Өз-өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. Мектеп жасындағы балалардың тұтықпасын түзету жұмысының
ерекшеліктері қандай?
2. Н. А. Чевелеваның әдістемесінің мазмұнын ашыңыздар?
3. А. В. Ястребованың әдістемесінің ерекшелігін атаңыздар?
4. Оқу процессінде оқушылардың тұтықпасын түзету логопедиялық жұмыс
жүйесі тақырыбына кесте толтыру.
Жасөспірімдер және ересек тұтығушылармен логопедиялық жұмыс.
Жасөспірімдер және ересек тұтығушылармен логопедиялық жұмыстың
ерекшеліктері туралы И. Ю. Абелева, Л. З. Андронова Л. П. Голубева, А. Я.
Евгенова, М. Н. Кисилева, А. И. Лубенская, Ю. Б. Некрасова, Н. Ф.
Синицина, М. В. Смирнова, М. Е. Хватцев, В. М. Шкловский т.б. жазған.
Жасөспірімдердің тұтықпасын емдеу стационары жағдайында түзету
әдістемесі профессор С. С. Ляпидевскийдің басшылығымен құрастырылған.
Логопедиялық жұмыс 6 кезеңнен тұрады: - Дайындық (2-3күн)
- Нұсқаушы
- Сөйлеуді барынша шектеу (10-14күн)
- Сөйлеу дағдыларын қайта қалыптастыру (3-4жұма)
- Дұрыс сөйлеу дағдыларын бекіту (3-4жұма)
- Қорытынды кезең (арнайы нұсқау беру)
Л. Я. Евгенова мен М. В. Смирнованың емхана жағдайына бағытталған
әдістемесі үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде (14сабақ) артикуляциалық және демалу жаттығулары, есеп
және фразалық жаттығулар, сұрақ-жауап, қысқа әңгіме айту, тақпақтар
жаттау қарастырылған.
Екінші кезең (12 сабақ) сөйлеу жаттығулары оқу, оқығанын айтып беру,
тақырып
бойынша
әңгімелеуден
тұрады.
Үшінші кезеңде (12 сабақ) тұтығушылармен келесі жұмыс түрлері
қолданады: кішірек баяндама дайындау, әдеби материалдармен жұмыс
(өлең, проза), драмматизация, экскурсия (жеке ,топпен), есеп беру.
230
И. Ю. Абелеваның, Л. П. Голубеваның, А. Я. Евгенованың, Н. Ф.
Синицинаның, М. В. Смирнованың әдістемелері бойынша логопедиялық
сабақтар демалу, дауыс шығару және артикуляциалық жаттығулардан
басталады.
Жұмыс әрі қарай келесі кезектілікпен жүргізіледі: дауысты, дауыссыз
дыбыстар, сол дыбыстардан басталатын сөздер мен сөйлемдер,тақпақ, мәтін,
мәтіннің мазмұнын айту, берілген тақырыпқа әңгіме құрау т.б.
Қазіргі кездегі әдебиетте М. И. Буянов, Б. З. Драпкин, Е. В. Багданова, Н. Б.
Жихирева т.б. құрастырған. Жасөспірімдердің тұтықпасын түзету жүйесі
берілген. Бұл жүйе негізгі үш бағыттан тұрады:
-
Психотерапиялық
-
Логопедиялық
-
Психологиялық
Бұл ықпал емдеу, сауықтыру шараларымен қатар жүргізіледі. Аталған
жүйеде психотерапияның барлық түрлері (тиімді, сугестивтік және еңбек
терапиясы).
Тиімді
психотерапияның
көмегімен
жасөспірімдерге
сөйлеу
ақаулығының себептерін түсіндіріп өзінің ақаулығына орынды көзқарасын
біртіндеп тәрбиелейді.
Сугестивтік терапия барысында (тұтығушының сергек жағдайында
өткізіледі) тұтықпадан толық айығуға болатынын, өзінін сөйлеуін, тәртібін,
эмоциалық жағдайын реттеуге болатынын түсіндіріп сендіреді.
Сугестивтік терапияның маңызды әдістемесінің біріне аутогендік
жаттығу болып табылады. Сонымен қатар түзету жұмысында ұжымдық
психотерапияның да маңызы зор.
Логопедиялық түзету жұмысының бірінші кезеңінде сөйлеу техникасын,
демалуын, дауыс шығаруын артикуляциясын қалыптастыру жұмыстары
жүргізіледі. Логопедиялық жұмыс психотерапиямен қатар жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |