Тілдік трансмиссия – тіл арқылы жүзеге асқан құндылықтардың
сақталып, табысталу тетігі.
Тілек есімдер (дезидеративтер) – ата-ананың сәбиіне ұзақ өмір, бақыт,
байлық, батырлық, батылдық, сұлулық, нәзіктік, сыпайылық, мәдениеттілік,
ақылдылық, даналық секілді жақсы қасиеттерді тілеу ниетінен туындаған
есімдер. Трансформация (transformatio – кейпі өзгеру) – негізгі ереже әрекеті
нәтижесінде үстірт құрылымның ішкі құрылымынан туындау үдерісі.
Тігінен мәдени трансмиссия (vertical cultural transmission) – балаға
мәдени құндылықтар, қабілеттер, наным-сенімдер мен уәждердің ата-ана
арқылы табысталуы.
Уәж (себеп-салдар) – тілдік белгінің атауына негіз болған құбылыс.
Уәждеме – тіл арқылы аталған заттың немесе құбылыстың белгілерін
бейнелеу актісі.