Кестеде көрсетілгендей, қазақ кісі тектеріндегі дауысты дыбыстарға
қатысты келесі фонетикалық өзгерістерге тоқталып өтейік:
- қазақ тіліндегі кісі тектерінде л дауыссыз дыбысынан кейін келетін а және ә дауысты дыбыстарының я-ға өзгеруі: Исламов – Ислямов, Жайлаубеков – Жайляубеков, Біләлов – Билялов, Қалиәкпарова – Калиякпарова;
- қазақ тіліндегі есімдерде м және н үнді дауыссыздарының алдында
келетін а дауысты дыбысының е-ге немесе у-ға өзгеруі: Еламанов – Елеманов,
Қожамқұлова – Кожемкулова, Қожамбаева – Кожумбаева, Тоқтағанова –
Токтагунова;
- қазақ кісі тектерінде сөз басында немесе сөз ортасында келетін е дауысты дыбысының и дыбысына өзгеруі: Есбаев – Исбаев, Есенәлиева –
Исиналиева, Жиренбаева –Джиринбаева, Шегебаев – Чигибаев, Шерханов –
Чирханов;
142
- замануи қазақ кісі тектерінде сөз басында немесе сөз ортасында келетін
е дауысты дыбысының э дыбысына өзгеруі немесе түсіп қалуы: Есбаева – Эспаева, Әуезов – Ауэзов, Ерғазиев – Эргазиев, Ескендіров – Скендиров,
Ниетқалиев – Ниткалиев;
- қазақ кісі тектерінде е/ө/ү дауысты дыбыстарының, -еу жұрнағының ю-
ға өзгеруі: Төлебаева – Тюлюбаева, Төлеубаев – Тилюбаев, Төребаев – Тюребаев,
Елеукенов –Елюкенов, Елеусінов – Елюсинов, Сүлейменов – Сюлейменов;
- и дыбысына аяқталатын есім соңында дауыссыз й дыбысының қосылуы
(эпентеза): Досқали – Досгалий, Оразғали – Уразгалий;
- замануи қазақ кісі тегінде дауысты и дыбысының ь жіңішкелік белгісіне
өзгеруі немесе түсіп қалуы: Даниярова – Даньярова, Дәулетияров –
Давлетьяров, Ілиясова – Ильясова, Жиенәлиев – Женалиев, Исламжанова –
Сламжанова;
- замануи қазақ кісі тегіндегі о дауысты дыбысының а-ға өзгеруі: Совет –
Савет, Тоқтаров – Тахтаров;
- замануи қазақ кісі тегінде о және ө дауысты дыбыстарының у-ға өзгеруі: Аманжолов – Аманжулов, Қосанов – Кусанов, Бөлтірікова – Бультрикова,
Көрпетаев – Курпетаев, Төлепов – Тулепов;
- замануи қазақ кісі тегінде дауысты у дыбысының в-ға немесе ю-ға
өзгеруі: Әнуаров – Анваров; Сәдуақасов – Садвакасова, Елубаева – Елюбаева.
- замануи қазақ кісі тегінде дауысты ы дыбысының е-ге немесе у-ға
өзгеруі: Арынов – Аренов, Шыбықбаев – Чебыкпаев, Мырзахметова – Мерзахметова, Қоңыров – Конуров, Нұрышев – Нурушев, Бұғыбаева –
Бугубаева;
- замануи қазақ кісі тегінде дауысты і дыбысының е/ы/у-ға өзгеруі:
Әбділдинов – Абдельдинов, Темірбекова – Темербекова, Әшімов – Ашымов, Әбдіқалықова – Абдыкалыкова, Әбдікәрімов – Абдукаримова, Өксікбаев –
Уксукбаев. Кісі тектерін орыс тілінің дыбысталу жүйесіне сәйкес рәсімдеу
салдарынан қазақ тіліне тән төл (ә, о, ө, ұ, ү, ы, і, қ) дыбыстардың өзгеріп,
антропонимдік трансформация құбылысы орын алғандығын атап өтуге болады.
Қазақ тіліндегі кісі тектерінде дауыссыз дыбыстардың орыс тілінде
берілу ережесінің бұзылу жағдайлары кестеде (кесте 35) көрсетілді.
Кесте 35 – Қазақ кісі тектерінде дауыссыз дыбыстардың өзгеру құбылыстары
№
Қазақ
тіліндегі
дауыссыз
дыбыстар
Өзгерген
дыбыс
Мысалы
1
2
3
4
1.
б
Қазақ кісі тектеріндегі дауыссыз дыбыстарға қатысты кестеде берілген
келесі фонетикалық өзгерістерге тоқталып өтейік:
-қазақ тіліндегі кісі тектерінде б дауыссыз дыбысының в немесе п-ға
өзгеруі: Әбуғали – Авугали, Сәбитов – Савитов, Сыбанбаева – Сванбаева,
Арықбаев – Арыкпаев, Бесбаев – Беспаев, Болатова – Полатова;
-қазақ тіліндегі кісі тектерінде ұяң ғ дауыссыз дыбысының қатаң к дауыссыз дыбысына өзгеруі: Айтуғанов – Айтуканов, Молдағалиев –
Молдакалиев, Ғайсина – Кайсина, Ғизатова – Кизатова;
-қазақ тіліндегі кісі тектерінде ж дауыссыз дыбысының дж/ж/ч дыбыстарына өзгеруі: Әжібаев – Аджибаев, Жылқайдаров – Джелкайдаров,
Жұртбаева – Дюртбаева, Жүзбаева – Дузбаева, Білжанов – Билчанов,
Құтжанов – Кутчанов;
144
-қазақ тіліндегі кісі тектерінде қатаң қ дауыссыз дыбысының х дыбысына
және ұяң г дыбысына өзгеруі: Айтқожина – Айтхожина, Ысқақов –Исхаков,
Құдайбергенов – Худайбергенов, Ақдәулетов – Агдавлетов, Шынқожанова –
Шынгужанова;
-қазақ тіліндегі кісі тектерінде н дауыссыз дыбысының м-ға өзгеруі:
Арғынбеков – Аргимбеков, Жиенбаев – Жиембаиев, Қашқынбаев – Кашкимбаев;
-қазақ тіліндегі кісі тектерінде п дауыссыз дыбысының ф-ға немесе ұяң б
дыбысына өзгеруі: Әнапияева – Анафьяева, Шәріпханова – Шарифканова,
Әбдіжаппаров – Әбдіжаббиров;
-қазақ тіліндегі кісі тектерінде қатаң с дауыссыз дыбысының з-ға өзгеруі:
Тасболатов – Тазболатов, Шыңғысов – Чингизов;
-қазақ тіліндегі кісі тектерінде сж дыбыстары тіркесінің щ-ға өзгеруі: Досжанов – Дощанов, Есжанов – Ищанов;
-қазақ тіліндегі кісі тектерінде қатаң т дауыссыз дыбысының ұяң д-ға
өзгеруі: Ахметов – Ахмедов, Советов – Соведов, Махмұтов – Махмудов;
-қазақ тіліндегі кісі тектерінде у дауыссыз дыбысының в-ға өзгеруі:
Әуелбеков – Авелбеков, Дәулетқұлов – Давлеткулов, Сайлауханова –
Сайлевханова, Таубай – Тавбай, Тілеулесов – Тилевлесов;
-қазақ тіліндегі кісі тектерінде х дауыссыз дыбысының к дыбысына
өзгеруі: Әділханов – Адельканов, Қасымханонова – Касымканова, Дарханов – Дарканов;
-қазақ тіліндегі кісі тектерінде ш дауыссыз дыбысының ч дыбысына
өзгеруі: Ақшабаева – Акчабаева, Алакүшікова –Алакучикова, Шекебаев – Чекебаев, Шойынбеков – Чуенбеков, Шеңгелбаев – Ченгельбаев. Жоғарыда келтірілген мысалдар қазақ кісі тектерінің дұрыс жазылып
рәсімделмеуі салдарынан орын алған қателіктердің көрінісі болып табылады.
Антропонимдер алғашқы формасынан, мағынасынан ауытқаған. Ресми
құжаттарда антропонимдердің (кісі есімі, әкесінің аты, тегі) ұлттық тіліміздің
нормасына сәйкес дұрыс жазылуы бойынша мәселе өз шешімін толықтай
таппай келеді.
У.Е. Мусабекова тілдік норма, орфографиялық ережелер тұрғысында: «...
правописание – это отнюдь не только результат нормализаторских усилий,
система раз и навсегда установленных правил, – это и саморазвивающаяся
система, требующая регулярной и систематической корректировки,
упорядочения с учетом существующей практики письма на основе
отслеживания спонтанно происходящих в нем изменений» дейді [177, c. 26].
Антропнимдердің әдеби тіл нормасына сәйкес дұрыс жазылуы, құжаттарда
қатесіз рәсімделуі шешілуге тиісті өзекті мәселелер қатарында. Кісі аты-
жөнінің дұрыс рәсімделмеуі бойынша жоғарыда атап көрсетілген қателіктер
қазіргі қоғам мүшелері тарапынан сауаттылықты талап етеді.