13
2. Заманауи қазақ антропонимиясының тілдік құрамы дәстүрлі қазақ
есімдеріне
тән
емес
антропонимдердің
белсенді
қойылуын,
ер
антропонимиясымен салыстырғанда әйел антропонимиясында еуропалық
есімдер есебінен шет тілден енген антропонимдердің басымдығын көрсетеді.
Әуезді, жағымды есім беруге деген талпыныс қазақ есімдер жүйесінің ұлттық
біртұтастығын бұзбайды, себебі, антропонимдік кеңістік өзегін қазақ есімдері
және қазақ мәдениетімен игеріліп қазақ есімдері ретінде қабылданатын
антропонимдер құрайды.
3. Кісі тегі – белгілі бір отбасында ұрпақтан ұрпаққа шексіз жалғасып,
өзгеріссіз берілетін генетикалық маркер, мұрагерлік атау. Қазақ мәдениетінде
тарихи қалыптасқан орыс тілі үлгісіндегі үш мүшелі антропонимдік
формуламен бірге параллельді түрде 1980 жылдан бастап екі мүшелі
тегі+есімі
формуласы қолданылады, мұнда кісі тегі рөлін әулет аты, арғы атасының аты,
сонымен бірге әкесінің аты атқарды. 2018 жылғы дерек бойынша ұлттық нұсқа
ретіндегі қазақ антропонимдік формуласының үш типі тұрақты түрде
қолданыста:
есімі+әкесі+тегі,
есімі+тегі, тегі ретінде әке аты қолданылатын
есімі+әкесі. Келесі ұрпаққа берілмейтін әке атын кісі тегі қызметінде қолдану
генетикалық тізбекті үзеді.
4. Антропонимдік жүйеде
ұлттық тілдік санаға негізделген базалық
антропонимдердің ұрпақаралық табысталу үдерісі – антропонимдік
трансмиссия құбылысы байқалады. Антропонимдік трансмиссия: тігінен
антропонимдік трансмиссия және көлденең антропонимдік трансмиссия болып
екі түрге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: