2 дүкенге қою. 6. Тарамақталудың соңы. 7. Циклдың соңы. Мұндағы жартылай қою шрифпен белгіленген жолдардың
әрекеттің, яғни, циклдің қайталануына қатысы бар. Алгоритмде
тармақталу да бар, бірақ олар ашық шрифпен жазылған.
Орындаушыға нақты қандай әрекеттерді қайталау керектігі
түсінікті болуы үшін бұл әрекеттер (циклдар) ерекшеленіп тұруы тиіс,
яғни, циклдың шегі көрсетілуі қажет. Циклдың қайталануы 1. Әзір конвейрде шартының орындалуына байланысты болғандықтан, осы
шарт жазылған жол циклдың бір шеті болуы мүмкін. Басқа шекараны
Циклдың соңы жолымен орнатады. Егер 1-шарт сақталса, онда
көрсетілген шекаралар арасында орналасқан 2...6-әрекеттер
орындалады. 1-шарт бұзылған жағдайда орындаушының келесі 7- жолдан кейінгі Циклдың соңы әрекетіне көшуі керек (егер алгоритмнің
жалғасы болса).
Қарастырылған алгоритмде циклді қайталау мүмкіндігін
анықтайтын шартты тексеру цикл әрекетінің өзін орындауды бастамас
бұрын жүргізілді. Бірақ кейде циклдың қайталану қажеттілігін тек оны
орындағаннан кейін алынған нәтиже бойынша бағалау мүмкін болады.
Осы не басқа нұсқаны таңдау орындалған әрекеттердің мәніне
байланысты.
Мысалы, конвейрлерді темір жол вагондарына тиеген кезде кезекті
конвейрді тиеп болған соң ғана вогонда тағы да бос орынның бар
екендігін және тиеуді жалғастыруға болатындығын анықтауға болады.
Бұл жағдайда циклдың қайталану шарты бар жол оның төменгі
шекарасы балып саналады, ал жоғарғы шекарасын Циклдың басталуы жолымен орнатады. Вагонға конвейрді тиеудің циклдық алгоритмін
құрастырамыз:
1.