I теоретические основы логопедии


Өзін өзі тексеруген арналған сұрақтар мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет111/256
Дата26.01.2022
өлшемі5,47 Mb.
#24344
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   256
Байланысты:
Logopedia

Өзін өзі тексеруген арналған сұрақтар мен тапсырмалар 

1)  Тексеру кезеңдерін атаңыздар. 

2)  Анамнез жинау бағыттарын атаңыздар. 

3)  Сөйлеу функциясын тексеру әдістерін атаңыздар. 

 

Тұтықпаны түзетудің заманауи кешенді әдісі. 

 

     Тұтықпаны  түзетудің  қазіргі  замандағы  кешенді  тәсілдерінің  пайда 



болып  қалыптасуының  алдында  көптеген  әдіс  тәсілдерді  іздестірулер 

болған.  Тұтықпа  ілімінің  даму  тарихында  ондай  бірнеше  әдістер 

сипатталған: 

Терапевтикалық  әдістер  санау  ерте  заманнан  (Гиппократ,  Аристотель, 

Авиценна, Гален т.б) бері әр түрлі деңгейде қолданылып келеді.  

Хирургиялық 

әдістер 

тұтықпаны 

артикуляциялық 

аппараттың 

құрылымының  немесе  тілдің  бұлшықеттерінің  иннервациясының  бұзылу 

салдарынан  деген  түсініктің  нәтижесінде  пайда  болып,  I  ғасырдан  XIX 

ғасырдың ортасына дейін қолданылып келді. 

     Ортопедиялық 

мақсатпен 

механикалық 

бейімдеу 

құралдарын 

пайдалану  сонау  Демосфеннен  басталған.  Ол  өзінің  тұтықпасын  түзету 

мақсатымен  теңіз  тастарын  пайдаланған.  Итар  тілдің  шанышқы,  Кленке 

тілдің астына ағаштан доғаға ұқсас табақша т.б қолданған. 

     Психотерапиялық  ықпалды  жақтаушылар  тұтықпаның  ең  бастысы 

психологиялық  азап  шегу  деп  түсініп  түзету  тәсілдерін  тұтығушының 

психикасына ықпал етуге бағыттау қажет деп санайды. 

     Дидактикалық 

тәсілдер  біртіндеп  күрделенетін  әртүлі  сөздік 

жаттығуларды  қолдануды  көздейді  (Андрес,  Гутцман,  Итар,  Коэн, 

Куссмауль т.б). 

     Емдеу педагогикалық жүйені алғашқы рет И. А. Сикорский және оның 

шәкірті  И. К. Хмелевский қолданған. Көптеген ғалымдар мен тәжірибелі 

мамандар  бұрынғы  құрастырылған  әртүрлі  тәсілдердің  ең  тиімділерін 

алып,  оны  тұтықпаны  түзетудің  кешенді  тәсілдері  деп  анықтады.  В.  А. 

Гиляровский, Ф. А. Рау, Ю. А. Флоренская, Н. П. Тяпугин, М. Е. Хватцев, 

Н. А. Власова, В. С. Кочергина, М. С. Лебединский, С. С. Ляпидевский, В. 

И.  Селиверстов  өздерінің  зерттеулерімен,  тұтықпаны  түзетуде  кешенді 

емдік-педагогикалық  ықпал ету әдісін ары қарай дамытады. Тәжірибелік 

іс-әрекеттермен  тұтықпаны  түзетудің  кешенді  әдісін  дамытуға  зор  үлес 

қосады.  Қазіргі  замандағы  тұтықпаны    түзетудің  кешенді  әдісін 

тұтығушының  психофизиологиялық    жағдайына  әртүрлі  мамандардың 

және әртүрлі тәсілденрмен ықпал етуі деп түсінеді. 




 

218 


Емдеу-педагогикалық  кешенді  әдісті  тұтығушыға  ықпал  ету  сипатына 

қарай екіге бөлуге болады: емдеу-сауықтыру және түзету-педагогикалық.  



Емдеу-сауықтыру  жұмысының  негізгі  мақсатына  тұтығушының  жүйке 

жүйесі мен денсаулығын нығайту және  сауықтыру, психофизиологиялық 

жақтарының ауытқуларын жою және емдеу жатады. 

Емдеу-сауықтыру  жұмысына  емдеуге  тиімді  жағдай  жасау,  күн  тәртібі 

мен тамақтану тәртібін ұйымдастыру, шынықтыру, емдеу физкультурасы, 

дәрімен емдеу, физио- және психотерапия жатады. 

     Күн  тәртібі  мен  тамақтандыру  тәртібі.  Тұтықпа  балалардың 

көпшілігі  аурушаң,  әлсіз  келеді,  сондықтан  күн  тәртібін  анықтап, 

құрастыруда  дем  алуға  жеткілікті,  көп  уақыт  беруін,  сабақтан  тыс,  басқа 

да жұмыс мөлшерін азайту қажет. 

     Жүйке  жүйесін  сауықтыруда  ұйқының  маңызы  өте  зор.  Ұйқы  жүйке 

клеткаларын  әлсіреуден  сақтайды,  оларды  қоректі  заттармен  оттегімен 

қамтамасыз етеді. Күн тәртібінде мектепке дейінгі балалар он он бір сағат 

түнде,  күндіз  екі  сағат,  оқушылар  сегіз  тоғыз  сағат  түнде,  бір  жарым  екі 

сағат күндіз ұйықтауы қарастырылу қажет. 

     Балада  жаңадан  пайда  болған  рефлекстердің  тұрақтанып  бекуі  және 

организмдегі  барлық  биохимиялық  процестердің  өтуі  тамақтануға  тығыз 

байланысты 

болады. 

сондықтан 

тұтықпа 

баланың 


тамағын 

витаминизациялауға көп көңіл бөлу керек. 

    Шынықтыру  процедуралары.  Баланың  күн  тәртібінде  міндетті  түрде 

шынықтыру  процедуралары  қарастырылады:  таза  ауада  жүру,  спорттық 

ойындар  (шаңғы,  коньки  т.б),  сүртіну,  құйыну,  душ  қабылдау,  шомылу 

т.б.  баланың  денсаулығын,  жеке  тұлғалық  ерекшелігін  ескере  отырып 

шынықтыру түрлерін дәрігер тағайындайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет