X БӨ ЛІМ 14. Қосымша дереккөздерді пайдаланып, кестені толтырыңыз. 2017 ЖЫЛҒЫ НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫ КІМДЕРГЕ БЕРІЛДІ?
Бұл – 1968 жылы адамзат баласының
өзі өмір сүріп жатқан Жер шарын
түсірген тұңғыш суреті.
«Жердің шығуы» деп аталатын НАСА
агенттігінің аса маңызды суретін
ғарышкер Уильям Андерс түсірген.
Осы орайлы сәт «Аполлон-8» ғарыш
кемесінің Айға сапар жасаған кезінде
туған еді. Бұл сурет арқылы У. Андерс
адамзат баласына Жердің қандай
болатынын және оның қаншалықты
қымбат екенін алғашқы болып
жеткізді. Суретті түсірген кезде
У. Андерс: «Біз бұл сапарды сәтті аяқтадық. Ай туралы мәлімет алу үшін бәрін жасадық,
бірақ, ең бастысы, біз Жер деген планетаны аштық», – деген екен.
1970 жылы НАСА-ға Замбиялық монах әйел Мария Юкундадан хат келіп түседі. Хатта
ақшаның бәріне болмашы суреттер мен адамға пайдасы жоқ зерттеулер жасауды тоқтату
керектігі, ақшаның жердегі адамдар үшін, аш-жалаңаш қалғандар үшін қажет екені туралы
айтылады. Сол уақыттағы НАСА агенттігі Ғарышқа ұшу орталығының ғылым бөлімі
бойынша директор орынбасары Эрнст Штулингер хат иесіне аталмыш суретті қоса жібере
отырып: «Менің сізге салып отырған суретім – 1968 жылы «Аполлон-8» ғарыш кемесінің
Айға сапары кезінде түсірілген біздің Жеріміз. Ғарышты зерттеудегі көптеген тамаша
нәтижелердің ішінде бұл фотосурет ең маңыздысы болуы мүмкін. ... Біздің ғарыштық
бағдарламаларымыз арқылы не білгенімізді, менің ойымша, Альберт Швейцердің мына
сөзі толығымен растайды: «Мен болашаққа алаңдаймын, бірақ үмітпен қараймын», – деп
жауап береді.
(https://lionet.livejournal.com), (https://massaget.kz)