Кісі тегі. Түсіндірме сөздікте кісі тегіне келесі анықтама беріледі:
«фамилия» (лат. familia) – наследственное семейное наименование,
прибавляемое к личному имени и переходящее от отца (или матери) к детям, а
также (до революции, теперь необязательно) от мужа к жене [24, c. 1056].
Римдіктерде көпсатылы кісі есімі жүйесі ерте кезеңнен бастап
қалыптасып, мемлекеттік органдар мен мемлекетті басқару ұйымдары
құрамында көптеген колониялардың болуына байланысты азаматтардың толық
аты-жөнінің, сан мыңдаған рим әскерлері қатарындағы жауынгерлердің нақты
есімінің болуына қатаң талап қойылған. Мысалы, адам аты-жөнінің келесі
түрлері кездеседі: кісі есімі (praenomen), көп жағдайда, қысқартылып, есімнің
бас әріптерімен аталу (Маrcus – орнына M), рулық есіммен аталу (homen),
фамилиямен аталу (cognomen) немесе отбасы атымен аталу, қосымша
бүркеншік ат (agnomen): Публий Корнегий Сципион Африканский [7, c. 89-90].
Яғни римдіктер үшін кісі тегі оның құқықтық жағдайын айқындап көрсетіп,
сонымен қатар ақсүйек әулетінен шыққандығының белгісі ретінде есептелген.
Бұл тұрғыда римдіктерде ерте кезеңдердің өзінде аты-жөнінің толық болуына
баса назар аударылғандығын байқауға болады.
Көне түркі руникалық жазуы тарихын зерттеген түркітанушы ғалым
А.С. Аманжолов өз еңбегінде Қазақстан аумағынан табылған эпиграфиялық
материалдарды талдау барысында көне түркі халықтарында да хандар мен
батырлардың өз есімінен бөлек рулық есімі, ерлік жасаған есімі, шайқастағы
есімі, лақап аты болғандығын атап өтеді. Мысалы: «Мое геройское имя – Кара-
Чур (меткий стрелок), вражеское (на войне) имя Кар-Яз-маз (букв. «Рука-Не-
Промахнется». qar «верхняя часть руки»); Сю-Чур – его родовое имя.
Высокородный племянник, внук (для) знатного, ханского рода (по материнской
линии). Вражеское (на войне) имя – Кыйаган» [25, c. 92]. Мұндай есімдер
шайқас алаңында көрсеткен ерліктеріне, батырлық ерекшеліктеріне қатысты
берілгендігін аңғаруға болады.
J.C. Scott кісі тегінің әкімшілік өкілетті органдар тарапынан адамды дұрыс
сәйкестендіру қажеттілігінен туындап, кейін тектер қоры (pool of surnames)
нақты сол адамды тану мақсатын көздегені жайлы мынадай тұжырым жасайды:
«The development of the personal surname went hand in hand with the development
of written, official documents such as tithe records, manorial dues rolls, marriage
registers, censuses, tax records, and land records. They were necessary to the
successful conduct of any administrative exercise involving large numbers of people
who had to be individually identified and who were not known personally by the
authorities» [26, p. 67]. Кісі тегінің дамуы жазбаша ресми құжаттардың, атап
айтқанда иеліктегі жерді, жеке қонысты, заңды некені тіркеу, халық санағын
жүргізу, салық пен жер мәселесіне қатысты дамыды.
Н.А. Баскаков «Русские фамилий тюркского происхождение» атты ғылыми
еңбегінде түркі халықтары арқылы орыс тіліне енген 300-ге жуық кісі тегіне
тарихи-филологиялық талдау жасаған [27].
19
Г.В. Тропин славян тілдеріндегі ата-баба (әке, ата, арғы ата) есімінен
жасалған тектердің 5 түрін қарастырады: а) -ич; б) -ов, -ев, -ин; в) -ко; г) -чук -
юк жұрнақтарына аяқталатын; д) кісі есімінен жасалған тектер (Петрусь, Игор,
Спиридон) [18, c. 22].
А.М. Селищев зерттеу жұмысында орыс тілінде кісі тегін феодалдық-
меншік тенденциясына қатысты туындап, XVI-XVIII ғасырларда қалыптасты
деп тұжырым жасайды. Олардың арасында -ский (-ской) жұрнағына (суффикс)
аяқталып, феодалға тиесілі территориялық аймақты (Елецкий (Елецкой),
Звенигородский (Звенигородской), Мосальский), -ский жұрнағына аяқталып
феодалдың шыққан, туған жерін (Мещерский, Сибирский, Тюменский)
білдіретін бірқатар кісі тектері болған [28, c. 97].
Жоғарыда аталған зерттеуді дамыта отырып, А.В. Суперанская бір
отбасынан, бір атадан тарағандар -ов, -ев, -ин, туған жерін көрсету үшін -ский
жұрнақтарын қолданған деп атап өтеді. Кузнецов, Волков, Гришин, Иванов
сынды бұқараға тән кісі тектері әлеуметтік жағдайдың айқын көрінісін
аңғартады [19, c. 76-77].
Т. Жанұзақов орта ғасырда Орта Азияда және қазіргі Қазақстан аумағында
өмір сүрген ұлы ойшылдардың туған жері немесе қаласының атауын тегі
ретінде қолдану үлгісі архаизм факторына айналғанын айтады. Мысалы:
Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Әбу Насыр әл-Фараби, Қадырғали
Жалаири, Әбуабдулла Рудаки, Шахид Балхи, Әлішер Науаи, Бируни, Тарагани,
Низами т.б. [13, 99-100 бб.].
Ч.С. Темиров өз еңбегінде Қазақстан Ресей құрамына қосылған кезеңге
дейін қазақтарда тек болмағандығы жөнінде: «Никаких фамилии раньше не
было, только имя и отчество. Аксакалы и карасакалы, встретив незнакомого
юношу, в первую очередь спаршивали: Кімнің баласысың? Руың кім?» деп атап
өтеді [29, c. 268].
Қазақ кісі тектерінің алғашқы нұсқалары орыс тіліндегі кісі тегі (фамилия)
үлгісі негізінде XVII-XVIII ғасырларда қолданыла бастайды. Бұл дәуірлерде
кісі тегін үстем тап өкілдері, қала тұрғындары иемденген. Кісі тегін қолдану
Қазан төңкерісінен кейін қалыптасып, кеңінен тарай бастады [13, 100 б].
Тектің жасалу тәсілі туралы В.А. Никонов «Русские фамилии при
возникновении имели форму прилагательных. Преобладающий способ
славянского именного словообразования – суффиксация» дейді. Демек орыс
тілінде кісі тегі сын есім тұлғасында болып, олардың жасалуында жұрнақ қосу
басты тәсіл болып табылады [20, c. 204-205].
Қазақ қоғамында кісінің аты-жөні ресми түрде орыс тіліндегі үш мүшелі
аты-жөні үлгісі бойынша қалыптасуы, дамуы, олардың қазіргі кезде құжаттарда
кездесетін бірнеше нұсқалары жөнінде Г.Б. Мадиева, Р.М. Таева «The Evolution
of Kazakh surnames: “For” and “Against”» атты еңбектерінде баяндайды.
Ғалымдар кісі тегін әлеуметтік және заңдық тұрғыда маңызды қызмет
атқаратын тарихи категория ретінде қарастырады: the surname is a historical
category representing an additional individualizing sign which performs important
20
social and legal functions: individuals’ identification and socialization in society»
[30, p. 4799].
Жалпы кісі тегінің есім мен әке атынан басты ерекшелігі оның адам аты-
жөнінде тұрақты бөлшек ретінде белгілі бір отбасында ұзақ уақыт бойында
ұрпақтан ұрпаққа жалғасуында, ал есім мен әке аты үнемі өзгеріп отырады.
Адамға есімі дүниеге келген кезінде отбасында қойылса, тегі ата-бабадан мұра
ретінде беріліп, адамның нақты бір отбасына немесе белгілі бір жерге қатысын
білдіреді және әр түрлі морфологиялық тәсілдер арқылы жасалған.
Антропонимдердің әлеуметтік лингвистикалық аспектісі. Қоғамның бір
мүшесін өзге мүшелерінен ажырату үшін адамға есімнің қажеттігін Levi-Strauss
келесі сөздермен дәйектейді: «naming claims unity at the heart of diversity» [31, p.
176].
Ономастика салалары ішінде антропонимиканың әлеуметтік аспектіде
ерекше назар аудартуы жайлы Т. Жанұзақов: «Антропонимы по сравнению с
топонимами, астронимами, космонимами, зоономами представляют большой
интерес в социологическом аспекте» [31, c. 13] деп атап өтеді.
В.У. Махпиров антропонимдердің тұлғаны сәйкестендірудегі әлеуметтік
қызметін «Антропонимия в широком смысле этого слова в древности, как,
впрочем, и сейчас, имела чрезвычайно большое значение для члена обшества»
[33, c. 29]. Демек қай кезеңде, қай қоғамда болмасын қоғам мүшесі үшін
антропонимдер айрықша маңызға ие болған.
J. Algeo өз еңбегінде адам баласы есімінің әлеуметтік және психологиялық
аспектісі жайлы: «People are almost invariably named, indeed, a human being
without a name would be socially and psychologically less than a fully man» дейді
[14, p. 728]. Мұнда қоғамдағы барлық дерлік адамның есімі болады, есімі жоқ
адам әлеуметтік және психологиялық тұрғыда толыққанды тұлға деп есептеуге
келмейтіндігі баяндалады.
F. Akinnaso антропонимдердің әлеуметтік аспектісі туралы «Like every
aspect of society, the name, which is a symbolic system of identification, is usually
historically constructed, socially maintained, and based on shared assumption of a
Достарыңызбен бөлісу: |