Бақытсыз жамал



Pdf көрінісі
Дата24.01.2022
өлшемі0,89 Mb.
#24282
Байланысты:
БАҚЫТСЫЗ ЖАМАЛ - Роман (1)



БАҚЫТСЫЗ

 ЖАМАЛ


РОМАН

МІРЖАҚЫП


 ДУЛАТҰЛЫ



Қазақтан шыққан талапкер,

Бұл кітапты қарап кѳр.

Таратуға халыққа оқып.

Боларсыздар себепкер.

Дазая, 1910.

C

ѲЗ БАСЫ

Мир-Якуб - тѳмендердің аласасы,

Сѳзімнің бар ма, жоқ па тамашасы.

Жылтырап тесік моншақ жерде қалмас,

Қазақша бір роман жаза салшы.

Үш жүзге біздің қазақ бѳлінеді,

Осылай шежіреден кѳрінеді.

Саны кѳп, сапасы жоқ һәммеден бос,

Ғылымға мойынсұнбай ерінеді.

Шет шығып сахарадан баспас қадам,

Болады бүйтіп жүріп қашан адам?

Бейхабар ғаламдағы хикматтан,

Тұтқындай қапастағы күні қараң.

Болмайды кемшіліксіз һешбір халық,

Бәрінен кейін қалған қазақ анық.

Басқа жұрт біз секілді жалқау емес,

Ғылыммен қараңғыны етер жарық.

Шығып жүр һәр халықтың талаптысы,

Болмай ма талаптанған әлі-ақ кісі.

Қазақта жазылмайтын бір ауру бар -

Келмейді мінін айтсаң жаратқысы.

Кеудесін мырза десең кѳтереді,

Бардай-ак құрт ауруы жѳтеледі.

Шегінер халық пайдасы деген іске,




Деп айтшы осы сѳзді бекер еді?

Оқуға емес жұрттың бәрі құмар,

Оқығаны романды не деп ұғар?

Демеймін жалпақ жұрттың бәрі кеще,

Мағынасын түсінетін бар да шығар.

Сонда да жұрттың бәрі біле бермес,

Сѳз болар жақсы-жаман бәрі кеқес.

Мақсаты романның- халық түзетпек,

Жазылған еріккеннен ертегі емес.

Жамалдың жайын жаздық бұл кітапта

Бақытсыз бір қыз екен осы шақта.

Біреуге хас нәрсе емес һәм болған іс,

Жайылған бұл бір ғұрып һәр қазақта.

Айырсын оқушылар мағынасын,

Жай ғана хикая деп қарамасын.

Кѳрген кім шариғаттан деген сѳзді:

«

Қор етіп әйел халқын аямасын».



Сатады қызды қазақ мал орнына,

Алмайды халал жұпты жар орнына.

Әйелді хайуанға қисап етіп,

Тұтады ѳзін ерлер хан орнына.

Байқашы ѳзің-ѳзің отчет беріп,

Бақытсыз Жамал қызды оқып кѳріп.

Қазақтың һәр жерінде бар емес пе,

Хисаплап уақиғаны кѳрсең теріп?

Бұл сѳзді оқып кѳрер колына алған,

Иншалла, хақиқат-дүр, емес жалған.

Тыйылып мыннан бірі қиянаттан,

Кѳрсе екен ғайібләрін һәркім қылған.

Қазақша роман жоқ басылған кѳп,

Бұл күнде халық ішінде шашылған кѳп

Кәдәри-хәл білгенімше мен де жаздым,

Тілеймін болса екен деп асырған кѳп.




Ө

Б Ѳ Л І М

  1

ткен  қыс  шаруаға  жеңіл  болғандықтан  мал  күйлі,



бие  ішті  болып,  Кѳктал  қыстаған  Құрмандеген

атаның ауылы жылдағыдан жайлауға ерте шығып еді. Екі

ауылнай  елдің  жайлауы  Саумал-кѳлге  жағалай  ауылдар

қонып, былтырғы жүрттарына үй тігіп, кѳпұзамай бие де

байлады.  Қыстай  бір-біріне  араласпаған  ағайындар

сағынысып,  қашаннан  астас,  тойлас  болған  ғадеттерінше

бір  ауылды  бір  ауыл  ерулікке  шақыра  бастады.

Бозбалалар  аралап  қымыз  ішеміз  деген  болып,  тәуір

киімдерін  киіп,  жақсы  аттарын  мініп,  қызды  ауылды

қырындап  жүрулері  кѳрініп,  балалар  да  асау  тайларын

үйретпекке еді.

Бір  күні  түс  кезінде  кѳлдің  жел  жағынан  шаңдатып

шауып  келе  жатқан  бір  орыс,  бір  қазақ  кѳрінді.  Балалар

қашып  үйге  тығылып,  үлкендер  бұл  екеуі  қайда  тоқтар

екен  деп  тұрғанда,  барды  да  Бекжан  деген  ауылнайдың

үйіне түсті. Жарты сағат болмай-ақ, сол жайлаудағы елге

«

ертең  ерте  осы  жерге  крестьянский  начальник  келеді»



деп  мағлұм  болды.  Әлгі  екеуі  бірі  стражник,  бірі

поштабай  екен,  тѳренің  алдынан  үйтіктіріп,  лау

1



байлатып,  қой  сойдыруға  шыққан.  Ол  түні  ауылнай,

выборнайлар  ұйықтамастан  қызметінде  болып,  таңертең

ауылдан  оқшауырақ  жерде  тігіліп  қалған  бір  ақ  үй,  бір

қоңыр  үй  кѳрінді.  Сәске  кезінде  қоңыраулатып

пәуескемен  тѳре  де  кѳрінді.  Алды-артынан  етектері

далиып, жалпылдап шапқан қазақтармен даярлаған үйге

келіп  тоқтағанда,  мойындарына  шынжырлы  знак  таққан

ауылнай,  билер  неше  мәрте  шұлғып,  қошаметпен,

«

тақсырлап»  үйге  кіргізді.  Сол  арада  жұмысы  бар,  жоқ



болса  да  тамашаға  жүздей  кісі  жиналып  қалған  еді,

халықтын  қазіргі  әңгімесі:  «Начальник  не  жұмысқа  келді

екен? Бәлки, биылғы Сатыбалдының арызы шығып қалған

болар  ма?»  десті.  Бағзылары:  «Жоқ,  оның  үшін  неге

келсін.  Мәмбеттің  болыстығын  ѳзіне  әперуге  «келген

шығар...» деп әрқайсысы ѳз ойындағысын айтып, даланы

бастарына  кѳтеріп,  гүрілдесіп  отырғанда  маңдайынан

тер шығып, бѳркін қолына ұстап үйден Бекжан шықты.

Жұрт бұған қарап:

Қалай,  ауылнай?  Тѳре  қызметке  разы  ма,  не



жұмыспен келген екен? - деп сұраған соң, ауылнай айтты:

Әлхәмдүлиллә,  ѳзімді  бек  мақтап,  қолымнан  қайта-



қайта «спасибо» деп ұстады. Шыққан жұмысы бұл жерде

емес,  Қарасу  станциясындағы  Хохол  қаласына  барады

екен,  мұнда  қонақ  болып,  тынығып,  кешке  жѳнеледі.  Ѳзі

бек  рақымды  кісі  кѳрінеді:  «Шаруа  қалай,  ел  арасы

тыныш  па?»  -  деп  һәммасін  сұрады.  Анау  күнгі

Кѳтібайдың  мені  боқтағанын  айтқаным  жоқ,  оны

айтқанда  бәлеме  болатын  еді,  не  қылайын.  Хасеннің

кѳңіліне  қарадым.  Және  де  тѳренің  бір  жат  хабары  сол:

«

Қазақтан  солдат  алынбайды,  бірақ  мұжықтар  секілді



қала болам десең, 15 десятина жер беріледі, - деді. - Егін

салыңдар,  школ  ашыңдар,  ұлықтарыңды  сыйлап,

бұйрықтарын  орнына  келтіріңдер»,  -  деп  насихат  айтты.

2



Бекжан  начальниктен  тағы  естігенін  сѳйлей  бастағанда,

әлгі топтанып отырған халыққа бір жігіт шауыл келіп:

Сүйінші, Сәрсеке! Шолпан жеңге аман-есен босанып,



тақия  тігіп  беретін  тапты,  -  деді.  Сол  уақытта  жастар

«

Сәрсеке» деп, үлкендер:



Сәрсенбай,  қуанышқайырлы  болсын,  алла  ұзағынан

сүйіндірсін, әйел бала демеңіз! - десті. Сәрсенбай:

Жоқ,  олай  демеңіздер,  мен  қайбір  ұл-қыз  таңдайын



деп жүрген кісі, - деп орнынан тұрып, атына мініп үйіне

қайтты.


3


О

Б Ѳ Л І М

  2

қушылар!  Хикаямыздағы  оқиғалар  жоғарыда



айтылмыш  Сәрсенбайдың  үй  ішіндегі  кісілерден

басталғаны  себепті,  анық  аңлатпақ  үшін  Сәрсенбайдың

кім  екендігін  һәм  қандай  кісі  екендігін  жазамын.

Сәрсенбай  еш  бір  ғылым  оқымаған  момын,  мал  баққан

кісі еді. Атасынан артық дәулет қалмаса да, берірек келген

соң  малы  да  жақсы  болып,  жылқысы  жүзден  асып,  екі

жүз,  үш  жүздеп  қой  да  бітіп,  қатардағы  малды  үйінің

біріне  қосылып  еді.  Бірақ  мал  жағынан  кѳңілі  хош  болса

да,  Сәрсенбайдың  жамағаты  Қалампыр  ғұмырында  бала

кѳтермей, бұл екеуі балаға мұқтаж еді.

Сәрсенбай  бағзы  уақытта  ѳзі  де  һәм  жаны  ашитын

жақындарының  сѳзімен  де  бала  үшін  бір  тоқал  алуды

ойласа да, Қалампырдан аса алмай, әне-міне деп жүруші

еді.  Бір  күні  бір  мәжілісте  отырған  уақытта  бір

құрдасының қымыз ішіп қызып отырып, әзілмен болсада,

шынымен  болса  да  сѳз  арасында:  «Әй,  қубас!  Сонша

малды  айдап  жүріп,  дұрыстап  зекет  бермейсің,  қажыға

бармайсың,  кім  үшін  жинап  жүрсің?  Ақырында

4



Қалампырдан  қорқып,  тоқал  да  алмадың»,  -  деген  сѳзін

естіп,  ол  күні  үйіне  бек  мұңайып  келіп,  қатынымен

сѳйлеспестен жатып қалып еді. Ертеңіне ауылындағы бір-

екі ағайындарын шақырып алып:

Міне,  мен  сіздерді  шақырғаным,  «үмітсіз  -  шайтан»



деген, «мал бітпес жігіт болмас, құрарына қара, ұл таппас

қатын  болмас,  тұрарына  қара»  деп,  бұл  уақытқа  шейін

сабыр  етіп  едім.  Енді  мен  болсам  қырықтың  екеуіне

келдім.  Қалампыр  да  биыл  отыз  үште.  Қатыным!

Пайғамбардың  сүнәті  ғой,  сен  де  рұқсат  бер,  ағайыным,

сіздер  осы  жұмысты  қолға  алыңдар,  міне,  біраз  қанағат

бар  ғой.  Мен  енді  бел  байладым,  -  деп  ақырғы  сѳзін

мағлұм  етті.  Қалампыр  қанша  ұнатпаған  болса  да,  бұл

сапарда Сәрсенбай да, һәм басқалар да бір ауызды болып

сол  жерде-ақ  уағда  қылғанын  кѳріп,  іші  суып,  енді

сѳйлегенімен қолдан еш нәрсе келмесін біліп:

-  He 


қылсаңдар  ықтияр.  Әуелінде  де  мен  тоқал  алма

деген  жерім  жоқ,  маған  несін  айтасыңдар?!-деп  түсі

бұзылып,  үйден  шығып  кетті.  Мұнан  кейін  кѳп  уақыт

ѳткізбей,  Сәрсенбай  бір  қыз  айттырды.  Ѳздеріне  қырық

шақырым  жерде  Сайболат  деген  елде  Жарас  деген

молланың  бір  ұл,  бір  қызы  бар  екен.  Молла  опат  болған

соң,  қатынын  бір  жақын  кедей  әмеңгері  алып,  әлгі  екі

жетім  бала  соның  қолына  шыққан  еді.  Сәрсенбайдың

айттырғаны осы молланың қызы Шолпан еді. Шолпанның

жасы он тѳртке жетіп тұрған соң, Сәрсенбай малын түгел

беріп,  келер  жылында  алып  та  қойды.  Марқұм  Жарас

молла  тірі  уақытында  Шолпанды  ѳзі  оқытып,  құраннан

екі шығып, азырақ хат та танып калған еді. Қалампыр әр

уақыт  Шолпанды  күндестікпен  сѳзімен  де,  қолымен  де

ренжітіп  жүрді.  Шолпан  он  жеті  жасқа  келгенде,  манағы

Сәрсенбайдан топ ішінде сүйінші сұраған қыз бала тауып,

Сәрсенбай  қырық  беске  келгенде  ғұмырында  кѳрген

5



баласы  осы  еді.  Сәрсенбай  зор  қуанышта  болып,

шілдеханаға  қанша  қыз-бозбала  жиып,  ойын  ойнап,  қыз

бала  демей,  кѳлбасын  шақырып  той  қылып,  баланың

есімін Жамал қойып еді.

6



Ж

Б Ѳ Л І М

  3

амал  –  сағынып  кѳрген  баланың  алды  болған



соң,  ата-анасы  қолдан  келгенше  әлпештеп

ѳсіріп,  жасы  тоғызға  жетті.  Жамалды  еркек  балаша

киіндіріп  жүрген  соң,  білмеген  кісі  қыз  деп  ойламаушы

еді.  Қыз  деп  айтқан  адамдарға  ашуланып  та  қалған

күндері болды. Бір күні Сәрсенбайдын үйіне ескі жолмен

оқыған,  дүниеде  білмеген  нәрселерім  жоқ  деп  дұға

қылушы бір шала надан молда келіп қонды. Молда тысқа

шықпақшы болғанда,Сәрсенбай:

Жамалжан,  тұр,молданың  кебісін  сал,  құман  алып



шық,  -  деп  жұмсағаннан  кейін  молда  тыстан  келіп

отырып:


Бай,  осы  сіздің  мырзаңыздың  есімі  қалай?  Қыздың

атын  қойғансыз  ба?-  деді  (Жамалды  ербала  деп  отыр

екен).  Сәрсенбай  азырақ  тоқтап  тұрды  да,  күлімсіреп:

«

Тақсыр,  мұның  мәнісі  бар,  біз  бастан  кем  кісі.  Айымыз



да, күніміз де осы Жамал болған соң, ѳзімізді-ѳзіміз алдап

жүрміз»  -  деді.  Молда  бұл  сѳзге  түсініп,  біраз  ойланып

отырды да:

Сәрсеке!  Кѳңілге  солай  екені  дұрыс  та  ғой,  ләкиінде



7


шариғатта  балаға  тұлым  қою  дұрыс  емес.  Жәнеде  бай

қызы  тоғыз  жаста  балиға  болады.  Соның  үшін  намаз

үйретіп,  оқытып,  шашында  қойыңыз.  Сіздің  мұныңыз

Алла  тағаланың  бұйрығына  кѳнбеген  секілді  болады.

Олай  болғанда,  зор  күнә  табасыз.  Бірақ  оқытқанда  хат

жазып  кетерліктей  де  оқытпаңыз,  хұсуса  жәдид

молдалардан  оқытпаңыз,  не  үшін  десеңіз,  олар  әуелі  дін,

иман  білгізіп,  намаз  оқытпай,  «Иман  шарт»,  «бәдуәм»,

«

әптиек»,  «әйжіктерді»  былай  қойып,  орыстарша  а.  б.  т,



деп  орыстың  ісін  қуаттап,  балаңды  бұзады,  -  деді.

Сәрсенбай  ѳзі  надан,  «молданың  ѳкшесі  қисық  деген  кісі

де  күнәлі  болады»  деп  жүрген  кісілердің  бірі

болғандықтан, тек молда есімін кѳтерген кісі болып, біліп-

білмей  айтса  да,  мынау  шариғат  деген  сѳзге  кѳз  жұмып

нанушы  еді.  Сол  себепті  алла  тағаланың  әмірі  ғой,  бұл

молданың шариғаты да дұрыс екен деп, Жамалды қызша

киіндіріп, шашын жіберіп, оқытуға да разы болды. Анасы

ѳзі  азырақ  та  болса  оқып,  ғылым  қадірін  білген  соң,  бұл

сѳзге  қарсы  тұрмады.  Сәрсенбайдың  үлкен  қатыны

Жамалды  жан-тәнімен  жақсы  кѳргенсіп  (тоқалдан  туған

қызды іші жек кѳріп тұрса да):

Ойбай  молдеке,ол  не  дегеніңіз.  Жамал  қарағым  тым



болмаса  он  беске  келсін,  сонда  шаш  қоярмыз,-  деп

ѳршеленген  болды.  Мұнан  кейін  кешікпей  қызша

киіндіріп,  шашын  ѳсіріп,  бұрынғыдай  ер  бала  деп

кѳңілдерін  жұбатқанды  қойды.  Манағы  молданың

насихаты есінде жүріп, бір күні Сәрсенбай қатындарымен

ақылдасты:

Ахметжанның  молдасынан  оқытуға  екі  шақырым



жерге  Жамал  барып-келіп  жүре  алмайды.  Онан  да  бір

жастау молда жалдап алсақ қайтеді? Жамалдың себебімен

ауылдың  балалары  да  оқыр,  ѳзіміз  малдың  зекетін

берерміз,  ақысын  ауылмен  бірдей  кѳрерміз,  -  деді.  Бұған

қатындары  да  һәм  солай  деп  айтқан  соң,  ауылы  да  разы

8



болды.  Бір-екі  айдан  соқ  жазғытұрым  уақыт  еді,  бір  күні

ауылға  бір  шәкірт  келіпті,  молдалыққа  тұрады  екен

дегенді  естіп,  Сәрсенбай  соған  сѳйлесуге  келді.  Уфа

медреселерінің  бірінен  оқыған  шәкірт  екен.  Қазақ  ішінде

қымыз  ішіп,  күзгі  тәхсилге  қаражат  жинап  алу  үшін

мұғалімдікке  шыққан  Ғазиз  есімді  ноғай  жігіт,  жасы

жиырма екілерде - ашық пікірлі, үсүл тағлымынан жақсы

ғана  хабары  бар  еді.  Екі  жылдай  қазақ  ішіне  шығып,

қазақтың  сырын  білгендіктен  және  де  Сәрсенбайдың

пікірін  аңғарып  сѳйлескен  уақытында  ѳзін  шіп-шикі  ескі

жолмен  оқыған  хадимі  етіп  кѳрсетті.  Себебі  ол:  «Аз

уақытта  мен  бұларды  түзей  алмаспын,  онан  да  бұларға

хилаф  келмей,  ѳйтіп-бүйтіп  қаражат  жинап  алайын»,  -

деп ойлады.

Сәрсенбай шәкіртке айтты:

Ѳзіміз бір ауылда жеті-сегіз үйміз, бес айға жиырма



бес  сом  ақша  береміз.  Сѳзді  ашып  айтқан  жақсы,  мен  ѳз

басым  малымның  кірін  беремін,  басқалар  ѳзі  біледі,  ал

кемпір-мемпір  құлап  қалса,  ѳз  талайыңнан,  -  деп  күлді.

Сол  үйде  осы  ауылдың  ѳз  молдасы  да  отыр  еді,  соған

қалжыңдап анау жерде отырған бір жігіт сѳйледі:

Біздің  Қасен  молдадай  қанды  қақпан  болса,  бұл



молда  да  теріс  болмас.  Біздің  молда  Торқа  бәйбіше  мен

Жаппардың  баласы  ѳлгеннен  бері  дәндеп,  күнде  бір  келе

жатқан  кісі  болса,  намазға  шақыра  жүр  ме  деп,  қарап

тұратын  болды,  -  деп  үйде  отырғандарды  ду  күлдірді.

Біраз  сѳйлескеннен  кейін  Сәрсенбай  шәкіртпен  келісіп

үйіне алып қайтты.

9



У

Б Ѳ Л І М

  4

әделері  бойынша  мүғалімі  һәмән  Сәрсенбайдың



үйінде  тұратын  болып,  Сәрсенбаймен  бірге  еріп

келіп,  бір  үлкен  боз  үйге  кірді.  Сол  минутта-ақ  ауылдың

адамдары  жиналып,  Қалампыр  бәйбіше  сабадан  қымыз

құя бастап, Сәрсенбайда Жамалға:

Тұр, қарағым, молдекеңе мал әкел! - деп әмір етті.



Жамал  атасын  абір  қарап  тысқа  шығып  еді,  соңынан

кешікпей  Сәрсенбай  да  шығып,  Жамалға  ақырын

сыбырлап  айтты:  «Анау  күнгі  жанбасы  құрттап  жүрген

кѳк  қозыны  әкел,  үйге  кіргізерде  кескегін  алып  таста!

Ұқтың  ба?»  -деді.  Жамал  да:  «Ұқтым,  ұқтым»,  -деп

жүгіріп  кетіп,  жарты  сағат  болмай  айтылмыш  қозы  бата

қылынып сойылды. Жиылып отырған кісілер мұғаліммен

кеңесе бастап, үйдің жабығынан қыз-қатындар сығаласып

тұр еді. Бір қатын:

Ѳзі қалай, орыс секілді ғой, - деп екінші катын:



Осы  ноғайлардың  шүлдірлеген  тілі  құрысын-ай,  -

деп, үшіншілері бір бой жеткен қызғақарап:

Ұрғашыға  сүйкімді  жігіт  екен,  -  деп  қалжыңдасып



тұрды. Үйдегілер де уақытты босқа ѳткізбей, алды бес аяқ,

10



арты  екі  аяқ  қымыз  ішіп:  Молда,  қайда  оқыдың,  дәрісің

не,  қай  қаланікісің,  затыңыз  ноғай  ма,  башқұрт  па,  неше

жасқа  келдің,  атаң  бар  ма,  бұрын  қазақ  ішіне  шығып  па

едіңіз, жамағат бар ма? - деп, үсті-үстіне керекті-керексіз

сѳздерді  сұрап,  мұғалімнің  басын  қатыра  бастады.  Әл-

хасыл  осы  секілді  мәжіліспен  отырып,  сойылған  малдың

етін жеп халық тарады. Екінші күні мұғалімге бір қос тігіп

беріп,  он  шақты  шәкірт  жиналып  оқу  басталды.  Бұл

шәкірттердің  бір-екеуі  болмаса,  басқалары  бұрын  ешбір

қаріп оқымаған еді. Мұғалім қанша ұсылжадид тәртібіне

оқытпақшы болып ойласа да, бала иелері:

Молда!  Балаларға  иман,  намаз  үйрет,  бұрынғы



молдалардың оқытқан кітабын оқыт, біздің балаларға сол

жетеді,  басқалардың  керегі  жок,  -  деген  соң,  лажсыз

олардың 

тілегенін 

оқытты. 

Бұрынғы 


оқымаған

балалардың  ішінде  ең  зейіндісі  Жамал  болып  шықты

(

Жамал  осы  майда  тоғыз  толып,  онға  қарап  еді).  Бір  ай



ѳткеннен  кейін  мұғалім  Жамалдың  зейініне  қызығып,

Шолпанға айтты:

Жамалды  ұсыл  жадидке  оқыта  бастасам,  аз  уақытта



хат жазып кетер еді, бірақ бай ұнатпайды ғой, - деп.

Шолпан тұрып:

Молдеке, біздің отағасының сѳзін не қыласыз, ақырын



оңашада  жасырып  хат  жаздырып  үйрете  беріңіз,  -  деді.

Мұғалім  бұл  жауапқа  бек  қуанып,  сол  күннен  былай

шәкірттер  тарап  кеткен  соң,  Жамалға  күнде  бір-екі  сағат

хат жаздырып үйрететін болды. Үш жарым айда Жамал

мұғалімнің ыждағаты, ѳзінің ѳткір зейіні саясында хат

танып,  жазарлықтай  болды.  Мұғалім  әпенді  сол  жолмен

бес  ай  оқытқанда  Жамал  бек  ғайбат  болып,  түрлі

кітаптарды  оқитұғын  болып  қалған  еді.  Сентябрьдің

ақырында  мұғалім  Уфаға  қайтып,  Жамал  да  оқуын

тоқтатты.  Мұғалім  Сәрсенбайдың  үйінде  тұрған  уақытта

Шолпан  бір  ұл  перзент  тауып,  сол  себепті  «аяғы  құтты»

11



болды  деп,  мұғалімді  Сәрсенбай  жақсы  қаражатпен

қайтарды.  Сәрсенбай  жаңа  туған  баласының  есімін  осы

молдадай  жігіт  болып,  ѳзі  де  молда  болсын  деп  Ғазиз

қойды.  Мұғалім  қайтып  кеткен  соң  Сәрсенбай  енді  бір

молда  ұстаймын  деп  ертең-бүгінмен  жүргенде  қыс  та

болып қалып және де әркімнің:

Енді  жарар.  Жамалды  оқытпай-ақ  қой,  он  екі  пәнді



түгел  білсе  де,  әйел  бала  дәріс  айтып  елге  бас  болмас,  -

деген  сѳзіне  Сәрсенбай  айналып,  тіпті  молда  ұстамай

қойды.  Ауылындағы  басқалары,  әр  қайсысының  дәулеті

шағын 


болғандықтан, 

шамасы 


келмейтін 

болды.


Жамалдың ғұмырындағы оқуы осы бес айлыққана болып,

хат  жазарлықтан  әрі  аспай  тоқтады.  Мұғалім  кеткеннен

кейін  Жамал  һәммән  қисса  оқитын  болып,  атасы  да

тыңдаудан  жалықпаушы  еді.  Үйге  бір  қонақ  келіп

қонса да:

Жамалжан,  қонағыңа  қызмет  ет,  қисса  оқы,  «Сал-



салың»  қайда,  «Қыз  Жібегің»  қайда?  -  деп,  куә  болып

отырушы  еді.  Жамал  да  ерінбей,  қиссаларды  басынан

аяғына  шейін  оқып  тастаушы  еді.  Жамалдың  оқымаған

қазақ қиссасы бек аз еді. Ел аралаған мелішші саудагерде

нендей жаңа қисса болса, атасы оған шығынсынбай алып

беруші  еді.  Жамалдық  бір  кішкене  сандығын  ашып

қараған  кісі:  «Сал-сал»,  «Қыз  Жібек»,  «Зарқұм»,«Қисса

уақиға Кѳр бала»,

«

Біржан  сал  мен  Сара  қыздың  айтысқаны»,  «Ноғай



мен қазақтың айтысқаны», «Ақсұлу», «Айман - Шолпан»,

«

Бозжігіт», 



«

Шәкір-Шәкірат», 

Ақмолда, 

Нұржан,


Әбубәкір  молданың  ѳлеңдері  һәмбасқа  сол  секілді

кітаптарды  кѳрер  еді.  Хәтте  Жамал  сол  қиссалардың

бағзы бір ѳлеңдерін жатқа да біліп, бір ойынға бара қалса:

«

Жамал, ѳлең айт» дегенде тартынбай айтып салушы еді.



Осындай  қиссаларды  оқумен  һәм  ел  ішіндегі  айтып

12



жүрген  қыз-бозбалалардың  ѳлеңдерін  жазып  алумен,

молдадан оқып жүрмесе

де,  жазуын  күннен-күнге  дұрыстап  бара  жатты.

Жамалдың  осындай  зеректігі  ауызға  ілініп,  он  жасына

жеткен  уақытында  әркімдер:  «Сәрсенбай  үйінде  бір

жақсы  бала  бар»-  деп  айттыруға  қызыға  бастап  және  де

Жамалдың анасы ақылды, кѳркем қатын болғанға,«анасын

кѳріп  қызын  ал,  аяғын  кѳріп  асын  іш»  деген  мақалды  да

еске тұтып сѳйлеуші еді.

13



Б

Б Ѳ Л І М

  5

ір күні бие ағытар уақытта, ауылдың сыртындағы бір



тѳбешікте құпия сѳйлесіп үш кісі отыр еді. Оның бірі

мағлұм  Сәрсенбай,  екеуі  –  сол  елдегі  атқа  мініп  жүрген,

ел  ара  сытыныш  болғаннан  даулы,  сѳзді  болғанын  артық

кѳретін  пысықшалау  адамдар  еді.  Әлгі  екеуі  Сәрсенбайға

қарап:  «Сәрсеке,  бұл  заманның  ѳзі  қорыққанды

сыйлайтұғын  заман  болды,  азырақ  дәреже  біткен  кісі  -

бай қара кісіні кісілікке алудан кетіп барады. Сол себепті

біздің  сізге  айтқалы  келген  сѳзіміз  -  алла  тағала  сізге

біреуден  артық,  біреуден  кем  дәулет  беріп,  екінші  мынау

бір  жаман  немеңіз  бар.  Бұл  жаман  екі  айналып  келмес,

бір күндерде малың шағын болып, басқа да зар болдыңыз,

«

қубас»  деген  сѳзді  естіген  күніңіз  болды.  Енді  тәуекел



деп, атыңызды бір шығарып қалсаңыз қайтер екен? Міне,

сайлауға да үш ай қалды. Кѳп болса, үш жүзтеңге шығар.

Сіз  мақұл  кѳрсеңіз,  біз  ѳзімізге  қараған  Құрман  болып

билікке сайлағымыз келеді, халық сѳзді бір сапарға қалай

тастап кете қояр екен деп ойла ймын. Ѳзіміздің Нүрпейіс

би ризалығымен берсе, жолын алар, болмаса тәуекел деп

тapғa  түсерміз,-  деп,  неше  түрлі  тәтті  сѳздермен

14



құбылтып,  Сәрсенбайды  азғыра  бастады.  Сәрсенбай

қанша  момын  адам  болса  да  сѳзге  бұрылмайтын  пенде

бола  ма,  дәулетке  қызығып,  біраздансоң:  «Ѳздерің

біліңдер»,  -  деп  жауап  қайтарды.  Бұл  мәжілістер  бір

мәрте  болмай,  бірнеше  күндер  ақылға  салынып,

ақырында Сәрсенбай билікке таласпақшы болды. Сайлау

жетті,  Сәрсенбай  әркімге  жомарттанып  ат  майын  бере

бастап,  сойысы  да  артылды.  Caнақшадан  тѳрт  жүз  теңге

жұмсалып,  шарға  түскен  уақытта  Нүрпейіске  он  тоғыз

шар, Сәрсенбайға он тѳрт шар шығып, біздің жаңа талап

босқа  қалды.  Бұл  істің  бұлайша  сағаты  болмауы  да  -  сол

елде жұртқа қадірлі және де болыспен құда Байжан деген

кісі еді. Шар салардың алдында Байжан выборнайларға:

Сіздер  шарларыңды  Нүрпейіске  салындар,  жаңа



байыған бір Құрманның болғанынан алашқа сѳйлескенде

намыс жібермейтін, елдің белін сындырмайтын Нүрпейіс

артық  емес  пе?  -  деп  айтып  отырғанын  сол  сағатында-ақ

Сәрсенбайға біреу келіп жекізіп еді.

Сәрсенбай  салысуға  кеткен  кісідей  болып  үйіне

қайтты.  Кѳп  расход  шықты  (Ұл  жеп  жайына,  қызжеп

байына  кетті).  Қасындағы  әуелгі  тыныш  жатқан

Сәрсенбайды билікке таласуға қыздырған достары:

Қап бәлем, келер сайлау болсын! - деп қайрат берген



болды.  Осылайша  сайлау  тарқап,  бес-алты  ай  да  ѳтті.

Бағзы  уақыттарда  сайлау  еске  түсіп,  шығындарын  әм

намысын  ойлағанда,  Сәрсенбай  іші  күйіп,  хәтте  енді

сондағыдан  екі  есе  шығындалсам  да  дегеніме  бір  жетсем,

арманым  қалмас  еді  деген  секілді  пікірге  де  келіп

қоюшы еді.

15



Ж

Б Ѳ Л І М

  6

оғарыда  айтып  ѳткен  Байжанның  он  жеті



жастарға  келген  Жұман  дейтін  бір  таз  әм

ақылсыз  баласы  бар  еді.  Сол  елде  екі-үш  Жұман  есімді

жігіттер  болғанға,  бірін  -  «сары  Жұман»,  бірін  -«тапал

Жұман»,  Байжанның  баласын  -«таз  Жұман»  деуші  еді.

«

Ата  даңқымен  қыз  ѳтеді,  мата  даңқымен  бѳз  ѳтеді»  деп,



Байжан ѳзі тәуір болған соң, қол жетіп тұрған заманда бір

бай  жерден  Жұманға  жақсы  қыз  айттыруға  ойы  бар  еді.

Бір  күндерде  Байжан  мәжіліс  арасында:  «Жұманға  құда

болатын  лайықты  жер  білгендерің  бар  ма?»  деп  сұрап

отырғанда, біреу тұрып:

Биылғы 



Нұрпейіспен 

билікке 


таласатын

Сәрсенбайдың  бір  жақсы  баласы  бар,  шешесі  тәуір  кісі  -

Жарас  молданың  қызы,  ѳзі  оқыған  бала,  қазірде  он-он

бірге  келсе  керек,-деді.  «Олай  болса,  бұл  ескеретін  жер

екен»  деп  Байжан  ішінен  ойлап  қойды.  Кѳп  ұзамай

Байжан Сәрсенбайға «құдай қосса, құда болайық» деп бір

кісі  жіберді.  Бұл  хабарды  есіткеннен  сон,  Сәрсенбай  үй

ішіне  ақылдасып  кѳріп  еді,  үлкен  қатыны  ұнатып,

Жамалдың  анасы  Шолпан  ұнатпады.  Сѳйтсе  де  ѳткен

16



сайлаудағы  Байжанның  Нұрпейіске  болысып,  ѳзін  құр

тастағанын  ойлап,  Сәрсенбай  құдалық  себебімен  келесі

сайлауда  би  болмаспын  ба  екен  деген  ойға  кіріп,  ѳзін

билікке  таластырған  достарына  ақылдасты.  Бұлар  естіген

жерден:

Құдай  берді,  әйде,  қайырлы  болсын,  құда  болыңыз,



қызды қырғызға да береді.

Байжанның  баласын  жұрт  пәлен-түген  десе  де,

асылдың тұқымы ғой, әлі-ақ ѳскен соң түзеліп кетеді,- деп

ѳзі  босап  тұрған  Сәрсенбайды  құда  қылуға  айналдырды.

Жалғыз-ақ Шолпан неше

күндей кѳнбей:

Жамалды  ѳзінің  теңіне  береміз.  Байжанның  баласы



жаман  дейді,  атасының  байлығы  не  керек,  -деседе,

Сәрсенбайдың құлағына кірмеген соң:

Екі  дүниеде  Жамалдың  обалы  саған  болсын,  би



болмақ  тұрсын,  патша  болатын  болсаң  да  Жамалды

неғып  сондай  жаманға  қиып  бермекші  боласың?  -  деп

кѳзінен  жас  тѳгіп,  үйден  шығып  кетті.  «Ұрғашының

шашы  ұзын,  ақылы  қысқа»  деген  осы  деп,  Сәрсенбай

басқа  сѳз  айтпай,  ішінен  мыңқылдап  отырып  қалды.

Сәрсенбай  бұрын  Жамалды  жақсы  кѳріп,  ѳзінің  теңіне

беремін  деп  жүруінде  еш  шүбә  жоқ  еді.  Бұл  сапарда

сайлаудағы  шыққан  шығын,  кеткен  намыс  әм  ілгерідегі

үміт  әммасы  қосылып,  оның  үстіне  кѳлденең  кісілердің

сѳзі  де  қамшы  болып,  «не  қылса  да  Байжанмен  құда

боламын», - деп жауап қайтарды. Бір айдан соң батасы

қырық  жетінің  малы,  екі  жүз  теңге  ақшаға  келісіп,

Байжан  келіп  құда  түсті.  Сүйіп  болған  құдасын

Сәрсенбай  китке  разы  қылып  қайтарды.  Құда

болғаннан  кейін  белгісіз  біраз  заман  ѳтіп,  Жамал  он

бес  жасқа  келді.  Сұлулық,  ақыл,  салтанат  үшеуі  бір-

біріне  муафиқ  келіп,  Жамал  сол  елдің  қызының  алды

болды.  Бұл  айтылмыш  артықшылығының  үстіне

17



Д

Жамал  сѳзге  бек  ұста  болып,  ѳз  ойынан  шығарып  ѳлең

де  жазатын  болды.  Олай-бұлай  қалжыңмен  сѳйлескен

бозбаланы 

сѳйлетпейтін 

еді. 


Ел 

ішінде 


тілді

бозбалалардың 

кѳзі 

түсе 


бастап, 

шет 


елдерге

де«Сәрсенбайда  бек  кѳркем  бір  ақын  қыз  бар»  деген

лақап  жайыла  бастады.  Осы  елде  бір  қыз  ұзатқан  той

болып,  кешке  ойынға  жұрт  жиналып  еді.  Бес-алты

талапты бозбалалар жиналып:

Осы  Жамал  жаста  болса  ѳлеңге  де,  қарасѳзге  де  бек



пәле  болып  барады,  бүгін  кешке  бір  ѳзіне  ѳлең  айтып,

бетін қайтаралық, - деп, әммасы ақылдасып үш ауыз ѳлең

шығарып,  ѳздерінің  арасында  бір  пысықтау  жігітке

Жамалдың  қасында  отырып  айтуға  тапсырды.  Бұлар

Жамалдың  күйеуінің  жамандығын  бетіне  баспақ  болып,

ѳлендерін де сол мағынада шығарған еді. Түнболып, ойын

басталып,  манағы  жігіт  әуелгі  планы  бойынша  ѳлеңін

әбден  жаттап  алып,  Жамалдың  қасында  отырды.  Бір

мезгілде бүл жігітке де ѳлең айт деп реті келгенде, баяғы

үш  ауыз  ѳлеңді  Жамалға  қарап,  домбырамен  әнге  салып

қоя берді:

омбыра қолыма ұстап, бастым перне,

«

Нұр жауар - деген сѳз бар - талапты ерге»



Жасымнан бай баласы бұлғақтаған,

Жаман қыз олай-пұлай маған тең бе.

Білгенге - ишара сѳз жетер деген,

Білмеске - сѳзі қор боп кетер деген.

Есекке арғымақты қосақтасаң,

Ѳтпей ме ғұмыр зайғы бекер деген.

Алыстан ат терлетіп келдім тойға,

Жақсымен сұхбаттаспақ болып ойда.

Қу ілген қыран бүркіт біз боламыз.

Теңгеріп жүрме, құрбым, тұрымтайға.

18



Б

А

Жамал  бұлѳлеңнін,  мазмұнына  түсініп  және  де  ѳзіне



бұл жігіттің ойынан ѳлең айтарлық

ѳнері  жоғы  мағлұм  болған  соң,  әуелі  бір  ауыз  ѳлең

айтайын, сонда не дер екендеп айтқаны.

Сѳзіңіз бек мүләйім, ақын аға,

Ѳнерге жас күніңнен жақын, аға.

Беруге қалай жауап білмей тұрмын,

Түсіндір сѳзіңіздің затын, аға?..

ұл  тойда  отырғандар  енді  Жамалдың  мына  сѳзіне

жігіт  не  айтар  екен  деп  тегіс  тыңдап  отырып,  «қане,

сѳйле,мырза!» деген әр жерден дауыс шыға бастады. Әлгі

жігіт  ѳзінің  бар  жатқа  үйренген  үш  ауыз  ѳлеңін  бітіріп

алып,  Жамалдың  мына  сѳзіне  муафиқ  жауап  қайтара

алмай  ұялғаннан  қызарып,  манағы  ѳлең  үйреткен

жігіттерге  жалтақ-жалтақ  қарай  берді.  Сол  уақытта

Жамал кѳкірегін кернеп, мына ѳлеңді айтты:

ғадан сѳз қайтпады қарындасқа,

Жігіттен сіздей жауап табылмас па?

Бітсе егер ѳлең шіркін, бойға қайнап,

Жауапқа сіздей ғазиз тартылмас та.

Болған соң үйретінді бір-екі ауыз,

Айтуға сізге, ағатай, ұнамас та.

Есек пен арғымақты мысал қылып,

Әпендім, білгеніңді бетке баспа.

Пендесі хақ жаратқан емес бірдей,

Хан, қара, би, тѳре мен кәрі-жас та.

Намысы бѳріктінің бір деген бар,

Білсеңіз, сізге ұят, бұл рас па?

Замандас, жақсы сѳзді табип деген,

Құрбыға бір себеппен бітсе хаста.

19



Ә

«

Бір сырлы, сегіз қырлы» кѳрінесіз,



Тағы да білгеніңді айтып таста.

р  жерде  кұрбы  ішінде  Жамалдың  осындай

шешендігі  кѳріне  бастап  жүргені  секілді,  бұл

сапарда дахалық Жамалды мадақтап, «екінші Сара мұнан

шықты, енді мұнымен айтысарлық Біржан қайдан шығар

екен» деп, тарасты.

20



Ж

Б Ѳ Л І М

  7

амал  кәмелетке  жеткен  соң,  күйеуінің  нашар



екенін  біліп  (қатта  бір  тойда  кѳрсе  де  керек),

кѳңіліне  күннен  күнге  уайым,  қайғы  түсе  бастады.

Жамалдың  бұл  қасіреттерін  кѳбейтуге  себеп  болған

Жұманның  жамандығынан  құрбы  арасында  күлкі  болған

істері  еді.  Мысалы:  Жұманды  үйі  қант-шай,  ғайыры

нәрселер  әкелуге  қалаға  жібергенде,  жолда  терілерін

алып  сатарға  сатып,  он  теңге  алтын  орнына  алданып,  бір

тиын  жаңа  бақыр  алып  келуі  еді.  Әм  елде  бозбалалық

қылмақшы  болып  бір  қызы  бар  үйдің  босағасында

ұйықтап  қалғандықтан,  қыздың  әкесі  таңертең:  «Тұр

балам,  ұйқың  қанған  шығар»,-  деп  үйіне  жіберуі  еді.

Мұның әммасін Жамал естіген еді. Ата-анасы зарыққанда

кѳрген баласы екенін де ойлап, не себепті жаман күйеуге

бергеніне  қайран  қалып  жүрді.  Ѳзі  теңдес  қыздардың

күйеулерін  салыстырып  қарағанда,  Жұманнан  нашар

жері  жоқ  еді.  Басқа  шет  елдерден  күйеуіне  разы  болмай,

екінші  жігітпен  қашып  кетіпті  дегенді  естігенде,  ішінен

ойлап:  «Олар  да  мен  секілді  бейшаралар  ғой»,  -  деп

аяушы  еді.  «Олар  секілді  бір  жігітпен  кѳңіл  қосып

21



Ж

қашсам, пәленшенің қызы қашып кетіпті деген сѳз болып,

атамның  сүйегін  сындырғандай  боламын.  Разы  болып

Жұманға  барсам,  ғұмырымша  қор  боламын  ғой»,  -  деп

қайсысын  істеуге  ақылы  жетпей,  бағзы  уақыттарда  түн

бойы  ойлаумен  ұйықтамай  да  шығушы  еді.  Әр  уақыт

осындай  уайымда  болған  соң,  Жамал  жүдеп  те  кетті.

Ата-анасы:

Қарағым, сен неге жүдеусің? - дегенде:



Жай  басым  ауырады,  -  деп  қоюшы  еді.  Жамал

осындай  уайымдарда  болып  жүргенде,  бір  күні

Байжаннан 

Сәрсенбайға: 

«

Биыл 



баламды 

ұрын


жіберемін»,  -  деп  сәлем  келді.  Бұл  хабарды  естігеннен

кейін Жамалдың қайғысы бұрынғыдан үш есе артты деуге

лайық  болды.  Жамал  қанша  ішінен  қапаланса  да,  басқа

бір кісіге айтуының ебін таба алмай, бір күні қолына қағаз

бен  қарындаш  алып,  «тым  болмаса  кѳңілімдегі

қасіретімнің  оннан  бір  бѳлігі  шықпас  па  екен»,  -  деп,  ѳз

басындағы  халіне  бір  азырақ  ѳлең  жазып  еді.  Шешесі

Жамалдың  бір  қағаз  жазып  отырып,  қасына  бір  хат

танитын  кісі  барса  жасыра  қойып  жүргенін  кѳруші  еді.

«

Бұның  жазып  жүргені  немене?»  -  деп,  Шолпан  азырақ



шүбәланып,  Жамалға  білгізбей,  оңашада  Жамалдың

қалталарын ақтарып, онан еш нәрсе шықпаған соң қағаз,

кітап  салатын  сандықшасын  қараса,  бір  кітаптың

арасынан мынау ѳлең шықты. Манағы

амалдың жазып жүргені сол екен.

Алланың рақматына созамын қол,

Адасқан мен бір ғаріп таба алмай жол.

Ашылып біздің басқа түскен тұман,

Шаттықпен ѳткіз деймін - тілегім сол.

Сыртым сау, ішім түтін қапалықта,

Бұл күнде кѳңілім жүдеу, қасіретім мол

22



Б

Тереңге түсіп кетем, ұстар тал жоқ,

Бір алла, жалғыз ѳзің жәрдемші бол!

Бақшада сайрап жүрген сандуғаш ем,

Кез болды мен сорлыға құрылған тор

Кѳл болып кѳздің жасы ѳткенім ғой,

Болмаса арылмаған маңдайда cop.

Жайлаған аққу едім шалқар кѳлді,

Бұл күні кѳрініп тұр жаман да зор.

Оралдың ілер деуші ем ақиығы.

Шынымен жапалаққа болам ба қор?!

Мен қайран атам малға сатқанына,

Бір тазды жалпақ елден тапқанына.

Аты ѳшіп тумай кеткір Жұман деген!

Мал беріп, мені ѳзімсіп жатқанына.

Атанып бай баласы қара басқыр -

Жұманның не берерсің мақтанына?

Қазақтың күллі ғайып ғадетінде

Түскенім бар қасқырдың қақпанына.

Атама мен не жаздым қор қылғандай,

Болмаса бір мінезбен жақпадым ба?

Жасымнан тәрбиелі хан қызындай,

Қасірет ақырында тартқаным ба?

Әлпештеп ұлдан артық қыз басымды

Ѳсірген атама обал артқаным ба?

ұл  сѳзді  оқып  кѳрген  соқ,  анасының  кѳзінен  азырақ

жас кетіп, қызының мұндай қайғыда жүргенін біліп,

әлгі қағазды да орнына салып қойды. Енді Шолпан Жамал

қанша  уайымда  болса,  сонша  қайғыра  бастап,  бір  күні

түнде тѳсекке жатқан соң Сәрсенбайға сѳйледі.

Құданың  құдіреті,  әуелде  сен  тіл  алмай,  баланы



мұнша  қайғы-қасіретке  салдың,  міне,  кѳрмеймісің,

Жамалжан  ѳзді-ѳзінен  азып,  жүдеп  кетті.  Осы  қалпымен

23



қор  болып  кетсе,  екі  дүниеде  бізге  разы  болар  ма,  біздің

ата-аналық хақымыз мойнымызда емес пе? - деді.

Сәрсенбай не айтарын білмей:

Сѳйтіп жүр ме, сѳйтіп жүр ме? - дей берді. Шолпан



ашуланып:

Сѳйтіп  жүрмей  құрысын,  ѳз  басыңда  еркің  жоқ,



әркімнің қыздырған тіліне еріп, ақырында Жамалдың кѳз

жасына  қалып  отырмыз.  Ата-бабаң  істемеген  істі

қыламын  деп  би  болғансып,  бір  жылдың  ішінде,  қане,

шыққан мүйізің? - деді. (Сәрсенбай әуелі таласып болмай

қалғаннан кейін, келер сайлауда құдасының себебімен би

болса  да,  бір  жылға  жетпей  съезд  уақытында  бір  кісіні

боқтап,  қамшымен  салып  қаламын  деп,  билігінен  түсіп

қалған еді).

Сәрсенбайдан  берекелі  жауап  шықпаған  соң,  Шолпан

тағы да сұрады:

Енді  ѳстіп  Жамалды  сүймеген  кісісіне  береміз  бе?  -



деп. Сонда Сәрсенбай қайраттанып:

Осы ит не былшылдап отыр? Құдайдың жазғанынан



артық  не  қыламыз,  екінші  кісіге  береміз  десең,  Байжан

болыстармен  қосылып,  біздің  жанымызды  қоя  ма?

Малымыздан  құрық,  басымыздан  сырық  түсіре  ме?

«

Қатын  -  дұшпан»  деген  осы,  болмаса  бұл  сѳзді  айтарма



едің,  -  деді.  Сәрсенбайдың  жуас,  қорқақтығы  Шолпанға

бұрыннан  мәлім  әм  бұл  сапарда  да  пікірі  тамам  кѳрініп

қалған  себепті,  енді  бұл  тұста  Сәрсенбаймен  ақылдасып,

бастарына  түскен  уайымды  бѳлісуден  үміт  үзіп,  сол

түннен  былай  Жамал  хақында  Шолпан  Сәрсенбаймен

ешнәрсе сѳйлеспейтін болды.

24



Б

Б Ѳ Л І М

  8

ас  аман,  малы  түгелдердің  кѳңілі  шаттықта,



Жамалдың  кѳңілі  һәмән  қайғыда  болумен  біраз

уақыт  ѳтіп  еді.  Жамал  қанша  қайғылы  болса  да,  сырын

халыққа  білгізбес  үшін,  һәм  жабыққан  кѳңілін  кѳтеру

үшін, қыз-бозбала жиналған ойын-тойдан қалмаушы еді.

Және  де  Жамал  болмаған  ойынның  қызығы  аз  секілді

кѳрінуші еді. Қыс ортасы болған еді. Бір күні сол елде бір

байдың  баласы  болмай  жүріп,  жамағаты  ұл  тапқанға,

қыз-бозбала  үшін  үлкен  мәжіліс-шілдехана  болды.

Атырабындағы ауылдың қыздары тамам келіп, Жамал да

әзір  болды.  Ағаш  үйдің  кең  бір  бѳлмесіне  тѳрінен  есігіне

шейін  халық  толған  еді.  Бұл  елде  ойын-сауық  әлі

қалмаған,  болғанға  бір  қыз,  бір  жігіттен  қатар

отырғызатын  әдет  бар  еді.  Жиылғандар  бірі  ѳлең  айтып,

екіншілері 

қалжыңдасып, 

ойын 


әлі 

қызып


басталақоймаған  уақытта  есіктен:  «Кеш  жарық!»  -  деп,

бір-екі жігіт кіріп келді. Бағзы бозбалалар:

Міне,  бір  сыпайы  жігіттер  келді.  Қай  жерге



отырғызамыз?  -  деп  ақылдаса  бастап,  кѳп  кешікпей

біреуін  Жамалдың  қасына  әкеліп  отырғызды.  Бұл  жігітті

25



біздің  Жамал  танымайтын  еді.  Ләкін  Жамалдың  қасына

отырғызудан  бір  тәуір  жігіт  екендігі  аңланды.  Бұл  жігіт

отырып  болған  сон,  үйдегілерге  қысқа-қысқа  сѳзбен

амандасып, соңынан Жамалға қарап:

Сіз  де  сәламатсыз  ба?  -  деп  қойды.  Бұл  жігіт  орта



бойлы,  қияпатты,  бетінде  азырақ  қорасан  дағы  бар,  жаңа

мұрт  шығып  келе  жатқан,  сѳйлеген  сѳзі  сыпайы,  әдепті,

киімі  ноғайшалау  Ғали  есімді  бір  зат  еді.  Кѳлденеңнен

қарап салыстырғанда бұл үйдегі жігіттердің абзалы Ғали,

қыздардың  абзалы  Жамал  секілді  кѳрініп,  екеуінің  қатар

отырулары да бек жарасып кетті. Ғали бір болыста басқа

ауылнайға  қараған  Дүйсебек  деген  кісінің  баласы  еді.

Жасынан  талапты  болып  Қызылжар,  Троицкідегі

медреселерде  оқып  жүріп  және  де  частный  учительден

оқып  та  орысша  азырақ  сѳйлеп,  жазарлықтай  шамасы

бар еді. Мұсылманша жақсы оқыған болса да, елге шығып

молда болмай, соңғы уақыттарда оқуды да қойып, азырақ

саудаға  айналысып  еді.  Атасы  бай  адам  болмаса  да,  Ғали

инабатты  жігіт  болып,  әрдайым  алыс-беріс  істерінде

уағдаласында  опашыл  болғандығы  кѳрінгенге,  байлар

шамалап  несие  беруден  тартынбаушы  еді.  Әуелгі

уақыттарда  оқуда  болып,  бұл  уақыттан  саудамен  жүрген

себепті  елде  тұруынан  тұрмауы  кѳбірек  болып,  ѳзін

халық,  халықты  ѳзі  анық  танымайтын  да  еді.  Тек

сыртынан  Дүйсебектің  баласы  талапты,  еті  тірі  жігіт,

қысы-жазы  үйде  отырмай  оку  оқып,  кәсіп  қылады  деуші

еді. Жаңада ѳткен бір жәрмеңкеде алыс-берістерін бітіріп,

бір-екі  жүз  теңгелеп  пайда  қылып,  үйіне  қайтып,

ағайынды  аралап  амандықта  жүргенде,  осы  ойынға  кез

келген еді. Ғали Жамалмен қатар отырған соң, бір-бірінің

халін һәм кім екендіктерін сұрап-білісті. Ғали Жамалдың

бұрынғы кѳріп жүрген жігіттерінен сѳзге ұстарақ, сұраған

сѳзіне толық жауап қайтарып һәм ѳзі де ләззатты сѳздер

сѳйлей  бастағанға  маңайындағылардың  не  істеп,  не

26



А

сѳйлеп,  не  ойнап  жатқанын  естімеген  секілді  ұмытып,

шын  ықыласпен  кеңеспек  те  еді.  Әр  түрлі  ойын  болып,

ақырында  «Бұғыбай»,  «Мыршалай  -  мырыш»  деген

ойындар  тамам  болған  соң,  бір  жігіт  бір  белбеуді

есіп алып:

Енді,  әлеумет,  ѳлең  айтасыңдар,  айтпайсыңдар,



айпағандарыңа  мінекей,  -  деп,  қолындағы  есілген

тоқпақтай  белбеуін  кѳрсетіп  қорқытып  аралап  жүре

бастады.  Білген  қадарынша  Ғали  мен  Жамалдан  басқа

бозбалалар ѳлең айтып жатса да, ѳлеңдері қашаннан бері

айтып келе жатқан ескі ѳлеңдер еді. Мысалы:

Біздерде ѳлең де бар, ѳнер де бар,

Байларда мінілмеген дѳнен де бар,

деген секілді, соның үшін артық ләззатты болмағанға,



жазбадым.  Енді  ѳлең  айтуға  рет  әуелі  Ғалиға,  сонан  соң

Жамалға  келіп  еді.  Ғали  домбыраны  әкеліп  ұстатқанның

соңында:«Менің  ѳлең  айту  әдетімде  жоқ  еді,  білмеуші

едім,  -  деп  күлімсіреп  отырып:-Қайыр,  енді  кѳңілдеріңіз

қалмасын»,  -  деп  кѳркем  әнмен  домбыраға  дауыс  қосып

сѳйледі:


л сѳйле, келді кезек енді, Ғали,

Керілмей ұста қолға домбыраны!

Рух берген мәжіліске, қызмет кѳрсет,

Сайратып тіл мен жақты болса халі

Ѳнерің болса ішіңде шығар сыртқа,

Бұл жерде жасырудың болмас мәні

Қандырып құлақ құрышын тыңдаушының

Жарайды, міне, жігіт, десін пәлі.

Секілді райхан гүл бақшадағы,

Уылжып жігіттіктің тұрған шағы

Таба алмай айтар орын жүруші едің,

Естіртші жас елдердің болса әні

27



Ж

Нақышпен сандуғаштай жүз құбылтып,

Даусыңды түрлендірсең келер сәні.

Жастыққа сауық-сайран еткен күнің

Емес пе жігіттіктің раушаны?

Тыңдаушы асыл сѳзді табылғанда,

Айтушы тартынар ма және тағы.

Қадірлес құрбыларың жиналғанда,

Тарқасын разы болып сынбай сағы.

Жасымнан елде жүрмей, ѳстім шетте

Демесін кәне елді сағынғаны.

Құрбыңа жатырқамай аш сырыңды,

Жүйріктей бауыр жазып бабындағы.

Ұмытпа мысалды да деп айтылған

Түлкіні тазы алады табындағы

Болады не нәрседен және де ескер

Жігітке абыройдың табылмағы.

Емес пе екі жүрек бірдей келсе,

Арада махаббат оты жағылмағы

Мінеки, домбыраңыз, тоқтадым мен,

Сѳйлесін сұлу Жамал жанымдағы!

Ғали  бұл  арада  айтып  болдым  деп  домбыраны

Жамалға  ұсынғанда,  отырған  халық:  «Мырза,  тағы  айта

түсіңіз?»-  деп  ѳтініш  айтқан  соң,  Ғали  тағы  да  мынау

ѳлеңді айта бастады.

ақсы қыз баға жетпес бір гауһар тас

Он алты, он жетіге жеткенде жас

Жәннаттың пісіп тұрған алмасындай,

Қол жетпес, қандай жігіт ләззат алмас

Сұлу қыз рақаттың кілті емес пе?

Қолына түсіре алсаң, бардағы аш.

Тізілген меруерттей отыз тісі.

Нұрлы жүз, жайнаған кѳз, қиылған қас.

28



Ғ

С

Шекеде камшат бѳрік, киген асыл,



Сылдырлап алтын шолпы, иықта шаш

Бұралған тоты құстай мүшелері,

Бозбала сұхбаттасқан болмай ма мас.

Қатасыз осы айтқандай болып тұрса,

Жолында сондай қыздың қияр ем бас

Болатын мақсұт хасыл жол табылса

Тәрік етіп қандай жігіт малын салмас.

Серт айтып уағдамен бел байласа

Айтар ма жақсы жігіт жұртқа сыр фаш?

Талапкер бозбала айтқан сѳзім

Сѳз емес мұның бәрі ѳзіне хас

Кеудеде жанып тұрған оты жоқтар

Қадірлеп бұл сѳзімде, демес рас

Шәрбатын ғашықтықтың татпағандар

Ант беріп айтсаң дағы сірә нанбас

Шаһбазлар сүйген үшін ізденуден,

Кѳрсе де нендей қорлық, бір тартынбас

Жанған от, кѳздеген оқ тұрса дағы,

Сескеніп ғашық үшін жүрек қайтпас,

Магниті сұлу қыздың күшті емес пе,

Жігітті кѳңілі сүйген қайтіп тартпас,

Астынан ақ тамақтың деміңді алсаң,

Мойныңнан ақ білекті қайтіп артпас?!

али  бұл  ѳлеңді  айтып  болған  соң,  отырған  ретінше

Жамал айтты:

ѳйле, тілім, шешіліп осындайда,

Құрбылармен бір жерге қосылғанда.

Отырмассың үнемі тѳрде бүйтіп,

Еріксіз-ақ қоярсың тосылғанда.

29



Емес пе едік, япырым-ау, кеше бала

Білетұғын жастықпен есті шала.

Белгісі жок екен ғой ѳткен күннің,

Қатар түзеп қыз болдық, міне, қара!

Қыз байғұс ел-жұртына келген қонақ,

Мысалы, қызғалдақтай ғұмыры шолақ.

Күн келер ѳз басынан ерік кетер,

Қалалық осындайда күліп-ойнап.

Сѳйледі Ғали мырза жігіт жайын,

һәркімнің халі ѳзіне тұрар дайын.

Қыздарды жігіттермен салыстырып,

Тыңдаңыз, мен азырақ сѳз қылайын.

Жігіттің еркі ѳзінде - жылдың құсы,

Ұшса да, я келсе де отырғысы.

Мысалы, жазы болған жаққа кетер

Бір жердің қары жауып, туса қысы.

Қыз байғұс қолға түскен сандуғаштай,

Торында ғұмыры ѳтер кілтін ашпай.

Сатады мал кѳп берген кісі болса,

Кетеді жылап сорлы қарсыласпай.

Рақым етпес және ата-анасы,

Болса да жақсы кѳрген ѳз баласы.

Теңіне қыздың кѳбі бара алмайды,

Кѳнбеуге және дағы жоқ шамасы.

Қалайша тұрсын енді жыламай қыз,

Ерлерге қарсы келсек ұнамаймыз.

Тұтқында ѳскен жандай дүние кѳрмей

Жол іздеп ұлықтан ерік сұрамаймыз.

Жаманға барсаң қор боп ғұмыр ѳтер,

Ұстайды ол ақымақ күңнен бетер.

Күн шығып, ай да туып, кѳз ашылып,

Бұл қайғы қыз сорлыдан қашан кетер?

Кісінің туып-ѳскен жері қымбат,

Үйренген бала жастан елі қымбат,

30



Ата-анаң, аға-жеңгең қадірлеген

Тебіскен құлын-тайдай теңі қымбат.

Тастайды осылардың қыз һәммәсін,

Қор етіп бір жаманға ғазиз басын.

Ѳзінің сүйгеніне бара алмаса,

Қалайша енді олар сағынбасын.

Қыз бермек пайғамбардың сүндетіндей,

Ұзатпақ ата-анаң міндетіндей.

һәркімнің ѳзіне ерік берген жоқ па,

Алланың бұны дейміз құдіретіндей.

Сѳзімде қата болса сѳкпе, халқым,

Әшейін айтып ѳттім сѳздің салтын.

Тұрған соң кѳзің кѳріп қиянатты,

Тартады уайымдап кѳңіл салқын.

31



Б

Б Ѳ Л І М

  9

ұл  күні  Ғалимен  Жамал  әбден  сѳйлесіп,  әрқайсысы



хал-ахуалын  біліскен  еді.  Іштерінен  бір-біріне

ұнағандығы  білініп,  «бір  кѳрген  біліс,  екі  кѳрген  таныс»

мұнан  былайда  кез  келіп  жүрерміз  деп,  бұл  сапарда

айрылысқан  еді.  Ғали  әлі  қалың  бермеген  бір  талапты

жігіт  болғанға,  Жамалдың  күйеуіне  наразылығына  қарай

екі тараптанда бір-біріне махаббат байланды деуге лайық

болды.  He  үшін  десеңіз,  екеуінің  де  сол  ойын  болған

түндегі  сѳздері  кѳңілдерінен  кетпей  һәмән  бірін-бірі

ойлайтын  болды.  Мұнан  кейін  Ғали  Сәрсенбайдың  үйіне

бір-екі  мәрте  келіп  кеткен  уақытта,  Ғали  менЖамалдың

бір-біріне  кѳз  қарауларын  байқап  тұрған  кісі  болса,

екеуініңде  кѳздерінде:  «Мен  сені  жаным-тәніммен

сүйемін», - деген жазуды оқығандай болар еді. Ләкін екеуі

оңаша  жолығуға  ешбір  реті  болмай  жүрді.  Бір  күні  Ғали

қалаға бара жатыр едім деген болып, Сәрсенбайдың үйіне

келіп  қонды.  Далаға  шығып-кіріп  жүргенде  Ғали

Жамалға  әдейі  бір  жолығу  үшін  келгендігін  сездіріп

қойғанда,  Жамал  түнде  Ғалидың  қасына  келуін  шүбәсіз

деп  ойлап  қойды.  Һәм  бұл  ойы  да  теріске  кетпей  үй  іші

32



ұйықтаған  уақытта  екі  жас  бір  тѳсекте  еді.  Екеуі  әуелі

жолыққан  күндерінен  бері  нендей  ойлар  ойлағандарын,

бірін-бірі кѳруге сағынғандарын айтып һәм бастарындағы

оқиғаларын  да  азырақ  қозғап  қойысты.  Екеуі  түбегейлі

терең  ойға  бармай,  ақырын  кѳрерміз,  қазірше  ойнап-

күліп  жүрейік  деп  уағда  етіп,  араларында  шын  достық

ғаламаттары  болып  қалды.  Екеуі  бірдей  қазақтың

ғұрпында  болған  қаталарды,  жәбіршіліктерді  сѳйлеп,

Жамал  ѳзі  ес  білгеннен  бергі  уайымдарын  бір  минуттың

ішінде  ұмытып,  енді  Ғалиды  кѳрмей  тұрған  минуттар  -

бір  жылдық  кѳрінерін  Ғалидың  құшағында  жатыпайтып

білдірді.  Осылайша  Ғали,Жамал  дос  болып,  әрбір

лайықты  уақыттарда  жолығып,  сұхбаттасып  жүріп,  қыс

ѳтіп,  жаз  да  келді.  Бұл  екеуінің  кѳңілдерінде  бір  ғана  ой

бар  еді.  Бірақ  бір-біріне  бұл  күнге  шейін  айтуға

әрқайсысы  ѳздеріне  сенбеген  секілді  болып,  үндемей

жүруші  еді.  Бұл  ойын  Жамал  сѳйлесе,  Ғали  қабыл  алуы,

Ғали  сѳйлесе,  Жамал  қабылалуы  шүбәсіз  болса  да

сѳйлеуге екеуінің ойындағы мақсаттары бір болған секілді

қауіптері  де  һәм  бір  еді.  Жамал  мен  Ғали  аз  күнгі  ойын-

күлкінің 

қызығымен 

ѳздерін 

дүниедегі 

бақытты

адамдардан  санап  жүргенде,  бір  күні  бұларға  үлкен

қасіретті  хабар  естілді:  «Байжан  мен  Сәрсенбайдың

арасындағы уағдалары болып, енді бір айда Жұман күйеу

ұрын  келіп  қалыңдық  ойнайды»,  -  деген  ѳсек  расқа

шықты.  Бұл  ренішті  хабар  бұл  күнге  шейін  Жамал  мен

Ғалидың  іштерінде  сақтап  жүрген  сырларын  бір-біріне

білдіруге себеп болды. Бұл айта алмай жүрген сырлары -

екеуі  қалай  ғұмырлық  жолдас  болып,  Жұманнан

Жамалды  құтқару  екен.  Бірақ  әрқайсысыда  ѳздерінен

басқа ешбір жәрдемші болмағанға текке халыққа масқара

болып,  мақсатқа  жете  алмай  қаламыз  ғой  деп  қорыққан

екен.  Енді  мынадай  Жұман  келеді  деген  хабар  аныққа

шыққан  соң,  дүниеде  бірінен  бірі  бѳлек  тұрудан  қапаста

33



Т

жатқанды  артығырақ  кѳріп,  не  болса  да,  екеуі  қосылуға

бір  жол  қарамақшы  болып,  енді  қай  күні  бір  жолықса

бұрынғы іштегі жұмбақ болып жатқан сырларын таласып

сѳйлемекші болып тұрғанда,

Жамалға  Ғалидан  бір  хат  та  келіп  жетті.  Оқып  кѳрсе,

бұл еді:

ұра алмадым толықсып хат жазбасқа,

Зылиқа мен Жүсіпті қосқанындай,

Ішкі сырды білгізіп замандасқа.

Екі кѳңіл бір жерде қосылса егер,

He 


қызық бар жаһанда онан басқа?!

Тілегің бер, илаһим екі жасқа!

Айтпасаң да қалпыңды, мен байқаймын,

Жек кѳрмейсің мені де сен байғұс та.

Дертім сыймай ішіме, еттім сыр паш,

һеш үндемей жүрсем де жазы-қыста.

Сипатыңа қызықпас қандай жігіт,

Хор қызындай нұрлы жүз, қолаң шашқа,

Сѳзің бұлбұл секілді, жүзің айдай,

Сені сѳккен пенде де һеш оңбас та.

Мен мұнда, кѳңілім сенде, ойың кімде,

Тілеймін осы сѳзді ұмытпасқа,

Емеспін мен Жұмандай бай баласы,

Жоқтықты, сұлу Жамал бетке баспа!

Ақылсыз жаман шіркін алып кетсе,

Қызғанып халім бар ма қайғырмасқа.

Сенің де ѳткен күнің жылдай болып,

Кѳңіліңнен қасіретің арылмас та.

Ерте-кеш кѳз алдымда тұрғандайсың,

Қарағым, һеш болмайды сағынбасқа.

Жамалжан, талап таудай болса дағы,

Тон келте, сүйгеніңнің қолы қысқа.

34



Б

Тѳскейден қызыл түлкі бұлаң етсе,

Тѳбеден қыран бүркіт ұмтылмас па?

Жапалақ бадырақ кѳз босқа қалып,

Қырғи құс түлкіні алып құлпырмас па?

Отырып тәуекелдің кемесіне,

Ай дариға, дариядан ѳте шықса,

Ғашықтық уағдамен тәуекелшіл,

Қажымай осы үшеуін мекем ұста,

Кімде-кім жетер сонда мұратына,

Пайда жоқ жүрексінген қорқынышта.

Аз сѳзде кѳп мағына деген мысал,

Халімді баян етіп жаздым нұсқа.

Жамалжан, парасатлу етер фаһім,

Бұл сѳзім биілтифат қалмас босқа,

Рақматына мың сан разы болар едік,

«

Ғали-Жамал лайық» - деп, алла қосса.



Келер деп нендей жауап күтіп қалдық,

Хат жазып жанабыңа жолдап почта.

«

Құп!» - деген жібермесең дәруінді,



Зораяды күннен-күнге біздің Хәста.

Дүшпан кеп, досымыз аз, халық сенімсіз,

Я, алла, тура жолға ѳзің баста!

Ғалидан - пақырыңыз жазылды хат

Махаббатлу махбуба Жамал досқа.

ұл  хатты  Ғалиден  Жамалға  алып  келген  жігіт  әр

уақыт  бұл  екеуінің  арасында  осындай  құпия

хабарлар  һәм  хаттар  тасып  жүретін  Ғалидың  бір  анық

сенген кісісі еді. Бүгін бұл хатты

Жамалға тапсырып:

Жауабын  ертеңге  шейін  даярлап  қоярсың  мен  бір



ауылға  барып  қайтамын,  -  деп  кетіп  қалды.  Жамал  бұл

хатты  үш-терт  мәрте  оқып  шығып,  бір  қызып,  бір  суып

35



Ғ

Жұманға  барса  ғұмырынша  қайғы-қасіретте  ѳтетінін

ойлап,  Ғалимен  қашса  не  түрлі  ұят  машақаттар  болып,

ақыры  нешік  болатынына  кѳзі  жетпей,  аздағдарып,

кѳзінен  моншақ-моншақ  жастарды  тѳгіп  алды.  Біраздан

соң тағы да қайраттанып: «Тәуекел, алла басқа салған соң,

не  де  болса  кѳтердім,  Ғалимен  ғұмырымша  қол  ұстасып

жүрсем  де  арманым  болмас»,  -  деп  ойлады.  Егерде

Ғалимен  қаша  қалса  кім  тілектес,  жәрдемдес  боларын

ойлағанда,  ѳзінің  шешесі  Шолпаннан  басқа  ешкім  кезіне

кѳрінбеді.  Шешесіне  сиынатын  себебі  оқушыға  да  мәлім.

Шолпан әуелден Жамалды Жұманға беруге разы болмай,

Сәрсенбайға тілін алғыза алмай қойған еді. Екінші, Жамал

ер жеткен соң Жұманға кѳңілі наразы болып жүргенін де

сезіп, хәтта сол мезгілде Жамалдың жазып жүрген ѳлеңін

де тауып алып оқиды, деп жоғарыда жазып едік. Үшінші,

Жамал  мен  Ғалидың  жақын  болып  жүргендерін  біліп,

кѳріп жүрсе де, білмегенсіп жүруші еді. Жамалды Ғалиға

лайық  кѳрген  секілді  болып,  Ғалиды  шын  ықыласымен

баласындай  жақсы  кѳруші  еді.  Ұзын  сѳздің  қысқасы,

ақырында  Жамал  Ғалидың  жазған  сѳздерін  қабыл  алып,

қарсы  жауап  та  жазып,  ертеңінде  манағы  жігітке

тапсырды.  Бұл  жігіт  хатты  сол  күні-ақ  Ғалиға  жеткізіп

берген соң ашып оқыса, жазылған сѳз мынау екен:

алижан, біздің қолға тиді қағаз,

Жазғанын қабыл алдым сіздей шаһбаз.

Мақсатқа муафиқлы сѳз шыққан соң,

Ѳңім бе, түсім бе деп тұрдым біраз.

Сіздейін жаздым жауап білгенімше,

He 


түрлі жазған сѳзің кірді ішіме.

Сырымды жалғыз саған білдіремін,

Айтпаған мұнан бұрын бір кісіге.

Мағұлым бір сѳзіңе менің халім,

36



һеш рақат кѳрмегендей сенсіз жаным.

Еріксіз бір есекке қосақталсам,

Жаһанда екі бірдей келмес мәнім!

Қосылсам нәсіп болып сеніменен,

Кім айтар жүрмеді деп теңіменен?

Сенімен отқа жансам арманым жоқ,

Жуылмаған Жұман атты періменен.

Хатыңда «бай емеспін» деп жазыпсың,

«

Бетке салық қылма» деп, кѳп жазыпсың.



Байды сүйсем, Жұманға бармас па едім,

Мұны ойламай, әшейін тек жазыпсың.

Бір сенсің ғашық отын сѳндіретін,

Кім бізді ықтиярсыз кѳндіретін?

Ѳлсек шұқыр бір болсын, шықсақ - тѳбе,

Айрылмалық болса да ѳлтіретін.

Бір алла жалғыз ѳзі болсын айғақ,

Тұралық уағданы бекем байлап,

Сен үшін бір басымды еттім құрбан,

Шынжырлап жіберсе де Сібірге айдап!

Біз кѳндік мұндай халге құдай салды,

Панасыз мазлұммен мен бір зарлы.

Ал енді күн-түн демей хайла қара,

Келуіне жексұрынның бір ай қалды.

Мен де жоқ аға-жеңге мұңымды ашар,

Сырымды басқаға айтсам, жұртқа шашар.

Білмеймін апам байғұс не қыларын,

Жалғыз-ақ сенетінім - ақылдасар.

Аналық мейірбаны түссе егер,

Дұшпаннан құтылуға хайла табар.

Сенбеймін һеш кісіге мұнан басқа,

Керек атам, керек жақын ағайындар.

Жан досым, тѳрт-бес күнде жолығып кет,

Болса да сѳйлесерміз нендей рет.

Ѳзің де қарап жүрмей ескере бер,

37



Кѳңілге кіргеннен соң мұндай ниет.

Келмедің он бес күндей, мен кѳп тостым,

Санаулы енді аз ғана біздің бос күн.

Қайырлы сағаттарда ескергей деп,

Хат жазған қалам қозғап Жамал досың.

38



Ғ

Б Ѳ Л І М

  1 0

али бұл хатты оқығаннан кейін сол күні ѳзіне сенімді



құрбылары  Жүніс,  Нұрмаш  деген  жігіттермен  күн

батқаннан  түн  ортасына  шейін  ауылдан  аулақ  бір  оңаша

жерде ақылдасқан еді.

Ғали:


Мінекей  жігіттер,  бала  жастан  бірімізге  сен  деспей

ойнап  әскен  құрбы  едік.  Қазірде  демен  мынандай  бір

қиялға  түсіп  тұрмын.  Айтқан  сертіне  қыз  жетіп,  мен

жетпей  қалсам,  маған  тірідей  ѳлім  ғой  деп  ойлаймын.

Мен  тәуекел  деп  бұл  іске  басымды  байладым,  сендер  не

ақыл айтасыңдар? - деді. Әлгі жігіттер:

Оның  бізге  несін  айтасың,  біздің  сенен  аянар  еш



нәрсеміз жоқ. Бұл заманда қыздың басында ерік бар ғой,

азар болса малын алар, кім қызды тегін береді, - дегеннен

кейін Ғалидың қуанғаннан екі кѳзі жайнап кетіп:

- He 


қылса да осы іске бір ѳнер-қайрат ете кѳріңдер, -

деп,  ертең  тағы  да  ақылдаспақшы  болып  тарқасты.  Бұл

үшеуі ертеңіне һәм бас қосып, бұл жолғы мәслихаттары:

әуелі  Ғали  Жамалға  барып,  оңашада  әбден  сѳйлесіп,  қай

күні  қашатындарын  уағдаласуға  қаратты.  Кѳп  кешікпей

39



Ә

Ғалида бір күн түнде, Сәрсенбайдың аулының тұсындағы

бір  сайда,  сүйіктісі  Жамалмен  келешекте  бірге  рақат

ғұмыр ѳткізулерінің желісін сѳйлеп тұр еді. Дүниеде бұл

екеуі  үшін  бір  жақтан  істің  ақыры  нешік  болады  деген

үлкен  қорқыныш,  екінші  жақтан  дұшпанның  қолына

түспей  құтыламыз  ба  деген  қуанышпен  жүректері

лүпілдеп,  бірінің  қолы  бірінің  мойнында  болып,  екі

ғашық  бір  ойда  еді.  Май  жұлдызы,  таңқысқа,  ай  жарық,

дүние тып-тыныш, жел жоқ, һауа жақсы, жаңа қонған

жұрт, кѳкорай шалғын, жапырақ гүлдердің иісі аңқып,

біздің  жастарды  кѳріп  тұрған  жалғыз  Алла,  екіншісі

аспандағы  Ай  мен  Жұлдыз  еді.  Жан-жануар  күндізден

шаршаған  секілді  тынығып,  жылқы  жусап,  қара  мал

күйсеп,  анда-санда  қой  үріккенде  ұйқысы  сақ  тѳбеттің

маңқылдап  үргені,  кемпір-шалдың  айтақтаған  дауысы

ғана  естілуші  еді.  Бұл  бейшаралардың  да  бозбалалардан

«

үнің  ѳшсін»  деген  қарғыстан  басқа  алғысы  жоқ  еді.



Махаббат  мүптәл  есіне  душар  болған  сұлу  қыздар

елеңдеп  ұйықтай  алмай,  тастан  қатты  шешесі  есікті

құлыптап, түңлікті ашып қойғанда:

ттең айдың жарығы күндізгідей,

Ер жігіттің қадірін қыз білгендей,

Қыз байғұстың басында ықтияр жоқ

Есік ашып, досын үйге кіргізгендей,

деген бір ауыз ѳлеңді іштерінен «уһ» деген күйінішті



дауысқа араластырып айтып жатқанын қасына барып кім

кѳрген.


Торғай  шырылдап,  таң  белгі  бере  бастады,  біздің

сайдағылар  қысқа  таңның  атқанын  білмей  қалған  еді.

Жамал Ғалиға айтты:

Анау  күнгі  саған  жазғаннан  кейін  менің  ѳңім  де



бұзылып  жүрсе  керек,  апам  оңашада  қайта-қайта:

40



«

Қарағым,  неге  мұнша  сарғайып  кеттің,  сырыңды  айт,

бѳтен  ойың  болса  менен  жасырма,  мен  сенің  біреуге  қор

мұқтаж болмағаныңды ойламасам, саған жамандық тілер

деймісің?» деген соң және апама сенген соң, бар сырымды

сѳйлеп 


едім: 

«

Олай 



болса, 

қарағым, 

бетіңнен

жарылқасын. Ғалиды мен жек кѳрмеймін, бірақ қайтейін,

құдай тағала сені бір жаманға байластырып қойған соң»,

деп  жылапта  жіберіп,  ақырында  ѳзі  бізді  шығарып

жібермекші болды, - деді. Бұған Ғали да бихисап қуанып,

екеуі  ендігі  жексенбіге  осы  сайды  белгі  қылып,  уағда

байласты.

Ғали үйіне келіп, ѳзінің бұл іс хақында ақылдас болып

жүрген  құрбыларымен  сѳйлесіп,  келер  жексенбіге  ат

сайландыра  даярлана  бастады.  Екі  дос  -  Жүніс  пен

Нұрмаш Ғалиды шығарып салмаққа бұлар да даярланып,

сенбі күні «не болса да ертең болады» деп, жас жүректері

дамылсыз соғуда еді. Ғали даярланғанда Жамал да қарап

жатпай, ақырғы сырын туған анасы Шолпанға айтқанның

соңында,  Шолпан  да  разы  болып,  жол  қамын  ойлай

бастаған  еді.  Жексенбі  күні  де  болып,  ел  жатқан  уақытта

Ғали,  Жүніс,  Нұрмаш  үшеуі,  ерлеген  бір  ат  жетегі  бар,

жолықпақшы  болған  сайда  даяр  болған  еді.  Бұларға  әр

бір еткен минут сүрленген жылдай болып: «Қашан келеді,

қашан  келеді»,  -  деп  қарап  тұрғанда,  бүркенген  екі  әйел

кѳрінді.  Келсе,  Жамал  мен  оның  шешесі  екен.  Бұлармен

Шолпан


амандасып болған соң:

Шырақтарым,  енді  алла  тағала  қайырлы  сапарын



беріп,  мақсаттарыңа  жеткізсін,  қайда  жүрсеңдер  де  аман

жүріңдер.  Қазір  де  ешкім  кѳргенжоқ,  тоқтамай

жѳнеліңдер, - деп Жамал

мен 


Ғалидың 

беттерінен 

сүйіп, 

жыламсырап

қоштасып,  жастар  аттарына  мініп  жѳнелгенде  біраз

арттарынан  қарап  тұрып,  үйіне  қайтты.  Шолпан  кісі

41



кѳзіне  түспей  үйіне  барып  жата  тұрсын,  біз  мезгілсіз

аттанған  жолаушыларымызды  жолға  салып  жіберелік.

Ғалидың  достарымен  ақылдасқанда  Жамалды  алып

барып жатпақшы жері - дуанда ѳзі бірге саудалас болып

несие  алып  жүрген  Фатихолла  бай  еді.  Қазірде  ауылдан

былай  бес-он  шақырым  шыққан  соң,  арттарынан  қуған

ешкімнің  дыбысы  жоқтығына  кѳз  жетіп,  тағы  да

ақылдасып,  сол  әуелгі  планы  бойынша  жүз  жиырма

шақырым жердегі қалаға тартпақшы болды. Бұл түні күн

шыққанша  елу  шақырым  жүріп,  адам  жоқ  бір  қыстау

келіп жасырынып жатты. Күн батып, ымырт жабылғанша

бұларды  ешкім  кѳрмей,  енді  тәуекелдеп,  таң  атқанша

дуанға  жетпекші  болып  Ғали  мен  Жамал  жүріп  кетіп,

Жүніс  пен  Нұрмаш  елге  қайтты.  Ғали,  Жамал  қалаға

саламат жетіп, Фатихолла байдың үйіне келді. Бастан аяқ

оқиғаны  Ғали  Фатихолла  байға  айтқаннан  кейін,

Фатихолла бай әуелінде осындай қазақтың қызды жастай

құда  болып,  біреуге  беріп  қоятын  жаман  ғадетін  жек

кѳргендігі 

себепті 


және 

де 


Ғалиды 

һәм 


тәуір

кѳретіндігінен  бұл  екі  мүсәпірді  қабыл  алды.  Фатихолла

бай  ѳзіншетәуір  пікірлі  ғана,  ѳзі  айтқан  сѳзін  болдыруды

жақсы  кѳретін  бір  татар  еді:  «Әйдә,  Ғали!  Син  бір  де

қорықма,  алһамділле,  бізнің  қораға  рұқсатсыз  еш  бір

степной  қырқызларың  кірә  алмас.  Әгер  де  киліп  скандал

чығармақчы  бұлсалар,  прямочастьқа  заявить  итіп,

жилкѳлерін қашытармыз», - деп Ғалиды қайраттандырып

қойды.

Бір  қонғаннан  кейін  Ғали  Фатихолла  баймен



ақылдасып,  құр  мұнда  келіп  қарап  жатқанның  мәнісі

болмас,  «ұлықтан  Жамалдың  басына  ерік  алалық»  -деп

адвкатқа  арыз  жаздырып,  крестьянский  началышкке

Жамалды  кіргізді.  Арызында:  «Мені  жеті  жасымда  атам

қазақ ғұрпынша бір қазаққа малға сатқан екен, бұл күнде

кәміл  жасқа  толып  кѳрсем,  күйеуім  ѳзіме  ұнамағандығы

42



себепті  һәм  мені  атам  ықтиярсыз  бермекші  болған

себепті, ѳзімнің сүйген

жігітіммен  қашып  келдім.  Мархамәтшылық  жүзінен

мен мазмұнаның кѳз жасын құрғатып, басыма ерік беріп

қиянаттан қорғасаңыз екен», - деген сѳздер жазылған еді.

Бұл  арызды  ілтифатқа  алып,  начальник  Жамалдың

қолына:  «Кімге  барсаң  да  ықтияр»,  -  деген  қағаз  беріп,

болысқа һәм былайша қағаз шығарды:

«

Жамал  Сәрсенбайқызына  ешкім  қиянат,  жәбір



қылмасын!  Сүйген  күйеуіне  баруға  ѳзіне  ерік  берілді.

Қалыңмал  хақында  дау  болса,  волостной  съезге

саларсың», - деп.

43



Е

Б Ѳ Л І М

  1 1

нді  оқушыларға  елде  болып  жатқан  уақиғалар



мағлұм  болсын.  Жамал  қашқан  күні  таңертең

Сәрсенбай  намазға  тѳсектен  тұрып  түндік  аштырып  азан

оқып  болғаннан  кейін,  Жамалдың  жоғын  кѳзі  кѳріп,

қатындарынан:

Жамал  қайда  кеткен?  -  деп  шүбәланып  сұрай



бастады. Шолпанда еш нәрсе білмегенсіп:

Жамалжан  тысқа  шыққан  шығар,  -  деп  тұрғанда



Сәрсенбайдың бәйбішесі:

Ойбай,  бетім-ау  бір  сұмдық  болған  екен  ғой,



Жамалдың ілулітұрған киімдері қайда? - деп, сол минутта

Жамалдың қашқаны мәлім болды. Үй іші сасып, ренжуде

болып, сол сағатында ауыл да жиналып ақылдаса бастады,

біреулері:

Ѳзінің күйеу іалып кеткен шығар, - деп, кѳбі:



Жоқ,  мұны  Дүйсебектің  қу  баласынан  басқа  ешкім

әкеткен  жоқ.  Ѳздерің  де  соны  патшаның  баласындай

әлдеқандай кѳріп тым еркінсітіп жіберіп едіңдер, ал енді

қайтер  екенсің,  -  деп,  Сәрсекеңнің  жалғыз  басын  даң

қылды.  Сѳйтсе  де  мәслихаттасып:  «Осындай  мағлұмсыз

44



біздің  баламыз,  сіздің  келініңіз  Жамалды  біреу  түнде

алып  кетіпті,  енді  не  қыламыз»,  -  деп  Байжанға  кісі

жіберді. Және бір жағынан астыртын Ғалидың аулына да

кісі  жіберді.  Кешке  таман  Ғалиларға  кеткен  жігіт  бүгін:

түнде  Ғали,  Нұрмаш,  Жүніс  үшеуінің  жақсы  аттарына

мініп үйлерінде жоқ болып шыққан хабарын алып келген

соң,  шүбәсыз  істің  анығын  біліп,  Байжанға  екінші  кісі

жіберді:


Мінеки,  Дүйсебектің  баласы  алып  кетіпті,  ендігі

ақылын  ѳздеріңіз  білесіз,  -  деп.  Бұл  күн  осылай

хабарлармен  ѳтіп,  екінші  күнде  Байжан  жиырма  жігіт

ертіп,  «бәлемнің  шаңырағына  қобыз  тартайын»,  -  деп,

Сәрсенбайдың  аулына  келіп  түсті.  Бұл  ѳткен  түнде

Нұрмаш  пен  Жүніс  те  үйлеріне  келіп  жеткені  мағлұм

болып,  аттары  сүмектей  болғаны  әркімге  кѳрініп  қалған

еді.  Байжан  істің  анығын  білген  соң,  жолдастарынан  бес

кісіні  түнде  аттандырып,  Ғалилардың  аулынан  жылқы

алдыруға  жіберді  һәм  болысқа  кісі  жіберіп  жазды:

Мінеки, осындай оқиғалар болып қалды, билеріңізді алып

мұнда  келіңіз!  -  деп,  Байжанның  барымтаға  аттандырған

жігіттері  ат,  айғыр,  ту  биеден  он  екі  жылқы  алып

һәмжолдан  Сәрсенбайдың  бір  қысырағының  үйірін  қоса

айдап  барып  та  қалды.  Күллі  жиылыстың  расходы

Сәрсенбайдың  мойнында  болып,  қорыққаннан  бір  ауыз

сѳз  қарсы  айтуға  хәлі  де  жоқ  еді,  хәттә  жан-жаққа

шаптырып  жатқан  аттар  да  Сәрсенбайдікі  еді.  Үш-тѳрт

күннің  ішінде  бір  болыс  елдегі  керекті  кісілер  жиналып,

бір үлкен съезд болды. Байжанды жақсы кѳргендер халық

жиналған  жерде:  Міне,  жұрт  бұл  секілді  тентекке  тізгін

беріп  жібере  берсе,  жұрттың  қойнындағы  қатынын  да

әкетер,  мұндай  болмасқа  тыю  салып,  біреудің  ақ  баталы

жесірін  қайтарып  әперу  керек.  Біреуге  болған  қиянат

ертең  екінші  кісінің  басына  келмей  ме,  мұнымен  халық

арасы бұзылып, жұрттықтан шықпаймыз ба? - деп уағыз

45



сѳйлей  бастады.  Кешке  таман  іңір  уақытында  Байжан

болыс писірді, осы жиылысқа келген бес биді һәм указной

молда  Ахметжанды  оңаша,  ауылдың  сыртына  шақырып

алып:


Енді  ертең  не  болса  да  бір  іс  қылыңыздар,  мен  қазір

де  малға  бітпеймін.  Мыналардың  бізге  барып  қалған  он

жақсы жылқысы бар, бұл мал менің жауыма қайтарылып

берілгенше  ѳздерің  олжа  қылыңдар,  мен  кешіктірмей

сатып  жіберемін.  Сіздер  бір  жолға  менің  намысымды

жоқтап  не  дегенімді  істеп  беріңіздер?  -  деді.  Бұлар

да«олжа»  деген  сѳздің  қарасын  кѳрген  соң,  мұрттарынан

күліп:



Енді қалай қылдейсіз? - деп сұарды. Байжан айтты: -



Сіздер  әр  қызметтің  басындағы  кісілерсіз,  мінеки,  болыс

пен  писір  ұлық  жағынан  бұл  туралы  нендей  іс  болса  да

дұрыстап  тұрар.  Билер  ертең  Сәрсенбай,  Дүйсебектердің

мұнан  сұрайтын  жылқыларын  атказ  етіп,  қыз  бен  жігітті

шығарып  жіберген  екі  жігітті  соларды  тауып  әкелуге

міндеті  қылыңыздар,  тауып  әкелмесе  түрмеге  отыруға

бұйырыңыздар!  Ал  Ахметжан  молда,  сіз  бұл  қыз  бен

біздің  Жұман  екеуіне  алып  қашудан  он  күн  бұрын  неке

оқылған  еді  деп  книгеңізге  жазып,  бізге  куәлік  беріңіз,  -

деді.  «Сіз  мұндай  жұмысты  болып  тұрғанда  ѳтірікке  де

болса  кіріспей  болмас»,  -  деп  разы  болысты.  Сол  жерде

Байжан  қалтасынан  суырып,  әрқайсысына  елу  теңгелеп

тѳрт жүз теңге ақша берді. Бұл түн ѳтіп, таң атты. Болыс-

билер  повеске  жазып,  Ғалидың  атасы  Дүйсебекке  һәм

Нұрмаш пен Жүніске шақырушы кісі жіберді. Бұл үшеуі

де  хабар  тиген  соң  бармай  қалудың  лажын  таба  алмай,

ѳздеріне  қараған  атқа  мінер  кісілерін  алып,  Саумал  кѳл

басындағы  құрылған  съезге  келіп  жетті.  Тістерін  қайрап

отырған болыс пен билер бір сағат кешіктірмей тексеріп,

қолға ала бастады. Екі жағынан сұрастырып келгенде қыз

алып  қашқан  жағы:  «Енді  біз  қолмен  істедік,  мойынмен

46



кѳтереміз  ғой,  бір  тентектің  мұндай  ел  арасын  айырып

сѳзді қылғанына ѳзіміз де ренжиміз, жолымен мал беруге

разы боламыз», - деді. Байжан мына сѳзді естіген соңтас-

талқан болып:

Мен  ѳзім  ат  жалын  тартып  мінгелі  мұндай  қорлық



кѳргенім  жоқ.  Бүгін  Қарынбайдың  малын  берсеңде

бітпеймін,  жесірімді  әкеп  бер,  болмаса  мәймѳң  келеген

былшыл сѳзің керекемес, - деді. Билер де:

Байжанның  сѳзі  дұрыс.  Байжан  жѳн  айтады,  -  деп



мақұлдап қойды.

Билер Жүніс пен Нұрмаштан сұрады.

Сендер Ғалиды шығарып салғандарың рас па? - деп.



Бұлар мойнына алып:

Жаны бірге құрбы болған соң, шығарып салғанымыз



рас,  -  деді.  Билер  оңаша  үйге  писірді  алып  барып,

биліктерін жазып қайтып келіп есіттірді:

Жұман  Байжанұлының  некелі  қатыны  Жамал



Сәрсенбайқызын  ықтиярсыз  Ғали  Дүйсебек  баласына

шығарып  беріп  жібергені  үшін:  Дүйсебек,  Жүніс,

H

ұpмaш  үшеуі  бір  айдың  ішінде  тауып  беруге  міндетті



болады.  Егер  тауып  бермесе,  әр  қайсысы  екі  айдан

түрмеге отырады, - деп мағлұм етті.

Жауапкер жағы:

Бұл некелі қатын дегеніңіз қалай? - деп сұрасып еді,



билер  «Шариғат  бойынша  ижаб  қабыл  болған  соң,

бәрібір неке емес пе?» - деген болды. Хақиқатында бұлар

указной молдадан ѳткен түндегі куәлікті алмақшы болып

қойғанын  Дүйсебектер  сезбей  қалды.  Бұл  биліктен  кейін

Дүйсебек,  Сәрсенбайлар  Байжанның  барымтаға  алған

жылқыларын сұрап биге түсіп еді, билер мұны қарсы дау

деп  атказ  қылды.  Бұл  екеуі  билердің  осы  екі  билігіне  де

разы болмай копия сұраған соң, ауылға келіп аларсыңдар

деп  болыс  писер  книгаларын  жауып  һәм  сол  күні  халық

тарқады.  Копия  алу  үшін  болыстың  аулына  Сәрсенбай,

47



Дүйсебектер  бірнеше  мәрте  барса  да,  әр  түрлі  себептер

айтып  бермей  жүргенде,  он  бес  күн  ѳтіп  кетті.  Бұл

күндердің  ішінде  арыз  бойынша  начальниктен  жоғарыда

айтып  ѳткен  қағаз  да  келіп  қалған  еді.  Болыс  Байжанды

шақырып  алып  ақылдасып,  начальникке  тағы  да  қағаз

қайтарды:

Дауласқан  екі  тарапының  сұрауы  бойынша  бұл  қыз



хақында  билерге  салып  едім.  Хақиқатта  бұл  қыз  Жұман

Байжанұлының  некелі  катыны  екен,  растығына  үшбунің

илән  бірге  жіберілген  указной  молда  Ахметжан

Аямасұлының  метрический  книгадан  берген  куәлігі

дәлел,  һәм  билердің  билігінен  законлы  срок,  яғни  он  бес

күннің  ішінде  келіп  копия  алмады,  соның  үшін  билікті

орнына келтіруге әмір етсеңіз екен, - деп.

Болыстың  бұл  қағаздары  начальникке  тиген  уақытта

Дүйсебек,  Сәрсенбай,  Нұрмаштар  да  қалаға  келіп  жетіп,

ғарызларын кіргізді.

Ѳз  ыктиярларымен  бірін-бірі  сүйіп  қашқан  қыз  бен



жігітті  біз  қашырды  деп,  қанша  малымызды  барымта

алып  бермей,  ѳзімізді  тауып  беруге  міндетті  қылып,

тауып  бермесең  екі  айдай  түрмеге  бұйырып,  уә  һәм

указной  молдамыз  неке  оқыдым  деп  ѳтірік  куәлік  беріп,

болыс-билер  һәм  байлар  бірыңғай  болып  қиянат  етіп

тұр. Бірнеше мәрте барғанда биліктен копия да бермеді, -

деп,  нендей  болған  уақиғаны  баян  етті.  Начальник

бұлардың  ғарызын  ілтипатқа  алып,  болыстан  жауап

сұраған қағаз жіберді.

48



Б

Б Ѳ Л І М

  1 2

айжан  әуелгіқыз  қашып,  халық  жиналған  күннен



бері  құпия  әр  жерге  қыз  бен  жігітті  іздеуге  кісі

жіберген  екен;  әр  бір  барар  деген  шүбәлі  орындардың

һәммасында 

жоқтығын 

сезіп, 

ақырында 

қалада

Фатихолла байда екендігіне кѳзі жетіп, шаһар ішінен қол



іс  қылып  ала  алмаспыз,  Фатихолла  байдың  елде  алатын

екі 


мың 

теңгедей 

несиесі 

бар 


ғой, 

енді 


бұл

қашқындарымызды сақтап, халқымыздың жақсыларының

тентек  деген  кісісін  шығарып  бермесең,  несиеңді

бергізбейміз  десек,  қорқар  деп  маслихат  етті.  Осы  сѳзді

айтуға  келген  кісіге  Фатихолла  бай  ішінен  қауіптеніп,

былай болуы да бек ықтимал деп ойлап жауап берді:

Дұрыс,  әуелгі  уақытта  ұлыққа  арыз  беру  үшін  ғана



бізге үш-тѳрт күн болып қонған еді. Қазірде бізден кетті,

қайда  екенін  білмеймін.  Егерде  мұнан  былай  бізде

екендігі  білінсе,  халқыңыздың  не  қылғанына  разымын,  -

деді.  Бұл  кісі  Фатихолла  байдың  әлгі  сѳзінен  анып,  елге

қайтты. Фатихола бай Ғалиға сѳйледі:

Мына  кәпірлердің  сырлары  ѳзіңе  мәлім  ғой,  енді



49


басқа бірнеше жерге барып паналағаның ѳзіңе де, бізге де

пайдалы болар еді.

Ғали да бұл сѳзге түсініп:

Хайыр,  Фатихолла  абзи!  Мен  сізге  ризамын,



залымдар не қылады деуге болмайды. Олай болса, мұнан

үш  шақырым  жерде  атамның  нағашысы  бар,  сонда

барайын,  -  деп,  ертеңіне  жүруге  даярланды.  Ғалидың

ѳзінде  жегуге  екі  ат  бар  еді.  Фатихолла  бай  арба-сайман

һәмелу  теңге  ақша  беріп,  қаладан  шығарып  салып,

«

қайырлы сапар» деп, дұғада болып қалды. Ғали, Жамал



да  ѳздерінің  ата-анасынан  айрылғандай  болып  қимай,

жылап айрылысты. Ғали әуелден ноғайша киініп жүретін

һәм  Жамалды  да  ноғайша  киіндіріп,  шәлі  бүркендірген

соң  жолда  кѳрген  кісілер  шүбәсіз  ноғай  деп  біліп,

бұлардан  қауіптенбей,  кѳңілдері  шаттанып,  оңашада

ойындағы сѳздерін сѳйлесті. Ғали сұрады:

Егер жаман айтпай жақсы жоқ, ѳстіп жүргенде колға



түсіп, сені менен айырып әкетсе, қайтер едің, кѳніп кетер

ме едің? - деді. Жамал:

Құдай  сақтасын,  не  айтасың,  жаным  сенің  жолыңда



құрбан,  сенен  тірі  айрылғаннан  ѳлім  маған  кѳп  артық,  -

деді.  Бұлар  бұл  секілді  сѳзбен  келе  жатқанда  сәске  түс

болып,  жолшыбай  ағаштарды  аралап,  бір  кѳлдің

жағасынан  ѳтті.  Маңайында  ел  болмағанға  бұл  кѳлде

неше  түрлі  қаз,  аққу,  ғайыр  құстар  би  қисап  кѳп  еді.

Атырабындағы  жердің  һаммасы  тамылжып  кілем

тѳселгендей болып, желсіз күнде кѳл айнадай жарқылдап,

алыстан  сағымдар  мұнарланып,  біздің  екі  ғашық  біраз

тамашаға  қалып  келе  жтқанда,  Жамал  ойына  бір  нәрсе

түсіп кеткендей ән салып, мынау ѳлеңді айтыпжіберді:

Ғаламды он сегіз мың жаратқан хақ,

Кѳп беріп біреуге мал, біреуге бақ.

Біреуді ғалым, біреуді залым еткен

Біреуді мүңлы жараттың, біреуді шат.

50



Ғ

Тамаша аспан менен жері қандай,

Зеңгір тау, дария шалқар кѳлі қандай.

Орман-тоғай гүл енген бақшалары,

Пайдаланған бұлармен елі қандай.

Кѳзім тоймас қарасам тамашасын,

Қисабына ми жетпей адасасың.

Заң түзеп, закон жайып, патша отырып,

Қараған ғаділдікпен қарашасын.

Таласқан аспан менен таулар биік,

Мекендер аю, қасқыр, марал, киік.

Ұжмақтың шешмасындай бұлағына

Кетпей ме қарап тұрсаң іштен күйік?

Аспанда ай мен жұлдыз, күні қандай

Қалғыған мұнарланып түні қандай.

Суда балық, кѳлде кұс, тоғайда аңдар

Шулаған неше түрлі үні қандай.

Жаннаттай тамашалы жазы қандай,

Келетін ұшып аққу, қазы қандай.

Ескеріп ѳткен күнді кәрілері,

Жастардың және де айтқан назы қандай.

Сықырлап келіп қалған қысы қандай,

Қар жауып, су қатырған мұзы қандай.

Берген соң алла қуат жан сақтарлық,

Жүреді мақұлықтар үсік алмай.

Біз ғаріп сол панаңда саялаған,

Дұшпандар рақымсыз аямаған.

Жіберсең жалғыз тамшы рақматыңнан,

Болса да құтылмаймыз қай арадан.

али,  Жамал  жолда  тѳрт  қонып,  Қырық  құдықтағы

нағашысы  Бабас  деген  кісінің  үйіне  келіп  жатты.

Кѳңілдері  орнығып,  қорқынышсыз  күннің  ѳткенін  де

білмей жатқанда, елдегілер бұрынғы қалпынша дауласып

51



қағаз  үстінен  қағаз  айдап,  бір  берекесіз,  аяғы  үзілмейтін

дауға  кіріскен  еді.  Ғалидың  нағашысы  да  һәм  сол  елдің

жақсы кісілеріде: «Енді бұлар бізді пана тұтып келді ғой,

біз  де  елдігімізді  кѳрсетіп  қорғалық,  кѳп  болса  екі  жыл

дауласар,  онын,  ар  жағында  ѳздері  де  шаршар»,  -  деп

жастардың  кѳңілін  бұрынғыдан  да  қуантқан  еді.  Бұл

мүсәпірлердің  бақытсыздығына  қарсы  бір  күні  Ғали

тесектен ауырып тұрды. Нағашылары да үрпиісіп қалып,

Жамалдың  түсі  қорыққаннан  ѳзгеріп  кетті.  Ғали:

«

Тұлабойым  қызып,  сүйектерім  сырқыраған  секілді



болып  тұр»,  -  деп  тынши  алмай,  науқасының  күштілігі

кѳрініп,  тѳсектен  тұрмай  жатты.  Науқасы  күннен  күнге

ауыртартып,  тѳрт-бес  күннің  ішінде  бек  қауіпті  секілді

кѳрінді.  Әрбір  тамыршы  дәрігерлерді  әкеліп  тамыр

ұстатып,  ұшықтатып-қақтырып  кѳрсе  де  тәуір  болмады.

Жамалдың кѳзінен қанды жастар тѳгіліп, ас ішпей, кірпік

қақпай  зор  қасіретке  кірісті.  Бір  минут  Ғалидың  қасынан

кетпей,  һаман  ауырды  деген  жерлерін  сипап,  мѳлдіреген

кѳздерін Ғалидан алмай қарап отыратын болды.

Екеуінің қасында кісі жоқ уақытта:

Менің бақытсыздығым ѳз басымнан асып, жаман аты



саған  да  тие  бастады,  ақыры  қайырлы  болсын,  -  деп,

Жамал Ғалиды құшақтап жылап та алушы еді. Ғали:

Жылама, алла сақтар, жазылармын, қазынасы кең бір



сағатын  жіберер,  -  деп  ѳзін,  ѳзінен  де  Жамалдың  кѳңілін

жұбатушы  еді.  Сѳйтсе  де  дерт  күшейіп,  Ғалидың  халі

нашарға айналды. Нағашылары: «Еліне хабар жіберелік»,

-

деп еді, Ғали рұқсат етпеді.



Алланың  жазғанынан  қашып  құтылмаспын,  құдай

сақтар жібермеңіздер, - деп тоқтатты.

Он  күнде  науқасы  сонша  ауырлап,  хәттә  арыздаса

бастады.  Жамал  бейшара  қияли  болған  кісідей  бағзы

уақытта басы айналып, талып та қалып, Ғалидан:

Мен  енді  қайтемін,  сенен  қайтіп  қаламын,  сенсіз



52


дүниеде  мен  не  боламын?  -  деп  неше  мәрте  сұраса

да, Ғали:

Құдайға тапсырдым, - дегеннен басқа еш жауап айта



алмады.

Барлығы он үш күн ауырып, бейсенбі күні түс кезінде

жаңа  гүл  шашып  келе  жатқан  бақшадай  жанып  тұрған

жас ғұмыр сѳнді. Алла рақмат тілесін... Жұма күні халық

кѳп жиналып, жаназа оқып, Кѳкен моласы деген зиратқа

апарып  қойды.  Ғали  жан  тәсілім  қылғаннан  бері  Жамал

ессіз  болып  жатқан  еді.  Нағашылары  да  үлкен  уайым

қылып, «бір сапар бізге мұндай жұмысты болып келгенде

бейшаралар  бүйтіп  қалды,  қолымыздан  ѳлтірген  секілді

болдық-ау»,  -  деп,  ѳздері  ақылдасып,  естіртіп  һәмхабар

айтуға  кісі  жіберді.  Хабаршылар  Ғалидың  үйіне,

Жамалдың  үйіне  кісі  салып  естіртті.  Екеуінің  де  ата-

аналары  қағазға  жазып  келтіре  алмастай  жылап,  зарлап,

қайғыланып  дұшпандары  һәм  сол  дәрежеде  табалап

шатланған  еді.  Кѳп  тоқтамай  Ғалидың  ата-анасы  һәм

Жамалдың  шешесі  қасына  жолдастар  алып,  аянышты

ѳлім  болған  жерге  жетті.  Келісімен  жылап-сықтап,

зиратқа  барып  мауқын  басып,  ауылға  келді.  Жамал

бейшара аз күннің ішінде сүзектен тұрған кісідей болып,

келген ата-аналарымен жылап кѳрісуге де хәлі келмеді.

Жамалдың шешесі:

Жылама  балам,  бақытсыздығыңнан  кѳр,  құдай



жазбаған,  обалың  бізде  секілді.  Әуелде  қазақшылық

қылмасақ, мұндай іске себеп болған секілді болар ма едік?

Тентек қылсаң да теңіңді тауып едің, алла лайық кѳрмеген

соң,  жылағаныңмен  не  ѳнеді,  -  деп  бір  сыпыра  насихат

айтты. Ғалидың шешесі де жылап:

Қарағым  Ғалижан  мен  Жамалжан  қашан  елдің



сѳзінен  құтылып,  оң  жағымды  қарайтып  отырар  деуші

едім,  ол  тілегіме  құдай  жеткізбеді,  -  деп  сѳздің  аяғын

бітіре  алмай,  еңкілдеп  жылап  жіберді.  Бұлар  үш  күн

53



қонып, қайтатын күні Ғалидың зиратына дұға қылмақшы

болып  келген  еді.  Молда  құран  оқып  болған  соң,  Жамал

Ғалидың  қабірінің  басын  құшақтап  отырып,  кѳзінен  жас

ағызып сѳйледі:

Ғали!  Ғали!  Бақытсыз  Жамалың  қасыңа  келіп  тұр,



алла  тағала  маған  сенің  қабіріңді  кѳрсеткенше,  мені

алғаны  жақсы  болатын  еді,  бірақ  бұйрықсыз  жан

шықпайды  екен.  Дүниеде  бірге  рақат  ғұмыр  ѳткеремін,

Ғали  тұрғанда  еш  жаманға  қор  болмаймын  дегенім

тәкаппарлық  екен.  Алла  қабыл  етпеді,  үмітім  кесілді,

Ғали.  Қып-қызыл  шоқтың  ішіне  тастап,  алыс  сапарға

жѳнелдің,  ѳзің  үшін  қайырлы  болсын!  Мен  сорлың

кеудемде  шыбын  жаным  барда  сені  ұмытпаспын.

Дүниеде  патшаның  баласы  болса  да  саған  теңгермеспін.

Қош жаным! Ғали! Бір мен үшін мейірбан ата-анаңды да

кѳре  алмай,  қолдарынан  топырақ  салғыза  алмай  кеттің,

кеш, жаным! Алла тағала ақиретте қосылуға несіп тілесін,

сол  уақытта  ғана  кѳрген  қасіретім  бір  сағаттай  болмай

ұмытылар.  Мен  сорлың  опасыз  дүниеде  қонақтай  алмай

адасып  қалдым,  қош,  жаным.  М...  м...  қош...о...ш,-  деп

Жамал  талып  кетті.  Зират  басындағы  халық  Жамалға  су

бүркіп,  кішкене  тәуір  болған  соң  алып  қайтты.  Сонда  да

Жамалдың есі бүтін кірмей, әлденендей мағынасыз сѳздер

сѳйлеп келе жатты. Зираттан қайтқан соң Бабастың үйіне

келіп, енді жолаушылар қайтпақшы болды. Ғалидың ата-

анасы  үйіне  кетіп,  Жамалдың  шешесі  Жамалды  ѳз  үйіне

алып қайтты.

54



Ж

Б Ѳ Л І М

  1 3

амал  үйінекеліп  тұрған  соң  күннен-күнге



уайым-қайғысы  артып,  жаман  болып,  адам

баласыаярлықтай  жүдеді.  Байжандар  істің  ақыры

мұндайға  айналған  соң  «енді  қайда  барар  дейсің»  -  деп,

дауды  да  кѳп  қозғамай  тыныш  жата  берді.  Жамал  ѳз

үйінде  бір  айтұрғаннан  кейін  Байжанға  да,  Сәрсенбайға

да бірдей кѳлденең ағайындар дәлләлат қылып, Байжанға:

Енді  келініңізді  алдырыңыз,  пәлен-түген  деген  кек



қылмаңыз,  әуелден  еш  кінәңіз  болмаған  соң  алла  тағала

жақ  болып  ақыры  мұндай  болды  ғой,  -  деп  һәм

Сәрсенбайғада:

Енді  сіз  де  балаңызды  әуелі  разы  болған  жеріңізге



беріңіз,  -  деп  насихат  айтты.  Бұл  сѳзге  екі  жағы  да

разы болды.

Шолпан қызынан сұрады:

Қарағым,  Жамал,  жұрт  мынандай  деп  жатыр,  енді



қайтеміз? - деп. Жамал:

Апа, енді менүшін жаман атты болмаңыз, маған енді



Ғали болмаған соң бәрібір, суға батырып, отқа жандырса

да ықтияр бере беріңдер, алла тағала менің маңдайымды

55



ашайын  десе,  Ғалиды  мұндай  қылмас  еді,  -  деп

қасіреттеніп,  мұңлы  дауыспен  жауап  берді.  Жұман

мырза  Жамалды  ѳзі  келіп  алуды  намыс  кѳрген  соң,

Байжанның  қатыны  келіп  алып  кетті.  Бір  күндерде

Жамал  кәміл  бақытты  бір  қыз  болып  жұрттың  аузына

ілігіп,  құрбысының  алды  болып  жарқылдап  жүрген

дәрежеден  түсіп,  ақырында  мұндай  қадірсіз,  мұндай

кемшілікке  душар  болып,  барымтаға  түскен  малдай

біреуден біреу алып жүргенін кѳрген халықтан Жамалды

аямаған  жан  калмады.  Жиын-тойда  болғанда,  кѳлге

қонған  аққудай  кѳрінетін  Жамалды  енді  кѳрген  кісі

танымай  қалатын  болды.  Жамалды  Байжан  үйіне

келтіргеннен  кейін  болыс  арқылы  қағаз  жазып,  ұлыққа

білдірді.  Құдай  қазасы  болып  Ғали  Дүйсебек  баласы

опат  болғаннан  кейін  билердің  үкімі  бойынша  ата-

анасы  Жамалды  алып  келді.  Жамал  да  енді  бұрынғы

күйеуіме  тазамын  деп  қол  қойып,  подписке  берді,

Жамал болып: «енді екі тарапымыздың да бір-бірімізден

сұрайтын хақымыз, дауымыз жоқ», - деген соң күллі бұл

іс  хақындағы  ғарыздар  атказ  деп,  начальниктен  хабар

келді.  Бұл  оқиғалар  тамам  болғанда  октябрь  жүлдызы

жетіп,  жұрт  қыстауларына  кіре  бастаған  еді.  Жамалың

ешуақыт ойынан Ғали кетпей, бір минут кѳңіл ашып, езу

тартып  күлмеуші  еді,  ешкіммен  сѳйлеспей,  сѳйлеген

кісінің  сѳзін  ұқпай  я  естімей  бір  түрлі  диуана  кісідей

болып  жүрді.  Жұман  ерегісіп,  бұрынғыларын  алдына

келтіремін  дегенсіп,  не  сѳйлесе  ұрсып,  боқтап  сѳйлеп,

бағзы  уақытта  түртіп  түйіп  қалып,  қорлап  жүрді.

Байжан  мен  қатыны  Жамалды  шын  ықыласымен  жақсы

кѳрмей,  баласына  ақыл  айтып,  кѳп  тоқтатпаушы  еді.

Жамалдың  үстіндегі  киімі  бек  нашар  болып,  бағзы

уақытта  кѳздерінің  алды  кѳгеріп  те  қалып  жүргенде,

Жамал

бейшара  кісі  кѳзіне  кѳрінгенде  жерге  кіріп  кете



56


жаздаушы еді. Соңғы күндерде Жұманға ақыл айтушылар

да болып, һәм Байжанның ѳзіде:

Енді балам, жетер, «қашқан жауға қатын ер» деп кѳп



қоқақтай  берме,  -  десе  де  құлағына  кірмеді.  Жамалға

жаны  ашып  кѳріне  болысатын  кісі  болмай»,  жалғыз

қолынан  келгені  оңашада  зарланып  жылау  ғана  еді.

Осылай  қыстың  бір-екі  айы  ѳтті.  «Жамалдың  кѳрген

қорлық,  кемшілігін  мұсылман  баласына  бермесін»,  -  деп

айтарлыққа  лайық  болып,  тұрса  аяққа,  отырса  басқа

ұратын болды. Нендей ұрып-соғып қинаса да, Жамал бір

сѳз  қарсы  айтып  кѳрген  жоқ  еді.  Бір  күні  Жұман  тағы  да

бір себепсіз боқтаған соң, Жамал шыдай алмай:

Мені  ѳлтіретін  болсаң  біржола  ѳлтір,  әйтпесе  ѳзі



күйіп жүрген жанымды күйдірме? - деді.

Жұман мына сѳзді ести салып:

Я, сенің сүйіп болған байыңның күйігі басылмай жүр



екен  ғой,  мен  сенің  күйігіңді  басайын,  -деп,  сол  жерде

тұра  салып  кеудеге  тепкілеп,  Жамалды  талдырып

тастады.  Бұлардың  үстіне  Жұманның  шешесі  келіп

айырып алып, Жұманды ұрсып:

Енді  сен  кісі  ѳлтіремісің,  -  деп  үйден  шығарып



жіберді. Жамал бір сағаттан кейін есін жиған соң, ақырғы

ақылын жиып, мен бүйтіп жүріп тіршілік қыла алмайды

екенмін, мұнанда бұл иттің қолынан ѳлгенше басқа жаққа

кетіп  ѳлейін,  -  деп  ойлады.  Жамалдың  бармақшы  болып

ойлағаны  -  қаладағы  Фатихолла  бай  еді.  Әйтеуір  онда

жетсем, біреудің самаурынын қайнатып, қызметін қылсам

да  қор  болып,  халық  кѳзіне  кѳрінбес  едім  деп,  осылай

ойлап  жүргенде  күн  де  батып,  түн  болып,  ел  де  жатты.

Жамалдың  бұл  ойлағанына  қарай  осы  түні  Байжанның

ерттеулі  аты  таң  асып  тұрған  еді.  Жылырақ  киім  киініп,

ептеп  шығып  Жамал  әлгі  атқа  мініп,  үлкен  жолмен:

«

Құтқардың  ба,  құдай?»-  деп  жѳнелді.  Жамалдың  ісі



әуелде  теріске  басып  келе  жатқанмен,  бұл  сапарда  істің

57



сәті  болмайтұғын  белгісі  кѳріне  бастады.  Жамал  шыққан

уақытта  азырақ  жаяу  борасын  бар  еді.  Жамал  жиырма

шақырым шыққан уақытта боран кѳтеріліп, жол кѳрінбей

бастады.  Бара-бара  боран  әбден  күшейіп,  алды-артын

орап алды. Қорқыныштың не екенін һәмжән-тән рақатын

ұмытқан Жамалдың ойында Ғали ғана болып келе жатқан

уақытта  аты  бір  жерге  келіп  тұрып  қалды.  Сол  уақытта

ғана  байқаса,  ат  әлдеқашан  жолдан  шығып  кетіп,  бір

қалың  омбы  қарға  тоқтаған  екен.  Атты  кейін  бұрайын

десе, екі қолы қатып қалып, тізгінді ұстауға келмей тоңып

һәм күллі денесінің қалтырағанын сезді. Жамал бар күшін

жинап  алып,  атын  бұрып  жүрген  болып  еді,  еш  нәрсе

кѳрінбей,  жол  табылмайтын  болды.  Осылай  адасып  түн

ортасына  шейін  жүріп,  ѳзі  әбден  жаурап  не  болғанын

білмеске айналды. Тым болмаса аттан түсіп, жаяу жүрсем

жылынар  ма  екенмін  деп,  түсіп  жүріп  кѳріп  еді,  қалың

қарға  жығылып-тұрып  жүре  алмай,  бір  жерге  келіп

біржола  құлады.  Күндізінде  мініліп  жүріп,  түнде  һәм

болдырған  ат  Жамалдың  қасынан  ұзамай  тұрып  қалды.

Жамал  да  жан  ұшырып,  тұлабойы  қызып  бара  жатқан

секілді  болып,  үстіндегі  киімдерін  әр  жерге  шешіп

лақтырып, бар даусымен:

Ғали, Ғали, қиналды жаным, қайдасың? - деп, ақырғы



тіршілігінің  минуты  осы  болып,  бір  ояздай  елге  әңгіме

болған сұлу Жамал мақсатына жете алмай, жапан далада,

декабрьдің  рақымсыз  боранды  түнінде  жан  тәсілім

қылды...  Боран  Жамал  үшін  ғана  болғандай  таңертең

ашылып,  Жамал  бейшара  да  жолдан  жарты  шақырым

ғана  жатыр  еді.  Сәске  кезінде  қаладан  келе  жатқан  бес-

алты  жолаушы  әлгі  жерге  жақындағанда  жол  үстінде

қалтиып  тұрған  бір  ерттеулі  атты  кѳріп,  бұрылып  келіп

шүбәланып, мұның иесі қайда екен деп жан-жаққа аттың

ізімен  жүріп  іздегенде,  Жамалдыңүстінен  түсті.  Кѳрсе  -

бір  әйел  адам,  қасында  шашылып  жатқан  киім.  Сол

58



Қ

жерде  жолдастарының  бірін  жақын  жердегі  ауылға

шаптырып,  ѳздері  күтіп  тұрды.  Бұлар  қарап  тұрмай:

«

Бұл  кім  екен,  неқылған  адам  екен»,  -  деп  тани  алмай



тұрғанда,  біреуі:  «Мұның  қалтасында  не  бар  екен»  деп

шапанының  қалтасына  қол  салғанда,  қарындашпен

жазылған  бір  қағаз  шықты.  Оқып  кѳрсе  бұл  Байжанның

келіні  Жамал  екен,  бұл  қағазға  Ғалиды  жоқтап  һәм

басына  келген  зарын  жазған  екен.  Елден  кісі  келіп,

Жамалды  Байжандарға  апарып  берген  соң,  ертеңіне

бауыры  суық  қара  жерге  тапсырды.  Манағы  Жамалдың

қалтасынан  шыққан  қағазды  жолаушылар  ѳздері  оқып

һәм  солай  деп  мәнісін  айтып,  елдеріне  таратқан  еді.

Сондағы  ЖамалдыңБайжанның  үйінде  жазып  жүрген

зары мынау екен:

ыздың құны бес байтал,

Сатылып кетті базарға.

Басымнан кешкен уақиға

Емес пе лайық жазарға?

Жаны ашыған шахбазлар

Ала жүрсін назарға.

Рақимлы пенде ғаріпке

Нақақтан ор қазар ма?

Миһрибанлы атамыз,

Қарамай берді ажарға

Теңіне барған қыз болса,

Мендей жүдеп азар ма?

Кѳрмеді алла лайық

Ғали сынды сабазға.

Кѳрген түстей күн ѳтті.

Болған соң солай азалды.

Қуанышыңды кѳрсетіп,

Тартқызған қайғы жазаң да.

59



Қараңғыда қалдым мен,

Шамшырақ сѳнген заманда,

Ғалидан қалып не болдым,

Жетпеді менің қазам да.

Ішіме түсті ыстық дерт

Қайнаған судай қазанда.

Бұзылды күлкі, түнгі ұйқы,

Тілеймін хақтан азанда.

Махшар күні болғанда

Қосуға алла жазар ма?

Арасында екі оттың

Мені, алла, қор еттің.

Ғариптің кѳңілін мұңайтып,

Дұшпанды шадлы зор еттің.

Алтын-гауһар - асылды

Жерге кѳміп жоқ еттің.

Аспаһани қылышты

Жасытып фәлші бор еттің.

Жамал қыздың дауы деп,

Саумалкѳл басын топ еттің,

Рақматың мол құдайым,

Масқара мұнша неге еттің.

Тоты құс едім бақшада,

Қарақұсқа жем еттің,

Хан қызындай басымды

Бір жаманға тең еттің,

Ботасыз нардай боздатып,

Мінекей, мені еңіреттің,

Қаһарыңды жіберіп,

Тең құрбымнан кем еттің,

Мұндай зарлы, Ғали жоқ,

ісіне кѳндім құдіреттің!

60



П

етропавл, 1910.



61



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет