Ұсынылған әдебиет
1. Логопедия. Л.С. Волкованың ред . М., 1989.
2. Өмірбекова Қ.Қ.,Серкебаев Қ. Логопедия. Алматы, 1996.
3. Белякова Л.И., Дьякова Е.А. Заикание. М., 1998
4. Селиверстов В.И. Заикание у детей. М., 2002
5. Чевелева Н.А. Исправление заикания у школьников в процессе обучения.
М., 1978.
6. Волкова Г.А. Игровая деятельность в устранении заикания у
дошкольников. М., 1983
11. БӨЛІМ. АЛАЛИЯ
Алалия – туылғанға дейін немесе бала дамуының ерте кезеңінде бас ми
қабығының сөйлеу аяларының органикалық зақымдану салдарынан болған
сөйлеу тілінің дамымауы немесе мүлдем жоқ болуы.
Алалия термині (грек тілінің а- жоқ мағына, lalio –сөйлеу, тіл) – аудармасы –
сөйлеу тілінің жоқтығы, бұл термин сөйлеу тілі бұзылыстарына арналған
әдебиеттерде бұрыннан бері беріліп келеді. «Алалия» терминінен басқа,
сөйлеу тілі бұзылысының бұл түрін белгілеу үшін (әсіресе медициналық
және шет елдік) басқа да көптеген терминдер қолданылады: туа біткен
афазия, дамудың афазиясы, онтогенетикалық афазия, дисфазия, сөйлеу тілі
дамуының тежелуі, сөйлеу тілінің конституциональды тежелуі, сөйлеу тілін
меңгерудің бұзылуы, ( мылқау- естімей сөйлей алмау) т.б. Статикалық
деректер бойынша алалия 0,1% тұрғындарда кездеседі. Мектеп жасына
дейінгі балаларда 1%, ал мектеп жасындағы балаларда - 0,6 - 0,2% кездеседі.
Ер балаларда қыздарға қарағанда алалия екі есе жиі кездеседі деген деректер
бар.
А.Куссмаульдың (1877) айтуы бойынша, бұрыңғы кездегі және ХІХ ғ. басына
дейін дәрігерлердің көбі сөйлеу тілінің жоқ болуының барлық түрін алалия
терминімен байланыстырып афониямен қатар айтып жүрді, алайда,
біртіндеп, ол түрлерді ажырата бастады. Бұл түрлердің арасындағы
айырмашылық туралы алғаш атағандардың бірі И.Франк болып табылады,
ол алалияны артикуляциялай алмау салдарынан болған мылқаулық ретінде
және оны магилалияға (артикуляциялаудығы қиындықтар салдарынан болған
238
дыбыс айту бұзылыстары) қарама қарсы етіп қарастырады. Алалияны да,
магилалияны да (орыс тіліне бұл сөз косноязычие деп аударылған) И.Франк
дислалияның деңгейі ретінде қарастырған. Ондай дислалияда дыбыс айту
бұзылысы артикуляциялық (артикуляторлық) қиындықтармен күрделенген
деген.
1830ж. Р.Шультесс алалияны (мылқаулықты) сөйлеу тілінің жеке бұзылысы
ретінде қарастырған, бірақ, И.Франк сияқты, оны артикуляциялық
бұзылыстармен байланыстыратын. Алалия, мүлдем артикуляциялай алмау
ретіндегі дислалияға қарама қарсы қойылып, кейіннен анартрия деп аталған.
А.Куссмаульдің топтастыруында артикуляциялаудың бұзылуын жалпы атау
үшін (дизартрия және дислалия, және де мәнерлеп сөйлеудің бұзылуы -
дисфазия) «лалопатия» түсінігі еңгізілді. Мүнда, А.Куссмауль, оған дейінгі
ғалымдар сияқты, алалияны артикуляциялық қиындықтармен байланысты
сөйлеу тілі бұзылыстарына жатқызып, anartria literalis (дыбыстарды
артикуляциялаудың жоқ болуы) термині сай деп есептеді. Сонымен,
алалияға А.Куссмауль дыбысты мүлдем айта алмауы тән сөйлеу тіл
бұзылыстарын жатқызды. Кейіннен, осы жағдайды белгілеу үшін басқа
артикуляторлы бұзылыстармен бірге «анартрия» термині қолданыла бастады.
А.Куссмауль мәнерлеп сөйлеудің ақауы сияқты бұзылыстарды атады. Оларға
грамматикалық формалармен синтаксистік айтуларыдың бұзылыстарын
жатқызды. Мұндай бұзылыстарды зерттеуші дисфазия деп атады.
ХІХ ғ. 60-шы жылдары Труссо «афазия» терминін ұсынды, ол бұрын Брока
қолданған «афемия» (сөйлеу қабілетін жоғалту) терминінінің орнын басты.
«Афазия»
термині медицинада бекіп, кеңінен таралды. Кейбір шет ел
авторлары (Orton,Travis) «алалия», немесе «афазия» түсініктерін
ересектердің сөйлеу қабілетінен айырылуынан балалардың сөйлеу тілінің
дамымау ерекшелігін ескеріп «балалық афазия», немесе «дамудың афазиясы»
деген жалпы терминімен белгілейді.
Фониатр Р.Коэн (1888) еңбектерінде «алалия» терминін артикуляциялық
бұзылыстармен байланысты емес мылқаулықты белгілеу үшін қолданылады.
Ол бұл бұзылысты
(естімеу сөйлей алмау) мылқау (есту қабілеті қалыпты
болған кездегі мылқаулықпен салыстырғандағы естімеу сөйлемеу, яғни есту
қабілеті жоқ болған жағдайдағы мылқаулық) немесе идиопатиялық алалия
(пайда болуы белгісіз сөйлеу мүмкіндігінің жоқтығы).
Әр түрлі авторлардың кейінгі еңбектерінде «алалия» және «афазия»
(«дисфазия») терминдері ұзақ уақытқа дейін жеткілікті деңгейде ажыратусыз
қолданылды. Тек ХХғ. 30-шы жылдарында ресейлік логопедияда «алалия»
мен «афазия» түсініктері тоығынан ажыратылады: алалия – сөйлеу тілінің
дамымауы, афазия – сөйлеу мүмкіндігінің тоқырауы жоғалуы деген. 50-60-
шы жылдары бұл ажырату бекіп, терминологиялық сөздердің саны көбейсе
де, бүгінгі күні зерттеушілердің көбі осы терминді қолданады.
Алалияны зерттеуге үлкен үлес қосқандар Г.Гутцман (1894), А.Либманн
(1900), М.В. Богданов-Березовский (1909), Э.Фрешельс (1931), ал кейінгі
кезде
М.Е.Хватцев,
Н.Н.Трауготт,
В.К.Орфинская,
Р.Е.Левина,
239
Б.М.Гриншпун,
Л.В.Мелехова,
Г.В.Мациевская,
Е.Ф.Соботович,
В.А.Ковшиков, С.Н. Шаховская, В.К.Воробьева және басқа зерттеушілер.
Әр
түрлі авторлардың еңбектерінде әр түрлі критерийлерді
(физиологиялық,
клиникалық,
психологиялық,
лингвистикалық,
психолингвистикалық т.б.) қолдану арқылы алалиядағы сөйлеу тілі
дамуының және ақаудың құрылымының ерекшеліктері айқындалған.
Алалияның бірнеше түрлері сипатталып, сөйлеу тілі дамымауының әр
түрлерінде логопедиялық әсер ету әдістемесі құрастырылған.
Қазіргі кезде алалияны зерттеудің барлық мәселесі ашыла қойған жоқ.
В.К.Орфинскаяның айтуы бойынша, қазіргі кезде өткен кезеңдермен
салыстырғанда, алалияны зерттеушілердің арасында ақауды түсінуде, оның
механизміне, түзету жолдарындағы негізгі қағидалы ұстанымдарына деген
жалпы көзқарастар келіспеушіктерге қарағанда көбірек.
Алалияның себептері
Алалияның пайда болу себептері жөнінде көп уақытқа дейін әр түрлі
пікірлер айтылды. Атап айтсақ, Р.Коэн (1888), А.Гутцман (1924), Э.Фрешельс
(1931), М.Зееман (1962) т.б., бұл бұзылыстың негізгі себебі туылғанға дейінгі
кезде және бала дамуының ерте кезеңіндегі қабыну және алиментарлы-
трофикалық ауысу патологиялары деп есептеген.
А.Трейтель
(1901) алалияны зейінмен есте сақтау қабілетінің
жеткіліксіздігінің салдары деп есептеген. А.Либман (1901) алалиядағы
сөйлеу тілінің жетілмеуін зияттың жеткіліксіздігімен байланыстырған.
А.Ивинг (1963) бұл балаларда бас миының зақымдануындағы сөйлеу тілінің
жеткіліксіздігінің басты белгісі ретінде сөздің моторлы бейнесінің жоқтығын
атап көрсеткен. М.Зееман (1962) сөйлеу тілі бас миындағы сөйлеу
орталықтарының (сөйлеу тілінің ми аялары) бұзылыстыры салдырынан
дамымайды деген. Р.Лухзингер (1970), М.Берри (1957), М.Б.Эйдинова (1961),
В.А.Ковшиков (1985) және басқалар алалияның пайда болуында туылған
кездегі нәрестелердің бас ми жарақаттары мен асфиксиясы негізгі рөлге ие
деген.
Туылған кездегі жарақаттар мен асфиксиялар туылғанға дейінгі
патологиялардың салдары болып табылады. Осылардың бәрі оттегінің
жетіспеуіне, тыныс алу орталығының функциясының төмендеуіне әкеп
соғады. Ең бірінші, бас миының филоонтогенетикалық жағынан жас, үшінші
қабығының клеткалары оттегі жетіспеуіне сезімтал болады. Бас миының
үшінші қабығының клеткалары ассоциациялық байланыстардың күрделі
жүйесінің басы болып, адамның жоғарғы қабықша функцияларының, ең
алдымен – сөз және психикасының қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Этиологиялық факторлар ішінде іште жатқан кездегі энцефалиттер,
менингиттер, дамудың жағымсыз жағдайлары, құрсақтағы нәрестенің
интоксикациялары, туа біткен себептер, іштегі және ерте жастағы нәресте
миының жарақаттары, ерте жастағы аурулардың бас миына тигізген әсері.
Іште жатқандағы патология бас миының диффузды зақымдануына әкеп
соғады, ал туылған кездегі ми жарақаттары мен асфиксия өте шоғырланған
240
бұзылыстарға себепші болады. Бас миының әртүрлі аяларының
зақымданулары сөз және сөзсіз функциональды жүйелердің дамуын бұзады.
Е.М.Мастюкова (1981), алалияны нейроонтогенез тұрғысынан сипаттай
келе, пренатальды және ерте постнатальды кезеңде кез келген зиянды
фактордың әсерінен, бас миының қабығы әлі де қалыптасу деңгейінде
болғанда, шоғырланған ақауды белгілеу өте қиын деген. Себебі зақым
көбірек таралған немесе диффузды сипатта болады деген. Бұл жағдайда
балада ММД - минимальды ми дисфункциясы байқалады.
С.А.Корсаков пен Н.И. Красногорскийдің байқауынша, алалия орталық
жүйке жүйесінің әлсіздігінен, ең алдымен гипотрофияға себепші болатын
соматикалық аурулардың салдарынан болады. Ю.А. Флоренская алалияның
патогенезінде рахит, ерте жаста тамақтану мен ұйқының бұзылуы, тыныс
мүшелерінің жиі ауырулары орын алады деген. Бұл пікірмен барлық
авторлар келісе бермейді. Соматикалық ауырулар негізгі емес болып
табылатын, тек неврологиялық сипаттағы патологиялық процестердің әсерін
асқындыратын болуы керек.
Кейбір авторлар (Р.Коэн, 1888; М.Зееман, 1961; Р.Лухзингер, А.Салей,
1977 және басқалары) алалияның этиологиясындағы тұқым қуалаушылық,
отбасының бейімділігін атайды. Алайда, олардың ролі туралы дәлел болатын
ғылыми ақпараттар әдебиеттерде көрсетілмеген. Кейінгі жылдары
алалияның пайда болуында минимальді ми клеткаларының зақымдануының
(минимальді ми дисфункциясы) ерекше ролі туралы айтылады. Көбінде
алалиясы бар бала анамнезінде бір емес, бірнеше патологиялық
факторлардың кешені байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |