1-ші тақырып. Қазақстанның қазіргі заман тарихына кіріспе



Pdf көрінісі
бет20/68
Дата18.01.2022
өлшемі4,71 Mb.
#24093
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68
Байланысты:
Тарих лекциялар

2. 1953-1964 
жылдардағы 
Хрущевтің 
«жылымығы» 
кезіндегі 
Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы. 
1956 жылы 14 ақпанда Мәскеуде КОКП-ның XX съезі өтіп, онда Сталиннің 
жеке басына табыну айыпталды. КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы 
Н.С.Хрущев бастаған коммунистер партиясы сталиндік диктаторлық үстемдігін 
әшкерелеп,  талдау  жасауға  тырысты.  «Жеке  басқа  табынушылық  және  оның 
салдары» туралы мәселе 25 ақпанда съездің жабық мәжілісінде көтеріліп, съезд 
өткен  соң,  жарты  жылдан  кейін,  30  маусымында  «Жеке  басқа 
табынушылықтың 
зардаптарын 
жою» 
жөнінде 
қаулы 
қабылданды. 
Н.С.Хрущевтің  XX  съездегі  «Сталиннің  жеке  басына  табынушылығын 


әшкерелеу»  туралы  баяндамасының  толық  мәтіні  33  жыл  өткен  соң  ғана  1989 
жылы жарық көрді. 
Тарихта  «жылымық»  деп  аталып  жүрген  1954-1964  жылдары  біршама 
басшылықтың ұжымдық принциптері енгізіліп, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі 
босаңси  бастады.  Қоғамдағы  кеңес  және  қоғамдық  ұйымдардың  рөлі  біршама 
өсті. Қоғамдық өмірді демократияландыруға бағытталған бұл шаралар біршама 
ой  еркіндігін  туғызды.  Нәтижесінде  мыңдаған  кінәсіз  сотталған  адамдар 
лагерьлерден  босатылып,  партияның  кейбір  көрнекті  қайраткерлері  ақталды. 
1930-1950  жылдары  істі  болған  зиялылардың  істері  қайта  қаралып,  1953-1956 
жылдары  партия  қатарынан  шығарылған  5456  адам,  Ұлы  Отан  соғысы 
жылдары  жау  басып  алған  аумақтарда  қалғандары  үшін  жазаланған  243 
коммунист ақталды. Сондай-ақ, 1954 жылы Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов 
еліне  оралды.  К.Бекхожин,  С.Мұқанов,  С.Кенебаев  партия  қатарына  қайтадан 
алынды.  Әйтсе  де,  Н.С.Хрущев  пен  оның  төңірегіндегілердің  Сталиндік 
тәртіпті  сынға  алуы  үлкен  ерлік  болғанымен,  олар  әбден  орныққан  әміршіл-
әкімшілдік  жүйені  толық  жойған  жоқ.  Әлі  де  кінәсіз  сотталған  адамдар 
түрмелерде  қалды.  Ресейлік  патша  өкіметінің  отарлау  саясатын  ақтау 
мақсатында,  Қазақстанның  Ресейге  өз  еркімен  қосылғандығы  кеңінен 
насихатталып, қазақтардан бірыңғай коммунистік ұлт шығаруға бағыт алынды. 
Тарихи  шындық  ақтаңдақ  қалпында  қалып,  кеңестер  жүргізген  қанды  қырғын 
біржақты  көрсетілді.  А.Байтұрсынов,  Ә.Бөкейханов,  М.Жұмабаев,  М.Дулатов, 
Ж.Аймауытов  және  т.б.  алаш  қайраткерлерінің  қызметіне  саяси  әділ  баға 
берілген  жоқ.  Ұлттық  республикалардың  егемендігі  жоққа  шығарылып, 
экономика  салаларында  жалпы  бағытты  белгілеу,  кадрларды  тағайындау  және 
тағы басқа көптеген мәселелер орталықтағы шағын топтың қолында қала берді. 
Қайта  құрулар  соңына  дейін  жеткізілмеді.  Сталиннің  өлімінен  кейін  жасалған 
іс-әрекеттің  жартыкештігінің  салдарынан  бір  жағынан  депортацияға  ұшыраған 
башқұрттар,  қалмақтар,  шешендер,  ингуштар  мен  қарашайлықтардың 
автономиясы  қалпына  келтірілсе,  ал,  екінші  жағынан  қырым  татарлары, 
немістер, месхет түріктеріне өз автономиясын қайта құруға әкімшіл-әміршілдік 
жүйе тыйым салды. 
Әкімшіл-әміршіл  жүйені  мойындаған  қазақ  зиялыларына  біраз  кешірімдер 
жасалғанымен  тоталитарлық  тәртіп  зиялыларды  бақылауын  тоқтатпады. 
Мысалы,  1953-1954  жылдары  М.Әуезовтің  «Ақын  аға»,  Қ.Шаңғытбаевтың 
«Намыс»  және  т.б.  еңбектері  басылымнан  алынып,  жариялануға  тыйым 
салынды. 
1956  жылы  19  желтоқсанында  КОКП  Орталық  Комитеті  жергілікті  партия 
ұйымдарына  «Партия  ұйымдарының  Бұқара  арасындағы  саяси  жұмысын 
күшейту  және  жау  элементтердің  антисоветтік  бас  көтеруіне  тыйым  салу 
жөнінде»  арнаулы  жабық  хат  жолдады.  Сөйтіп,  тұтқындау  науқанының  жаңа 
кезеңі 
басталды. 
Саяси 
тұрғыда 
басқаша 
ойлаушылар 
қоғамның 
қайшылықтарын ашық айтқандары үшін қудаланды. Бір ғана мысал, 1956 жылы 
белгілі  тарихшы  Э.Н.Бурджалов  «1917  жылғы  наурыз-сәуір  айларындағы 
большевиктердің  тактикасы»  атты  мақаласы  үшін  қызметтен  алынып, 
қудаланды. Ал, 1957 жылдың 3 айында ғана «Советтік шындықты бұрмалағаны 


үшін»  және  өткенді  қайта  қарағаны  үшін  100-ден  астам  адам  тұтқындалды. 
Мұндай келеңсіздіктер 1960 жылдары да қоғам өмірінен орын алды. 1959-1960 
жылдары 155 еңбектің жариялануына партия тарапынан тыйым салынды. 1960 
жылы  Қазақстан  жазушылар  одағы  республика  компартиясының  төрағасына 
С.Торайғыровтың  творчествосын  қайта  қарау  туралы  ұсыныс  жіберді.  Екінші 
жіберілген  хатта  Шәкәрім  творчествосын  қайта  қарауға  рұқсат  сұрады.  Бұған 
жауап  ретінде  республика  компартиясы  1961  жылы  Қазақстан  жазушылар 
одағының  қызметін  қанағатсыз  деп  тауып,  ұлт  мәселесін  көтерушілермен 
күресті  жандандырды.  Осы  жылдары,  керісінше,  орыс  тілінің  рөлін  ұлтаралық 
тіл ретінде көтеру мәселесі өте маңызды болды. 
Коммунистік  идеологияны  басшылыққа  алған  Н.С.Хрущев  республиканың 
барлық  өміріне  тікелей  араласты.  Қазақстанның  оңтүстік  аудандары 
Өзбекстанға  берілді.  Тың  өлкесінде  6  облыстың  өлкелік  партия  комитеті 
біріктіріліп,  тікелей  Мәскеуге  бағындырылды.  Ақмола  -  Целиноградқа,  Батыс 
Қазақстан - Орал облысына айналды. 
Ұлт  саясатындағы  бұрмалаушылықтар  халық  арасында,  әсіресе,  зиялылар 
мен  жастар  арасында  түрлі  наразылықтар  туғызды.  Кеңестік  жүйе  оларды 
барынша  жасырып,  бүркемеледі.  Осылайша,  Теміртаудағы  толқу  - 
тәртіпсіздіктің салдары ретінде бағаланды. 1963 жылы Мәскеуде оқитын қазақ 
жастарының бір тобы Б.Тайжанов, С.Ақатаев, М.Тәтімов, М.Әуезов бас болып 
«Жас тұлпар» атты ұйым құрды. Мақсаты - қазақ жастарының ұлттық санасын 
ояту.  Мұндай  ұйымдар  кейінірек  Ленинградта,  Киевте,  Алматыда,  Одессада, 
Ригада, Павлодарда, Қарағандыда, Ақмолада, Семейде, Шымкентте және басқа 
жерлерде пайда болды. 
стайды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет