III БӨ ЛІМ АРТЫҚ БОЛМАС БІЛГЕНІҢ «Тарих» сөзі – «зерттеу», «оқиғалар жайлы әңгіме» деген мағынаны білдіреді. Сонау ежелгі
дүниеде де тарихи әңгімелерді есіне сақтап, елге айтып отыратын адамдар болған. Қазақ
халқы оларды шежіре айтушылар немесе шежірешілер деп атаған. Ал «шежіре» сөзі – есте
сақтау, жадыдағы білім, рухани қазына дегенді білдіреді.
Жазба тарихтың негізін салған б.з.б. 484-425
жылдары өмір сүрген ежелгі грек тарихшысы
Геродот болып есептеледі. Ол алғаш «Тарих» атты
еңбек жазып, батыста «тарихтың атасы» деген
атпен белгілі болды.
Ал шығыста тарихтың атасы Сыма Цяньді атайды. Ол
б.з.б. 145-86 жылдары өмір сүріп, 130 тараудан тұратын
«Тарихи жазбаларды» қалдырды. Сыма Цянь б.з.б. 3-мың
жылдықтан бастап өз заманына дейінгі тарихты жазып
шықты.
Көне
замандардан
бастап
ортағасырлық
моңғол хандықтарына дейінгі тарихты жазып
қалдырған
тарихшылардың
бірі
Рашид
ад-Дин болды. Ол 1247-1318 жылдар аралығында өмір
сүріп, «Жамиғ-ат тауарих» кітабын жазды.