II БӨ ЛІМ АРТЫҚ БОЛМАС БІЛГЕНІҢ Қазақстандық Самал Еслямова 71-ші Канн кино-
фестивалінде үздік актриса атанды. Ол ресейлік режиссер
Сергей Дворцевойдың «Айка» фильмінде басты рөльді
сомдаған. Самал марапаттау кезінде ұлттық нақышта киініп,
сөзін қазақша бастады. Оның қазақ қызына тән ұяңдығына,
ана тіліне деген құрметіне тәнті болған ел жылы лебіздерін
аямады.
Самал 1984 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге
келген. 2011 жылы Ресей театр өнері университетінің
актерлік факультетін бітірген. Бұдан бөлек «Тюльпан»
фильміне түскен. Қазіргі уақытта Мәскеу қаласында тұрады.
Forbes журналының нұсқасы бойынша, Гүлжан
Молдажанова Ресейдің 20 ең үздік топ менеджерлерінің
қатарына кіреді. Алматыда туылып, білім алған Гүлжан
7 000 000 $ жалақы алады. Дәл қазір Мәскеуде қызмет
жасайды.
Алтынай Асылмұратова – Ваганова атындағы орыс балет
театрының көркемдік жетекшісі. Әсем қаламыз Алматыда
дүниеге келген. Санкт-Петербург қаласында тұрады, әрі сол
жерде қызмет жасайды. 80-90 жылдарда Мариинский опера
және балет театрының прима балеринасы болған.
1988 жылдан бері Чехияда тұратын елу төрт жас-
тағы Жәмила Стехликова қоғамдық-саяси қызметпен айна-
лысып, Жасылдар партиясына өткен, кейін сол елдегі адам
құқықтары және шағын ұлттар мәселесі жөніндегі министрі
болған.
(Massaget.kz)