Жиі есімдер. 1980 жылғы дерек бойынша әйел антропонимдері саны – 361
болды. Ең жиі таңдалған 10 әйел есімі кестеде (кесте 10) берілді.
92
1990 жылы жиі таңдалған әйел есімдерінің (1980 жылмен сәйкес
келмейтін) шығу тегі, жасалу жолдары, білдіретін мән-мағынасына түсініктеме
беріп өтейік.
Әйгерім (казақ тілінде) – әй және керім сөздерінен жасалған сұлулық,
көркем, келбетті мағынасын білдіретін біріккен тұлғалы есім [136, 143 б.];
Аида (араб тілінде) – пайда, сый [136, 137 б.].
Кесте 10 – 1990 жылы жиі таңдалған әйел антропонимдері
№
Әйел есімдері (1990 ж.)
Саны
1
2
3
1
Әйгерім
232
2
Әсел
107
3
Мәдина
86
4
Әлия
81
5
Айнұр
79
6
Айжан
73
7
Динара
64
8
Гауһар
50
9
Аида
48
10
Жанар
44
Саны жағынан ең көп таңдалған әйел есімдері арасында Айгерим
(Айкерим) есімі – 232 рет кездеседі. Одан кейінгі орындарда: Асель (Асел,
Аселя) – 107 рет, Мадина – 86 рет, Алия – 81 рет, Айнур –79 рет, Айжан – 73 рет
кездесті, қалған есімдер кестеде берілді.
1980-1990 жылғы деректер бойынша жиі берілген 10 әйел есімінің 8-і
сәйкес келеді (кесте 11).
Кесте 11 – 1980-1990 жылдары жиі таңдалған әйел антропонимдері
1980 ж. әйел есімі
Саны
1990 ж. әйел есімі
Саны
1
2
3
4
Әсел
141
Әйгерим
232
Әлия
77
Әсель
107
Айнұр
74
Мәдина
86
Динара
67
Әлия
81
Жанар
54
Айнұр
79
Айгүл
43
Айжан
73
Айжан
41
Динара
64
Жанна
40
Гауһар
50
Мәдина
36
Аида
48
Гауһар
34
Жанар
44
1990 жылы Әсел (Асель) екінші орында, 1980 жылы бірінші орында
болған. 1990 жылы Мәдина үшінші сатыда, 1980 жылы тоғызыншы сатыда
93
болған. – 1990 жылы Әлия (Алия) төртінші орында, 1980 жылы ең жиі қойылған
есімдер арасында екінші орында болған.
Сирек әйел есімдері. 1990 жылы келесі әйел есімдері сирек берілген:
Азория, Айшекер, Ақкербез, Асылкөз, Аэлита, Биназар, Гүлдейхан, Дамина,
Елданасы, Елігай, Ергүл, Жауқазын, Ленби, Мұңлық, Мыңшаш, Санта, Флора,
Ханике, Элизада, Элина, Эмилия.
Тілдік қатысымдылығы. 1990 жылы жалпы саны – 361 әйел есімі
қойылған. Бұл есімдердің тілдік қатысымдылығы бойынша сандық және
пайыздық көрсеткіштері суретте (4-сурет) берілді.
Қазақ (түркі тілдері) тіліндегі әйел есімдері – 27,15 %-ды құрап,
басымдыққа ие болды.
Араб тілінен енген – 77 есім (21,33 %) екінші сатыда тұрса, одан кейінгі
орында гибридті есімдер – 19,39 %-ды құрады.
Ең төменгі сатыда парсы тілінен енген есімдер – 2,22 %-ды көрсетті.
Сурет 4 – 1990 жыл әйел антропонимдері тілдік қатысымдылығы
Кестеде берілгендей өзге шет тілдерден енген әйел есімдерінің сандық
және пайыздық үлесі: лат. – 21 есім (Виктория, Сабина, Флора, – 5,81 %), слав.
– 17 (Светлана, Славяна, Любовь, т.б. – 4,71 %), гр. – 12 (Ирина, Маргарита,
Софья, т.б. – 3,32 %), көне еврей тілінен – 11 (Анна, Мария, Жанна, т.б. – 3,05
%), исп. – 2 (Лола, Эльвира – 0,55 %), үнді – 1 есім (Индира – 0,28 %).
Аралас некеде дүниеге келген сәби есімдері. Балаға есім таңдауда ата-
анасының ұлты белгілі бір деңгейде ықпалын тигізетіндігі байқалды. Мысалы,
әкесі – қазақ, анасы – өзге ұлт өкілінен құрылған отбасында туылған сәбилерге
шетел тілінде берілген. Аралас некеде туылған 51 сәбидің (17 ер, 34 әйел), яғни
балалардың 0,86 %-ның есімдері анасының ұлттық тілінде немесе өзге шет
тілінде қойылған. Мысалы: Бекмагамбетов Станислав Муратович (әкесі –
қазақ, анасы – орыс), Алтыбаев Шухрап Тахирович (әкесі – қазақ, анасы –
ұйғыр), Масанов Роман Рамазанович (әкесі – қазақ, анасы – орыс), Асамбаев
Роман Валиханович (әкесі – қазақ, анасы – орыс), Шаншарбаев Игорь
Нургазиевич (әкесі – қазақ, анасы – орыс); Елеуова Ксения Руслановна (әкесі –
қазақ, анасы – кәріс), Ботамбекова Анастасия Сакеновна (әкесі – қазақ, анасы
94
– орыс), Машкенова Маргарита Маратовна (әкесі – қазақ, анасы – белорус),
Бадельбаева Яна Маратовна (әкесі – қазақ, анасы – татар); Азатова Гюзель
Алимжановна (әкесі – қазақ, анасы – ұйғыр).
Сонымен 1990 жылы аралас некенің саны артқанын, осыған сәйкес қазақ
антропонимиялық қорының шет тілдерден енген есімдермен толыға түскенін
байқаймыз.
Ұлттық дәстүрге сәйкес аты аты-жөнін өзгерту. 1996 жылғы
Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлты қазақ азаматтардың ататегі мен әкесінің атын жазуға
байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» Жарлығына байланысты 1990
жылы дүниеге келген азаматтардың 1,35 %-ы (80 азамат – 52 ер бала, 28 қыз
бала) ұлттық дәстүрге сәйкес аты-жөнін өзгерткен. Азаматтардың өзгертілген
аты-жөнінде тегін қолдануда бірізділік жоқ екендігін аңғаруға болады: бірі
атасының атын, екіншісі әкесінің атын, енді біреулері бабасының атын тегі
ретінде қолданған. Кейбірі екі мүшелі антропонимдік жүйеге сәйкес, енді
біреулері үш мүшелі антропонимдік жүйеге сәйкес аты-жөнді қолданған. Орыс
тілінде тегіне жалғанатын -ов/-ев/-ин, -ова/-ева/-ина, әке атына жалғанатын -
ович/-евич, -овна/-евна аффикстерінің әлі де болса қолданыста бар екендігін
аңғаруға болады. Азаматтардың өзгертілген аты аты-жөні төмендегідей:
Сыздыков Руслан Кайргелдиевич – Садық Руслан Қайргелдіұлы; Казакбаев
Дамир Мухтарович – Тастанбек Дамир Мухтарович, Султанов Олжас –
Болатұлы Олжас, Тулентаев Кудайберген Еркинбек улы – Әділбек Кудайберген
Еркинбек улы; Сапаралина Сана Бейбитовна – Сапарали Сана Бейбитқызы,
Коргасбаева Асем Изатовна – Коргасбаева Асем Изатқызы, Абдилдаева
Сымбат Бакитжановна – Бақытжанқызы Сымбат, т.б.
Деректер бойынша 1990 жылы жалпы саны – 80 азамат ұлттық дәстүрге
сәйкес аты-жөнін өзгерткендігі жоғарыда атап өтілді. Бұл көрсеткіш он жыл
бұрынғы, яғни 1980 жылмен (25 азамат) салыстырғанда әлдеқайда жоғары
екендігін байқауға болады.
Жалпы алғанда 1990 жылы сәбидің аты-жөнін рәсімдеуде әке атына
ұлы/улы, қызы/кызы сөзін жазуға өтініш білдерген ата-аналардың саны артып
ер аты-жөні бойынша 12,7 %-ды, әйел аты-жөні бойынша 10,56 %-ды (әйел
есімі) құрады. Аталған жылда кісі аты-жөнінің 8 нұсқасы кездеседі. Есімдердің
басым көпшілігі қазақ тілінде берілген, өзге шет тілдерінен енген есімдер саны
арта түскен. Ұлттық дәстүрге сәйкес аты-жөнін өзгерткен азаматтар саны
ұлғайған.
3.1.2 2000 жылғы және 2017 жыл білім гранты иегерлері материалы
негізінде кісі есімдері мен тектері құрамы
2000 жылғы кісі есімдері мен тектері құрамы. 2000 жылы Алматы қаласы
Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Түрксіб аудандары АХАТ
бөлімдерінде тіркелген туу туралы акт жазбаларынан – 6934 ұлты қазақ
азаматтардың аты-жөні жинақталып, сараланды. Оның 3586-ы – ер аты-жөні
болса, 3348-і – әйел аты-жөні болды.
|