9. Практикалық сабақтардың жоспары
1 Практикалық сабақ
Тақырыбы: Сызба сызықтары
Сұрақтар
1. Сызба сызықтары дегеніміз не?
2. Сызба сызықтарының неше түрі бар?
3. Негізгі жуан және жіңішке тұтас сызық дегеніміз не?
4. Сызба сызықтарының қалыңдығы қалай анықталады?
5. Сызба қаріптерін дегеніміз не?
Тапсырмалар
1. МЕСТ 2.303-68 негіздерін оқып білу.
2. Берілген вариант бойынша қолмен сызықтар сызбасын А4
форматына орындап тапсыру.
2 Практикалық сабақ
Тақырыбы: Сызба қаріптері
Сұрақтар
1. Сызба қаріптерін дегеніміз не?
2. А типті сызба қаріптері дегеніміз не?
3. Б типті сызба қаріптері дегеніміз не?
4. Сызба қаріптерінің биіктіктері қалай анықталады?
5. Сызба қаріптері қандай көлбеулікте сызылады
Тапсырмалар
1. МЕСТ 2.304-81 негіздерін оқып білу.
2. Берілген вариант бойынша қолмен Б типті қаріптер
сызбасын А4 форматына орындап тапсыру.
Достарыңызбен бөлісу: |