268
XII
БӨ
ЛІМ
2017 жылдың қорытындысы бойынша былтырғы
жылмен салыстырғанда негізгі көрсеткіштер жақсарды.
Жалпы өлім-жітім 3,1%-ға, нәрестелердің өлім-жітімі
6,2%-ға, аналардың өлім-жітімі 5,5%-ға, қан айналымы
жүйесінен өлім-жітім 1,8%-ға, қатерлі ісіктерден өлім-
жітім 5,3%-ға және туберкулезден өлім-жітім 11,8%-
ға төмендеді. Қазақстандықтардың жалпы өмір сүру
ұзақтығы 72,4 жасты құрады.
Өткен жылы аурудың алдын алу бойынша үлкен
жұмыс атқарылды. Орталық және өңірлік деңгейлерде
қоғамдық денсаулық қызметі құрылды. 3 мемлекеттік кәсіпорынды қосу жолымен Ұлттық
қоғамдық денсаулық орталығы құрылды. Ұлттық скринингтер бағдарламасы жетілдірілуде.
2017 жылы 11 миллионнан астам скринингтік тексеріс өткізілді. 806 мың адамда сырқат
белгісі табылды және олардың 46 пайызы диспансерлі бақылауға алынды. Халықаралық
сарапшылардың кеңесі бойынша, скринингтің төрт түрі тиімсіз болғандықтан тоқтатылды.
Алайда скринингтен өтетін адамдардың жасы ұлғайтылды және қаралудың жиілігі артты.
Тұрғындардың иммунопрофилактикамен қамтылуы 2017 жылы 97 пайызды құрады.
Салауатты тамақтану дағдыларын енгізу үшін оқушылардың тамақтану рационы бойынша
бірыңғай стандарттар әзірленді.
Отбасылық медицинаны күшейтумен қоса, халық пікіріне сәйкес, педиатриялық қызметті
дамыту шешімі қабылданды. Ол үшін алты жасқа дейінгі балаларды қарайтын педиатр
учаскелері ашылып жатыр.
(«Айқын» газеті)
Достарыңызбен бөлісу: