256
Психологиялық концепцияларға сәйкес, моторлы алалияның механизмін
психикалық процестердің (ойлауы, есте сақтауы) бұзылыстары және сөйлеу
әрекетінің жеке кезеңдерінің байланыстары құрайды.
И. Т. Власенко, В. В. Юртайкиннің (1981) айтуы бойынша, мұндай
балалардың сөйлеу әрекетін құрайтын құрылымдық компоненттер арасында
диссоциация айқындалады: біреулерінде операция жасау мүмкіндіктері
сақтаулы болғанда мақсатты нұсқаулардың қалыптаспауы байқалса,
екіншілерінде — тұрақты мотивация болғанда әрекеттің операция жасау
аясында кемшіліктер байқалады. Орындау әрекетін қадағалау аясы да
жетілмейді; нәтижелерді бастапқы жағдайлармен салыстыру да мүмкін
болмайды.
Заманауи психолингвистикалық көзқарас мына авторлардың тіл туралы
концепцияларында орын алды: Е. Ф. Соботович, В. А. Ковшиков, Б. М.
Гриншпун, В. К. Воробьева т.б.
В. А. Ковшиковтың (1985) ойы бойынша, алалияның бұл түрінде
бұзылыстың ядросы тіл операцияларының (лексикалық, грамматикалық,
фонетикалық) қалыптаспауы болып табылады. Бұл кезде тілдің мағынасы
мен моторлы деңгейі сақталған болады. Осының бәрі алалияны тіл бұзылысы
ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Моторлы алалияда ішкі (терең
синтаксистік құрылымдардың бағдарламалауының бұзылуы) сөздерді, сөз
тіркестерін іріктеудің қалыптаспауымен, фраза, мәтінді құрастыру бойынша
сөздік іс-әрекеттердің қалыптаспауы қатар кездесуі мүмкін.
Е. Ф. Соботович (1985) моторлы алалияның негізгі симптомы деп, тілдің
белгілі (знаковая) формасын, яғни сөйлеген кездегі белгілерді қолдануды
меңгеру ережелерінің бұзылысын есептейді. Балаларда сөз материалын
бағдарлау, іріктеу, талдау операциялары қалыптаспайды; қисындыру және
іріктеу операциялары қалыптаспайды, соның салдарынан әңгімелеудің тілдік
өңделуі бұзылады. Лексика-грамматикалық құрылымның барлық аспектілері
(сөздерді іріктеп оларды дұрыс орналастыру, әңгімелеудің грамматикалық
белгісі мен дыбыстық өңделуі) бұзылады. Осының бәрі, тілдің белгілерін
дұрыс қабылдауын қамтамасыз ететін, психофизиологиялық механизмдердің
қалыптаспауы деп сипатталуы мүмкін.
Алалиясы бар баланың тіл белгілері жүйесін, әр түрлі деңгейдегі тіл
құралдарын меңгеруі шектелген. Әңгімелеудің пайда болу, өңдеу,
операциялары қалыптаспаған болып келеді, атап айтқанда, фонемаларды
іріктеумен қатар буын ішіндегі және буын арасындағы (яғни, артикуляторлы
бағдарлау бұзылады), терең-синтаксистік және терең-семантикалық
деңгейлерді іске асыратын, яғни ішкі сөйлеу тілі деңгейі операциялары
бұзылады.
Нейрофизиологиялық сипаттағы еңбектерде бас миы субстраты
бұзылыстарының сөйлеу тілі дамымауы сипатымен байланысы талданады.
Психологиялық және лингвистикалық аядағы еңбектерде сөйлеу тілі
бұзылыстарымен жалпы психологиялық функциялардың бұзылыстары
арақатынастары, сонымен қатар бұзылыстың белгілерінің құрылымындағы
257
сөйлеу әрекетінің жағдайы талданады. Алалия туралы көзқарастардың
әртүрлілігіне байланысты бір құбылыстар әр түрлі түсіндіріледі.
МОТОРЛЫ АЛАЛИЯНЫҢ СИМПТОМАТИКАСЫ
Достарыңызбен бөлісу: