Әлиакбарова айгерім тілесбекқызы



Pdf көрінісі
бет55/175
Дата20.01.2022
өлшемі4,95 Mb.
#24127
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   175
Байланысты:
Диссертация Әлиакбарова АТ

Әйел антропонимиясыАффикстік тәсілмен жасалған әйел есімдері: 
-ым, -ім – АйымАсылымБалымНазым
-ар – Жанар;  
-дай, -дей – Айдай
-ты, -ті, -лы, -лі – ДәмеліСәттіРайлыШырайлымМерейлім,Үкілім;  
-лық – Мұңлық
-жан – АйжанБалжанГүлжанТойжанТоқжан
-ған, -кен, -ген – АңсағанАйкен 
-аш, -еш – АйнашАлмашДәмеш
Б. Әбдуәлиұлы  өз  жұмысында  бастапқы  мағынасынан  алшақтап, 
антрополексемалық сипатқа ие болған компонеттерге келесілерді жатқызады: -
бай, -бек, -гүл, -жан, -ман, -тай, -хан, -келген (-ді), -берген (-ді, -сін), -туған (-
ар). Олар жалғанған сөздердің барлығы дерлік антропоним қызметін атқарады 
[86, 50 б.]. 
Қазақ  тіліндегі  қазіргі  туынды  тұлғалы  антропонимдердің  құрамында 
кездесетін антропокомпоненттерге:  айақбалергүлкүннұрбайбекбақ
балабикебибібөпегүлғалиеркежансұлутайтөрехан жатады.  
Ер 
антропонимиясы
Ер 
есімдерінің 
жасалуында 
кездесетін 
антропокомпонеттер төмендегідей: 
- ер антропокомпоненті арқылы жасалған жасалған антропонимдер: Ералы
ЕрасылЕрболЕрболатЕрғалиЕржанЕркебұланЕрғалымЕрқанатЕрлан
Ерназар,  Ернияз,  Ермәди,  Ермұхамед,  Ернар,  Ернат,  Ернұр,  Елдос,  Елжан
ЕлжасЕрденЕрдосЕрсайынЕрсейітЕрсұлтанЕртайЕрхан
ай антропокомоненті арқылы жасалған антропонимдер:  АйбарАйбарыс
АйбекАйболАйзатАйдосАйсұлтанАйтуар
-  ақ  антропокомоненті  арқылы  жасалған  антропонимдер:  Ақәділ,  Ақарыс
Ақберген,  Ақболат,  Ақжан,  Ақжар,  Ақжол,  Ақжігіт,  Ақкелді,  Ақнан
АқсұлтанАқтілек
-  ғали  антропокомоненті  арқылы  жасалған  антропонимдер:  Айғали
ЖанғалиНұрғали
нұр антропокомоненті арқылы жасалған антропонимдер: ӘлинұрНұрасыл
Нұрбатыр,  Нұрбек,  Нұрдәулет,  Нұрдос,  Нұрдосет,  Нұрмахан,  Нұрмұхаммед
НұрсерікНұрсұлтанНұртілеу
-  күн  антропокомоненті  арқылы  жасалған  антропонимдер:  Күнтуған
Күнтуар


62
 
 
-  бақ  антропокомоненті  арқылы  жасалған  антропонимдер:  Бағашар
Бақберген,  Бақдәулет,  Бақдәуір,  Бақкелді,  Бақнұр,  Бақыт,  Бақытжан
Бақтияр
-  жан  антропокомоненті  арқылы  жасалған  антропонимдер:  Асылжан
Ғалымжан,  Бауыржан,  Бекжан,  Дәуіржан,  Елжан,  Зауыржан,  Жантөре
Нұржан
-  ерке  антропокомоненті  арқылы  жасалған  антропонимдер:  Еркебек
ЕркебұланЕркеғали
-  бала  антропокомоненті  арқылы  жасалған  антропонимдер:  Балабек
БалабиБалақожа;  
-  төре  антропокомоненті  арқылы  жасалған  антропонимдер:  Ертөре
ЖантөреНұртөреХантөре;  
-  хан  антропокомоненті  арқылы  жасалған  антропонимдер:  Абылайхан
АйханӘділханӘлиханЕсімханЕрханЖеңісханМейірханМұсаханНұрхан
ШерханШыңғысханХангелді.  
Әйел антропонимиясы. Әйел есімдері келесі антропокомпоненттер арқылы 
жасалады: 
-  ай  антропокомоненті  арқылы  жасалған  антропонимдер  Айгүл,  Айғаным
Айдана,  Айдария,  Айжамал,  Айжан,  Айжұлдыз,  Аймекен,  Аймерей,  Айзере
АйнұрАйсаяАлтынай, Нұрай;  
-  ақ  антропокомоненті  арқылы  жасалған  антропонимдер:  Ақбибі,  Ақбілек
Ақбота,  Ақерке,  Ақжан,  Ақжібек  Ақжүзік,  Ақзер,  Ақманат,  Ақмарал
АқмаржанАқназАқтілек, Ақторғын
-  бала  антропокомоненті  арқылы  жасалған  антропонимдер:  Айбала
АқбалаГүлбалаБалажанЖанбала;  
-  бибі  антропокомоненті  арқылы  жасалған  антропонимдер:  Айбибі
НұрбибіБібінұрБибіхан
-  бике  (-ш)  антропокомоненті  арқылы  жасалған  антропонимдер:  Айбике, 
Ақбикеш;  
-  бөпе  антропокомоненті  арқылы  жасалған  антропонимдер:  Ақбөпе
Айбөпе
-  гүл  антропокомоненті  арқылы  жасалған  антропонимдер:  Айгүл,  Ақгүл
Бибігүл,  Бейбітгүл,  Гүлбала,  Гүлбану,  Гүлбаршын,  Гүлдариға,  Гүлден
ГүлжазираГүлжанГүлжанатГүлжәмиләГүлзияГүлмираГүлназГүлнұр
ГүлсімГүлфайрузГүлім
-  нұр  антропокомоненті  арқылы  жасалған  антропонимдер:  Ақнұр,  Балнұр
ГүлнұрЖаннұр, Нұрай (НұрайымНұрайлым), НұржамалНұрсәулеНұрзезім
НұрсұлуСеманұрТаңнұр
күн антропокомоненті арқылы жасалған антропонимдер: АйкүнКүнсұлу
Күнімай
бақ антропокомоненті арқылы жасалған антропонимдер: БағжанБақнұр, 
Бақбереке


63
 
 
-  жан  антропокомоненті  арқылы  жасалған  антропонимдер:  Айымжан
АлияжанАлтынжанАружанГүлжанЖанботаЖанбике, ЖангүлЖансая
ЖансәулеТоғжанҰлжан
ерке антропокомоненті арқылы жасалған антропонимдер: АйеркеАқерке
БалеркеЕлеркеЕркеайымЕркежанЕркеназЕркенұрЖанеркеНазерке;  
-  хан  антропокомоненті  арқылы  жасалған  антропонимдер:  Гүлхан
ХанайымХанзираХансұлу.  
Сонымен  ер  және  әйел  антропонимдерінің  жасалуында  ортақ  ақ,  ерке
жан,  нұр,  хан,  зада  антропокомпонеттері  екендігін  аңғаруға  болады.  Алайда, 
гендерлік  айырмашылықтарға  қатысты  ер  мен  әйел  антропонимдеріне  тән 
компонеттер  де  бар.  Мысалы,  ер  есімдері  –  ер,  бай,  бек,  ғали,  төре,  ал  әйел 
есімдері – гүлбибібикебөпесұлу антропокомпонеттері арқылы жасалады. 
Қазақ  тілінде  түбір  тұлғалы  кісі  аттарынан  басқа  біріккен  тұлғалы  кісі 
аттары  да  көп.  Олардың  компоненттері  зат  есім  мен  сын  есім,  етістік  пен  зат 
есім, сын есім мен зат есім тіркестерінен келеді де, тұтас бір атауды білдіреді 
[13, 140 б.]. 
Сонымен  қазіргі  ер  және  әйел  есімдерін  сөз  таптарынан  жасалу  жолдары 
бойынша төмендегідей талдауға болады. 
Ер есімдері. Сөз таптарынан жасалу жолдары
1) зат есім + зат есім: АйбатырАйсұлтанБақдәулетБекназарЖансерік
ЖанқуатБекарысНұрзатНұрсұлтан;  
2) зат есім + сын есім: ЕркенжеЖақсыбайЕрасылНұрасыл
3) зат  есім  +  етістік:  Айтуар,  Әуезберді,  Есбол,  Тәңірберген,  Ырыскелді
ТілеубердіЕрболЕрболатНұртілеуТаңатар;  
4) сын  есім  +  зат  есім:  Кенжебек,  Ақжол,  Аққұлан,  Асылжан,  Аманжол
АсқартауАқтілек;  
5) сын есім + етістік: АқбергенАқкелді;  
6) сан есім + зат есім: БіржанСегізбай;  
7) етістік + зат есім: БердібекТілеужанБолсынайЖайнагүл;  
8) етістік + етістік: АяпбергенСатыбалды, Тілеуберген;  
9) етістік + үстеу: ТұрсынәліЫрысәлі
Әйел есімдері. Сөз таптарынан жасалу жолдары
1) зат  есім  +  зат  есім:  Айжұлдыз,  Айкүміс,  Айсымбат,  Алмагүл,  Гүлбала, 
Гүлшахар
2) зат есім + сын есім: АйсұлуНұрсұлуАйкенжеАқкенжеЖансұлу
3) зат есім + етістік: ГүлболсынГүлжайнарҰлболсынҰлтуар;  
4) сын есім + сын есім: АқжарқынАқсұлу;  
5) сын есім + зат есім: Ақмарал, АлтынайАлтыншаш, Асыларай, Еркеназ
Сұлушаш
6) сан есім + зат есім: БірғанымМыңшаш;  
7) етістік + зат есім: ЖайнагүлТұрсынайТұрғангүл;  
Тілдік  бірліктерді  саралау  нәтижесінде  қазіргі  қазақ  антропонимиясында 
ұлға  мен  қызға  қойылатын  ортақ  есімдер  кездесті:  Айзат,  Ақжан,  Ақниет
Ақпейіл,  Ақтөре,  Ақтілек,  Ақсұңқар,  Аңсар,  Арай,  Арафат,  Ардақ,  Арман


64
 
 
Айнұр,  Асылжан,  Асылхан,  Аян,  Әділет,  Әлинұр,  Бағдат,  Бағжан,  Бақнұр,
 
Бақыт,  Бақытжан,  Бағлан,  Бейбіт,  Бекзат,  Дәулет,  Дидар,  Елнұр,  Жан
ЖанарЖанатЖаннұрЖарқынЗейін,
 
КөркемҚалжанҚанағатҚаршыға,
 
МақсатМерейНұржанатНұршатОңласынОрынбасарӨркенПарасат
Райхан,  Рауан,  Рахат,  Риза,  Рысхан,  Сағадат,  Салтанат,  Самал,  Сәулет
Сымбат,  Сұнқар,  Табиғат,  Тілектес,  Үміт,  Ханзада,  Шадияр,  Шалқар
Шапағат, Іңкәр.  
Ер  және  әйел  антропонимдерін  ажыратуға  мүмкіндік  беретін  тек 
категориясына қатысты бір түбірден жасалып, -а жалғануы арқылы ажыратуға 
болатын  заманауи  есімдер  қатары  артқандығын  атап  өтуге  болады:  Айдан  – 
Айдана,  Алан  –  Алана,  Даян  –  Даяна,  Дидар  –  Дидара,  Дияр  –  Дияра,  Диляр  – 
Диляра,  Елжан  –  Елжана,  Замир  –  Замира,  Карим  –  Карима,  Мүслім  – 
Мүслима,  Рашид  –  Рашида,  Раян  –  Раяна,  Ренат  –  Рената,  Ризат  –  Риза
Руслан  –  Руслана,  Сағи  –  Сағия,  Салим  –  Салима,  Саян  –  Саяна,  Сұлтан  – 
Сұлтана
Сонымен  әйел  антропонимдерімен  салыстырғанда  ер  антропонимдерін 
жасауда  қолданылатын  аффикстер  саны  көбірек.  Заманауи  антропонимдік 
қорда  келесі  -ан,  -ен,  -дық,  -тік,  -ыс,  -іс  -с,  -ыш,  -іш  аффикстерінен  жасалған 
әйел  есімдері  кездеспеді.  Антропокомпонеттер  арасында  ер  компоненті  ер 
есімдерін жасауда, гүл компонеті әйел есімдерін жасауда кеңінен қолданылады. 
Сондай-ақ  гендерлік  айырмашылықты  ажыратуға  мүмкіндік  беретін 
антропокомпонеттер де бар.  
 
2.2.2 Қазақ кісі тектерінің құрылымдық-сөзжасамдық түрлері 
Заманауи  қазақ  антропонимиясын  құрылымдық,  сөзжасамдық  талдау 
нәтижесінде кісі есіміне қарағанда кісі тегінің жасалу жолдары күрделі болып 
келеді.  Кісі  тегін  жасауда  қолданылған  аффикстер  саны  жағынан  ауқымдырақ 
болып келеді.  
Кісі тегі құрамында кездесетін аффикстер
-ды, -ді, -ты, -ті, -лы, -лі – ҚалдыбаевМалдыбаеваМеңдібаевБақтыбаев
ҚұттыбаевСүттібаеваНұрлыбаевСырлыбаевӨтеули(і)н;  
-шы, -ші – Жаңбыршы(н)овСұраншы(н)овҚойлыбаеваЖұмысши(ы)ева
Жылқыши(ы)еваМайлыбаева
-дар – АйдаровЖандарбаевЖылқайдаровҚалдаровҚойайдаров;  
-дас, -дес, -тас, -тес, -лас, -лес – ЖолдасбековТілектесовТілеуслесов
-лық,  -дық,  -дік  –  Бабалықова,  Амандықова,  Қуандықов,  Жақсылықов
СағындықовСүйіндіков;  
-ай,  -ей  –  Ақа(й)ева,  Әміре(й)ева,  Доса(й)ев,  Ек(і)ейбаев,  Жұбана(й)ев
Көбе(й)еваҚона(й)ееваҚоса(й)евҚыза(й)евСағына(й)евШыға(й)ева;  
-ақ, -ек – ЖайнақоваҚонақбаевТарақоваСейтекова;  
-ан, -ен – АймановЖұмановҚосановаБекеноваТөленовТөртенов
-ар, -ер – АтароваАсароваБастаровКөшеровҚайнарбековаТоқтаров
ТұрароваСүйероваӨсеровШаншарбаев;  
-ан, -ен – ДосановЖолановаҚожанова, Қосанов, БекеновКөкенова


65
 
 
-аш, -еш – БабашевАйешоваҚарашевТілешоваСұрашеваӨтешова;  
-жан  –  Айтжанов,  Асжанов,  Есжанова,  Керімжанов,  Қаражанов, 
Молжанов, НұржановаРақымжанов, Таужанова;  
-лан,  -лен,  -дан,  -ден,  -тан,  -тен – Бауланов,  Бостанов,  Берденов,  Ерденов
МайтеновНұрлановТөленовӨтеуленов;  
-қай, кей – БалақаевДоске(й)евЖауке(й)еваКүреңке(й)еваМалке(й)ева
Тауке(й)еваТілеуке(й)ев;  
-қан,  -ған,  -кен,  -ген  –  Байкенов,  Елеукенов,  Жұбатқанова,  Қоңырқанов
ҚалкеновҚашағановаСәткенбаевТоқтағановТөлегенова
-сыз, -сіз – СансызбаеваЕлеусізовЕренсізовҚадірсізовТергеусізов;  
-сын,  -сін  –  Байтұрсынов,  Жарылқасын,  Құралсынов,  Тоқтасынов
ТұрсыновИгісіновЕлеусіновКөбейсіновСүйесінов;  
-бай 
– 
Алмаба(й)ев
Асықба(й)ева
Балғаба(й)ева
Дәрібаева
Қайрақба(й)евҚарсақба(й)евТауба(й)евТезекба(й)евШалаба(й)ев;  
-бек  –  Ақылбеков,  Алмабеков,  Асырбеков,  Еркебеков,  Жұмабеков
ИманбековКемелбековаҚуатбековаҚұсбековТайбеков, Өрімбеков
-дай,  -дей,  -тай,  -тей  –  Аманта(й)ев,  Жан(й)даева,  Жолта(й)ева
Көлта(й)еваНұрта(й)ев;  
-мыс, -міс – ҚұрамысовТоктамысовТөлемісоваТілемісова;  
-ман,  -мен  –  Айменова,  Байменова,  Бегманов,  Болманов,  Құлманова
МейірмановаНұрмановаТаймановаТелмановаТұрманов
-мас, -мес – ЕлемесовБөлемесовҚойсоймасов;  
-мыс, -мыш – ҚармысоваБаймышевНұрмышев
-ыс, -іс, -с – ҚонысбаевНақысбековТұрысбаевТілесоваЖеңісов;  
-ыш, -іш – АқышевНұрышевҚалышовҚапышеваСүйінішова.  
Кісі  тегінің  сөз  таптарынан  жасалу  жолдары.  Қазақ  тіліндегі  екі 
компонентті  етістіктен  жасалған  кісі  есімдерінің  көп  жағдайда  мағыналас 
болатыны  жайлы  З.К. Жанғабылова:  «Мәселен,  Аяпберген,  Аяпберді
Жарылғапберген,  Сұрапберген,  Сұрапалды,  Тілепалды,  Тілепберген,  Тілепберді 
есімдері көптен баласы болмай жүрген отбасында кездесетін болса, Сатыпалды 
есімі – қазақтың өз баласын сатып алу ғұрпына байланысты қойылған есім. Ал 
ӨтепбергенТөлепберген есімдері қайтыс болған баладан кейін туылған балаға 
төлеуіне келген бала мағынасында қойылатын есімдер. Бердіоңғар есімі оңынан 
берді  мағынасында  қойылған  болса,  Тоқтаболат  есімі  –  енді  осымен  тоқта, 
жетеді,  болады  деген  мағынада  баласы  көп  үйлерде  кездесетін  есім.  Бұл  есім 
дара тұлғада Болдық түрінде де кездеседі» деп атап өтеді [76, 66-67 бб.]. 
Сөз  таптарынан  жасалған  кісі  тектері  заманауи  кісі  есімдерімен 
салыстырғанда  балаға  есім  таңдауда  шексіз  қиялға  ерік  берумен,  яғни  бай 
антропонимиялық  қордың  болғандығымен  ерекшеленеді.  Кісі  тегінің 
сөзжасамдық  сипаты  кешенді  болып  табылады,  қазақ  тілінің  байырғы  сөздері 
кеңінен қолданыс тапқан:  
-  зат  есім  +  зат  есім:  Белгібаев,  Баймұратов,  Байшапанов,  Ердәулетов
ҚаламхатовМұзбұлаковТасеменоваӨмірсеріков
- зат есім + сын есім: Бай(қ)ғараеваНұртазинЖоламановаТүнқараева,  


66
 
 
- зат есім + етістік: АйтуғановБайбо(л)сыновБайтілеуоваЖантуарова
Жанбо(л)сыновЖаубасаровИталмасоваСүтемгеновТанатароваІзтілеуов
-  сын  есім  +  сын  есім:  Өрғ(қ)араева,  Аманесенова,  Кенжеқараева
Есенсариева;  
-  сын  есім  +  зат  есім:  Ақтаева,  Ашықбаев,  Жақсыбаев,  Жаманбалина
Кө(п)бжановаҚаражанов, ҚарамолдаеваҚаражігітоваТазабаев
-  сын  есім  +  етістік:  Аман(к)гелдиев,  Есенбердиев,  Көпжасаров
Тоқбергенов; 
- есімдік + зат есім: Бәрібаев;  
- етістік + зат есім: ТоқтабаевТөлебаеваТілеужанова, Шаншарбаев
-  етістік  +  етістік:  Аяпбергенов,  Қалапбергенова,  Сатыбалдиева
ТөлепбергеноваТілепбергеноваӨтепбергенова
-  сан  есім  +  зат  есім:  Алтыбаева,  Үшкемпіров,  Жетіруов,  Сегізбаев
ЕлубаевҚырықбаевЖетпісбаеваТоқсанбаеваЖүзбаеваМыңбаев;  
- сан есім + етістік: ЖүзжасароваМыңжасарова;  
- үстеу + зат есім: ӘуелбековЖаңабековаӨтебаевӨтеғұлов
-  екінші  компоненті  етістік  категорияларынан  жасалған  кісі  тектері: 
Елегенов,  Жүргенов,  Төлегенов,  Табылғанов,  Сақтағанова,  Төлегенов
ЕсенгеновКелгенбаевКөбегеновӨтегенов
Сонымен  талдау  нәтижесі  бойынша  заманауи  қазақ  кісі  есімі  мен  тегі 
арасында  айтарлықтай  айырмашылықтар  анықталды.  Заманауи  кісі  есімдері 
қатарынан  қазақ  халқының  ғасырлар  бойы  сақталып  жеткен  наным-сенімдері, 
ырымдары, салт-дәстүрлеріне байланысты есімдерді сирек кездестіруге болады. 
Бүгінгі  таңда  жас  ата-аналар  сәбиге  есім  таңдауда  оның  сыртқы  формасына, 
дыбысталуына,  заманауи  және  сәнді  есім  болуына  баса  назар  аударады,  яғни 
есімнің  білдіретін  мағынасына  аса  мән  берілмейді.  Кісі  тегін  жасауда 
қолданылған  кейбір  жұрнақтар  қазіргі  есімдерді  жасауда  мүлдем 
қолданылмайды. Туынды тұлғалы антропонимдер байырғы сөздерді аффикстік 
тәсіл арқылы түрлендіру негізінде жасалған. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет